Абжанова сокращенная indd


Ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын жұмыскерлердің



Pdf көрінісі
бет94/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151
Ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын жұмыскерлердің 
тамақтануы
Қазіргі кезде еңбек негізгі екі түрге ажыратылады: физикалық 
және ақыл-ой. кейбір ғалымдар сонымен бірге жүйкелік-психикалық 
еңбекті бөледі. ақыл-ой және жүйкелік-психикалық еңбектерді– инте-
лектуалды деп атайды.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің тамақтануын ұйымдас-
тырғанда, адамның денсаулығына әсер ететін факторларды ескеру 
керек: 
1) үлкен жүйкелік-психикалық және эмоциялық күш;
2) төмен бұлшық еттік қызмет (гипокинезия); 
3) моторлық-висцералды рефлекстің жеткіліксіздігі;
4) дәрумен жетіспеушілігінің жасырын түрі;
5) клеткаішілік тотығу үдерісінің күшеюі (мембраналы липидтердің 
пероксидациясы);
6) эндогенді улану.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің тамақтануының басты 
принципі тамақта шамалылықты сақтау болып табылады. бұлшық 
ет жүйелерінің күштердің әсерінен әлсіреуі энергия алмасуды 
төмендетеді, килокалориялық құндылық ерлерде 2500-2900 және 
әйелдерде 2100-2500-ге дейін төмен. Отырып жұмыс істегенде 
гипокинетикалық жағдай қалыптасуы мүмкін және оның салдарынан 
майлар алмасуының бұзылуы болады, дене салмағы жоғарылайды. 


205
жоғары жүйкелік-психикалық, эмоциялық күштер және дәрумен-
дер жетіспеушілігінің жасырын түрі болуы мүмкіндігіне байланы-
сты организмді ауыстырылмайтын биологиялық белсенді тамақтық 
заттармен қамтамасыз ету және тамақтану рационының ұтымды 
принциптерінің маңыздылығы артады. тамақтану рационының 
ұтымдылығы бас миының үлкен жарты шарларында қозу мен тежелу 
үдерістерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Құрамында жеңіл 
сіңірілетін көмірсулар (қант, кондитерлік өнімдер), қуырылған, ет 
өнімдері және басқа да тағамдар бар тамақ жүйкелік-психикалық 
және эмоциялық қозуды жоғарылатады, ал жемістер, көкөністер, жеке 
ұнынан дайындалған нандар, сүт және қышқылды сүт, пісірілген 
еттер оны төмендетеді.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің маңызды тамақтану 
принципі – тағам рационын антисклеротикалық бағыттау. ғылыми-
техникалық төңкерісі жүрек-тамыр жүйесінің ауруларының лезде 
көтерілуіне әкелді. жүрек-тамыр жүйесінің аурулары дамуының доми-
нантты фонын қолайсыз факторлардың кешені атқарады (алиментарлы 
дисбаланс, тұрақты жүйкелік күш, жиі теріс эмоция, аз қозғалысты 
өмір жағдайы ж.т.б.). холестерин алмасуының бұзылуы – атеросклероз 
және миокард инфарктісінің пайда болуына ықпал жасайтын әсердің 
бірі болып табылады. 
атеросклероздың дамуына тек жануар текті майларға байланысты 
тамақ қана әсер етпейді, және құндылық мөлшерінің артықшылығы, 
сонымен қатар тамақтағы жай қанттың көп болуы ықпал жасайды. 
балық, еттердің майлы емес сорттары, ірімшік, сүт және қышқыл 
сүт сусындары, өсімдік майлары, жемістер, көкөністер, жоғары сорт 
нандары – интеллектуалды еңбек адамдары тамақтануының тағамдар 
жиынтығының негізі. тәулігіне 4-5 рет аз мөлшерімен тамақтану 
керек.
Диетаның антиоксидантты бағытын сақтау интеллектуалды еңбек 
адамдарының тамақтануының принциптерінің бірі болып табылады. 
пероксидация (мембраналы клеткалар құрылымы липидтерінің 
мөлшерден тыс тотығуы) кезінде клеткалардың функциясы бұзылады. 
ақыл-ой еңбек адамдарының тамақтануының келесі принципі 
организмнің эндогенді улануының профилактикасына негізделген. 
Эндогенді уланудың(аутоинтоксикация) алдын алу шаралары 
рационға тамақтық талшықтарды енгізуді дұрыс сәйкестендіруден 
және ас қорыту жолдарының қозғалыс белсенділігін нормалаудан 


206
 
 

тұрады. Осы мақсатпен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді артық 
қабылдау пайдалы. 
тамақтық заттардың қажетті физиологиялық нормаларын анықтау 
және жүргізу еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың тамақтану 
құрылымын іске асырудағы маңызды бөлім болып табылады.
тамақтану нормасы көптеген өзгерістерге ұшырап, адам 
организмінде энергия мен тамақтық заттар метаболизмінің әртүрлі 
жақтарына көзқарастар құрылды. бұдан басқа нормаларды қарастыру 
өндірістің дамуындағы өзгерістерге, еңбектің өзгергіш жағдайына, 
тұрғындардың энергия мен тамақтық заттар қажеттіліктеріне әсер 
ететін өзгерістерге негізделген.
Қазіргі кезде адамдардың тамақты қажет етуі туралы ғылым био-
логия мен медицина салаларындағы зерттеу негіздері нәтижесіне 
жататын теңгерімді тамақтану тұжырымдамасында орын алады.
Қазіргі, 1991 жылы қабылданған тамақтану нормалары 
тұрғындардың әртүрлі контингенттері үшін энергия мен тамақтық 
заттардың негізгі қабылдау көлемінің арнайы ұсынысы болып табы-
лады. Олар төмендегілерді береді: 
1. тамақтық азық-түліктерді қабылдау және өндірісте жоспарлау 
үшін ғылыми база.
2. нақты тамақтануды бағалау үшін көрсеткіші ретінде қызмет 
ету.
3. тамақтану саласында мамандарды дайындау бағдарламаларын 
өңдегенде;
4. Ұтымды тамақтануды құруда қажетті негіздер болып табылады;
нормада ұсынылған қабылдау мөлшері тұрғындардың әртүрлі 
топтарының белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минерал-
дар алмасуын қазіргі ғылыми мәліметтерге негіздеу болып табылады.
балалар тамақтануының негізгі тұжырымдамаларына негізделген, 
қабылдау нормалары ұтымды тамақтанудың келесі принциптерін 
қамтамасыз етуді ұсынады:
1. ересек адамдардың тағам рационының құндылығы организмнің 
энергия шығынына сәйкес келуі керек.
2. негізгі тамақтық заттардың – белоктар, майлар, көмірсулардың 
қабылдау мөлшері олардың физиологиялық қажетті қатынас 
шегінде болуы қажет.
3. Рационда белок жеткілікті мөлшерде болғанда, ауыстырылмай-
тын амин қышқылдарының көздері – жануар текті белоктардың 
физиологиялық қажетті мөлшері қамтамасыз етілуге тиіс.


207
4. майларды қабылдау нормалары көпқанықпаған және май 
қышқылдарының физиологиялық арақатынасын қамтамасыз 
етуге тиіс.
5. Дәрумендердің қабылданған мөлшері организнің оңтайлы 
қажеттілігін жабуы қажет. бұл жағдайда дәрумендік қажеттілік 
табиғи тағам құрамында болу арқылы сапалы қанағаттандыры-
луы керек.
6. Рационда негізгі минералды заттардың құрамы олардың 
физиологиялық қажеттіліктерімен сәйкес келуі керек.
тамақтың физиологиялық нормаларының ұсынылған қабылдау 
мөлшері тұрғындардың жеке топтарының қажеттілігін негізгі 
тамақтық заттармен және энергиямен айқындалатын орташа шама 
болып табылады. Ұсынылған энергияның нормадағы мөлшері әр 
бөлінген топтағы адамдардың орташа қабылдауын көрсетеді, басқа 
іздеу үшін ұсынылған нормалар осы топтардағы барлық адамдардың 
жеке қажеттіліктерінің ауытқу шегін қамтамасыз етуі қажет. жеке 
қажеттіліктерді анықтау кезінде адамның бойы, салмағы, жасы, 
тұрмыстық және еңбек ерекшеліктері ескеріледі. 
еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың әртүрлі топтарында 
тамақтану үшін энергия мен тамақтық заттар қажеттілігін анықтаған 
кезде, еңбек қызметкерлерінің ерекшеліктеріне байланысты энергия 
шығынының өзгешеліктері маңызды.
норманы 1982 жылдан бастап 1991 жылға дейін өндірісте және 
ауыл шаруашылығында адамдардың энергия шығынына әкелетін 
автоматтандыру мен механикаландыруды жоғарылатуға байланысты 
еңбектің сипаты ерекше өзгерді, сонымен қоса еңбек механизмдері 
мен тұрмыстың ұйымдастырылуына жеткен деңгейі еңбек ауырлығы 
және физикалық күшті толығымен жоюды қамтамасыз ете алмайды. 
сондықтан жаңа нормада 18-63 жастар аралығындағы адамдар үшін 
физиологиялық қажеттілік бес топ бойынша берілген (ерлер үшін бес 
топ және әйелдер үшін төрт топ):
I топ – ақыл-ой жұмысы басым еңбек жұмыскерлері;
II топ – жеңіл физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер;
III топ – орташа ауырлықтағы еңбек жұмыскерлері;
IV топ – ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер;
V топ – өте ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер.
әр топ үш: 18-29, 30-39, 40-59 жас санатына ажыратылады. 
Осы бөлінулерге сәйкес қажеттілік мөлшері де анықталады, дене 
салмағына және зат алмасу үдерістерінің аз қарқындылығы ағымына 


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет