Абжанова сокращенная indd


Қоршаған ортаның негізгі факторлары және олардың адам



Pdf көрінісі
бет102/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151
Қоршаған ортаның негізгі факторлары және олардың адам 
денсаулығына әсер етуі
Қоршаған орта және оның химиялық элементтермен ластануы
адам денсаулығы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік 
саясатты айқындайтын факторлардың бірі болып табылады. адам 
денсаулығы халінің нашарлауын алдын алу барлық гигиеналық және 
табиғат қорғау іс-шараларының басым бағыты болды. гигиеналық 
іс-шаралардың көбі, соның ішінде қоршаған орта факторларының әсер 
етуін гигиеналық нормалау – зиянды факторды толық жоюды немесе 
оның әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуді қарастырады.
Қоршаған орта факторлары адам денсаулығының жай-күйін күрделі 
және әртүрлі бағытты әсер ете алады. Өзінің тегі жағынан, олар 
химиялық, физикалық (шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, жылу, 
иондаушы және басқа сәулеленулер), биологиялық (бактериялық, 
паразитарлық, вирустық және басқалары), сонымен қатар әлеуметтік 
(өмір салты, өндіріс пен тұрмыс жағдайлары) болып бөлінеді.
Адамның өмір сүретін ортасы
– бұл адамның тіршілік әрекеті мен 
қызметінің жағдайларын айқындайтын қоршаған орта нысандарының, 
құбылыстарының және факторларының жиынтығы. адамның өмір 
сүретін ортасының негізгі факторларына атмосфералық ауа, су және 
топырақ жатады. Ю.п.лисициннің (1987) мәліметтері бойынша 
қоршаған орта адам денсаулығының жай-күйін 17-20% әсер етеді. ірі 
қалаларда халық денсаулығының жай-күйін нақты салмақты 30,2% 
әлеуметтік факторлар мен өмір салты, биологиялық факторлар – 
11%, қалалық және тұрғын үйішілік орта – 16,5%, өндірістік орта – 


227
18,5% себепкер. аҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 
мағлұматтары бойынша, қоршаған орта факторлары қатерлі ісік ауру-
лары дамуының жартысынан көп жағдайларында басты рөл атқарады. 
заманауи гигиеналық ғылым профилактикалық іс-шараларды 
негіздеген кезде адам ауруларының этиологиясындағы қоршаған орта 
факторларының бастапқы рөлі туралы ұғымға сүйенеді. 
Қоршаған ортаның күйін мониторингілеу кезінде қоршаған орта-
ның химиялық құрамын регламенттейтін гигиеналық нормавтивтер, 
сонымен қатар физикалық құраушы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет