Абжанова сокращенная indd


Спортшылар тамақтануының гигиеналық принциптері



Pdf көрінісі
бет110/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Спортшылар тамақтануының гигиеналық принциптері
біздің  елімізде  дене  шынықтыру  мен  спорт  халықтың  байлығы 
болып  саналады.  Осыған  орай  соңғы  жылдары  спортпен  шұғыл-
данатын адамдардың саны күрт өсуде. 
Спортшылардың тамақтануы рационының сандық құрамы
бұлшық  ет  жұмысы  кезіндегі  зат  пен  энергия  алмасу  зерттеулері 
физиологиясы  мен  гигиенасы  үшін  үлкен  қызығушылық  туғызады. 
Олар  ағзадағы  зат  алмасу  үдерістерінің  қарқындылығы,  әсіресе 
бұлшық  ет  жұмысының  энергиямен  қамтамасыз  етілуі  туралы 
мәлімет  береді.  Энергия  жұмсау  мөлшерлері  ағзаның  функцио-
налды  жағдайының  объективті  көрсеткіші  болып  табылады  және 
физикалық  жүктемелердің  ауыртпалығын,  жұмыстан  кейін  күштің 
қайта  келуін,  физикалық  жүктемелерді  қайталау,  спортшылардың 
шынығуын  және  т.б  анықтауға  іздеу  бола  алады.  сонымен  қатар 
энергия  алмасу  мәліметтері  ұтымды  тамақтануды  ұйымдастыру 
үшін  тамақ  рационының  құндылығын  анықтау  үшін  өте  қажет. 
спортшылардың  тамақтану  сипаты  олардың  жүктемелерін  әртүрлі 
түрлерімен  қарқындылықтарының  дәрежелері  кезіндегі  зат  алмасу 
ерекшеліктерімен анықталады. 
спорттық  әрекеттердің  алуан  түрлеріне  қарамастан,  зат  алмасу-
ында  сипатты  өзгерістер  пайда  болатын  спорттық  әрекеттің  негізгі 
кешендерін  бөліп  қарауға  болады.  зат  алмасуды  спорттық  әрекеттің 
үш  бағытында:  қысқа  мерзімді  физикалық  жүктемелерде,  орташа 
мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  жүктемелер  кезінде  зерттеу  дұрыс 
болады.
Осыған  сәйкес  спорт  түріне  және  физикалық  жүктемелердің 
қарқындылығына  байланысты  спортшыларда  зат  алмасудың  негізгі 
үш типі ажыратылады.  
зат  алмасудың  бірінші  типі  үлкен  физикалық  жүктемелер 
кезінде  кездеседі.  бұнда  энергетикалық  мақсаттар  үшін  ішкі  жұмсақ 
қоспалар  шығыны  күшейеді,  сонымен  бірге  энергияның  бұлшық  ет 
ішілік  көздерінің  (фосфокреатин,  гликоген)  жұмсалуы  жоғарылайды. 
ақуыздық  алмасуды  претеонетикалық  үрдістер  синтетикалық 


192
 
 
                                                                                          
үрдістерден басым болады. бұл кезде жұмсақ мақсаттар үшін бұлшық 
ет  адиназинтрифосфатының  пайдаланылуы  шектеледі.  Ол,  негізінен, 
энергетикалық  мақсатта  қолданылып,  бұлшық  еттердің  қарқынды 
жұмысын  қамтамасыз  етеді.  сонымен  қатар  жұмыс  гепоксиясының 
пайда  болуы  мен  оттектік  қажеттіліктің  өсуіне  байланысты  болатын 
гликолитикалық  үрдістердің  жоғары  қарқындылығы  көрсетіледі.  сол 
сияқты, толық қарқынды спорттың жүктеме кезінде метаболитикалық 
үрдістердің сипатында өзгерістер айқындалады. 
екінші  тип  орташа  жүктемелерге  тән.  бұлшық  етте,  қанда  және 
Ожж-дегі  биохимиялық  көрсеткіштер  мен  олардың  арақатынастары, 
негізінен,  қалыпқа  келеді,  көп  мөлшерде  бұлшық  еттен  тыс  энергия 
көздері қолданылады, гликолис үрдістері аэробты тотығу үрдістерімен 
ығыстырылады  және  метаболизм  үрдістері  жалпы  алғанда,  тұрақты 
сипатта болады. сонымен бірге әртүрлі дәрежедегі оттекті қарыздану 
да болуы мүмкін. 
зат  алмасудың  үшінші  типі  ұзақ  уақытты  орташа  және  біркелкі 
қарқынды  физикалық  жүктемелер  кезінде  пайда  болады.  бұл  кезде 
метаболиттік үрдістердің тұрақты күйдің екінші реттік бұзылулары – 
гликолиздің  күшеюі,  жұмыстық  глипоксияның  пайда  болуы, 
оттектік  қазырдың  түзілуі  т.б  жүреді.  зат  алмасудың  бұндай  типіне 
қалыпқа  келуі  ұзақтығы  тән.  зат  алмасудың  жоғары  қарқыны  және 
оттегі  жұмсалуының  жоғары  болуы  екі  тәулікке  дейін  сақталады. 
спорттық  әрекеттің  негізгі  түрлеріне  тән  зат  алмасулардың  аталған 
ерекшеліктері  спортшылардың  тамақтануына  қойылатын  талаптарды 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  сандық  қатынаста  спортшылардың 
тамақтануы  жеткілікті,  әрі  ағзаның  энергетикалық  және  жұмсақ 
шығындарын толықтай толтыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет