183
емдік тамақтану ауру адамды емдеу мақсатында белгіленеді. емдік
диета адам организміне әртүрлі әсер етеді. Ол заталмасу бұзылғанда,
кейбір асқазан-ішек, бүйрек ауруларын емдейтін жалғыз ем болып
табылады. жүрек-тамыр жүйесі, нерв жүйесі, тері т.б. ауруларында
емдік тамақтанумен қатар, емнің басқа да (медикаментоз, хирургия,
физиотерапевтік) әдістерін белгілейді
емдік тамақтану аурудың түріне және деңгейіне байланысты және
оны дәрігер диета түрінде белгілейді.
Диета – ауру адамның тамақтануының емдік рационы. бұл
жүйеде 15 түрлі негізгі диета бар. № 1, 2, 5, 9, 10, 15 диеталар кало-
риясы және химиялық құрамы бойынша алдын алужәне тағамдық
заттарға деген қажетсінуді толығымен қамтамасыз етеді. сондықтан
оларды науқастар ұзақ уақыт пайдалана береді. № 4, 5а, 8 және т.б.
диеталар алдын алу рацион және ұзақ мерзімге пайдаланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: