Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет111/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Спортшылардың тамақтану рационының сапалық құрамы
тамақтың сапалы құрылымы машықтанатын спортшылар үшін аса 
маңызды болып келеді. Олардың тамақтанулары өзгеше, зат алмасудың 
өтуіне байланысты ерекшеліктерге ие. тамақтану сипаты организмнің 
құрылымына,  қаңқалық  бұлшық  еттер  ерекшеліктеріне,  май  мен 
судың  артықшылықтарының  жойылуына  әкеледі.  зерттеушілердің  
мәліметтері  негізінде  белгілі  тамақ  рационының  спорттық  еңбекке 
қабілеттілікке  әсерін  тигізетінін  және  сонымен  қатар  физикалық 
жүктемелерден  кейін  қалпына  келу  спорттық  жетістіктердің  жоғары-
лауына әкелетінін анықтады.


193
белгілі тамақтану рационы ас қорыту үрдістеріне әсер етіп, ағзадағы 
физиологиялық  үрдістерді  керек  жаққа  бағыттап,  психологиялық 
әрекеттің  дамуына,  еңбекке  қабілеттілігін  жоғарылатып,  сыртқы 
ортаның  жағымсыз  әсерлеріне  тұрақтылықты  сақтауға  мүмкіндік 
береді.  Осының  өзінде  тамақта  тек  белгілі  тағамдық  заттар  болуын 
ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  арасындағы  сандық  арақатынасты 
да  қадағалау  керек,  басқаша  айтқанда,  сапалы  теңестірілген  диета 
сақтау керек.
соңғы жылдардағы зерттеулер ақуыз, майлар және көмірсулардың 
спортшылар  тағамдарындағы  рөлін  анықтауда,  олардың  арасындағы 
арақатынас 1:0,8:4 тең, қалыптасқан май бөлігінен төмен болуы керек. 
бұл  физикалық  жаттығуларды  орындағандағы  ерекшеліктерімен 
түсіндіріледі,  яғни  оттегінің  нақты  тұтынылуы  ағзаның  оған  деген 
қажеттілігінен төмен болып келеді. Осындай жағдайда энергетикалық 
материал  ретінде  көмірсулар,  ал  майлар  көмірсудың  аз  болуында 
тотығулары  нашар  жүреді  де,  ағзадағы  керексіз  толық  тотықпаған 
азық-түліктермен толтырады (кетондық денелер).
Спортшылардың тамақтануындағы ақуыздардың рөлі
ақуызға  деген  қажеттіліктің  жоғары  болуы  бұлшық  еттің  даму-
ымен,  жоғалған  азотты  заттардың  орнын  толтыру  және  жұмыс 
уақытының  артуының  әсерінен  сыртқы  ортаның  температурасы 
жоғарылаған  кездегі  Ожж-ны  қоздыру  және  қимыл  белсенділігі 
артуына  байланысты  жаттығулардан  кейін,  қалпына  келу  кезінде 
репарациялық  анаболикалық  үрдістердің  жайылған  кезде  ағза  ең 
алдымен  ақуыз  ұлпалары  мен  жоғары  белсенді  ақуыз-ферменттерді 
құратын  жұмсақ  материалды  қажетсінеді,  спортшылар  тыныққан 
сәтте ақуыздар биохимиялық реституцияларды тездету үшін маңызды 
рөл атқарады.
ақуыздардың  жалпы  санының  55-60%-ы  жануарлар  ақуызының 
үлесіне  тиеді,  бұл  амин  қышқылдарының  толық  құрамына  сәйкес. 
Олар, негізінен, ет, балық, жұмыртқа, ірімшік сияқты тағамдарда көп 
болады. Құрамында метионин амин қышқылы бар ірімшіктің маңызы 
зор.  Ол  ағзадағы  холинді  синтездеуде  қолданылады,  сонымен  қатар 
май алмасу (семіздік т.б) үрдісі бұзылуының алдын алады. бұл спорт-
шылар үшін өте маңызды.
Өсімдік  ақуыздарының  ішінде  жоғары  бағаланатыны:  соя 
ақуыздары,  үрмебұршақ,  картоп  және  күріш  те  бағалығы  жағынан 
салыстырмалы түрде ақуыздардың қайнар көзі болып есептеледі.


194
 
 
                                                                                          
жануар  ақуыздарының  ішінде  креатининнің  түзілуіне  қатысатын 
желатин  ақуызын  атауға  болады,  ол  фосфор  қышқылымен  қосылып, 
бұлшық ет қызметінде энергияның негізгі көзі болады. сонымен қатар 
желатин  дене  ұлпаларында  ақуыздарды  бұзылудан  сақтайды.  Оны 
сілікпе, зеле түрінде пайдаланады.
Қарапайым түрде тез есептеу үшін мынаны білген жөн. 10 г ақуыз 
мына тағамдардың құрамында болады: 40 г – қатты ірімшікте; 45 г – 
бұршақта;  50  г  –  сиыр  және  тауық  етінде;  55  г  –  ставрида  және 
скумбрияда;  60  г  –  треска,  хек,  карпта;  70  г  –  шошқа  етінде,  майлы 
ірімшікте;  85  г  –  піскен  шұжықта;  125  г  –  бидай  нанында;  140  г  – 
күріште; 350 г – сүт, қаймақ, қою айранда; 700 г – сәбізде, қызылшада; 
2,5 кг – алма-алмұртта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет