182
тұрмайды. ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі
биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға
болады. балаларда мұндай уақытқа байланысты болатын белсенділік
онша білінбейді. бірақ олардың функционалдық көрсеткіштері тәулік
ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда
жоғарылайтыны анықталды. сондықтан кейбір авторлар балалар
арасында акрофазаның (белсенділік кезеңдері) үш: таңертеңгі, кешкі
және аритмиялық түрін бөліп қарауды ұсынады (бұл шартты түрде
алынған).
балалардың биологиялық ырғағы арасында, ең жақсы үйлесімділік
болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау
хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.
гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде
балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатын-
дары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек
және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. бұндай
жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі
биологиялық үдерістерді бұзады және сонымен бірге әртүрлі
ауытқулардың дамуларға әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: