Абжанова сокращенная indd


Жердің  бас  жобасы  мен  аумағына  қойылатын  гигиеналық



Pdf көрінісі
бет189/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Жердің  бас  жобасы  мен  аумағына  қойылатын  гигиеналық 
талаптар.  Қнме  талаптарына  байланысты  қоғамдық  тамақтандыру 
кәсіпорындары  қоғамдық  және  сауда  орталықтарымен  қатар,  жеке 
тұрған  ғимаратта  немесе  арнайы  ғимараттар  мен  құрылыстарда 
орналасуы  мүмкін.  гигиеналық  талаптарға  байланысты  жеке  тұрған 
ғимаратта орналасуы оңтайлы болып табылады.
Орналастыру жерін таңдаған кезде, өнеркәсіптік және коммуналдық 
нысандардың  жақын  орналасуына  мән  беріледі,  себебі  олар 
ластанудың  көзі  болуы  мүмкін.  кәсіпорынды  орналастырғанда,  жел 
бағытын  ескеру  керек:  жер  өнеркәсіптік  нысандарға,  сантехникалық 
және  коммуналдық  құрылыстарға  қатысты  жел  соғатын  жақта  орна-
ласуы керек. 
жер  топырағының  санитарлық  жағдайы  маңызды  гигиеналық 
талаптардың  бірі  болып  табылады.  Қажетті  жер  атмосфералық 
сулардың  жиналуына  әсер  ететін  рельефтермен,  сыртқы  және 
атмосфералық сулармен суланып, батпақтанбауы керек.
аумақ  ауданы  кәсіпорынның  қуаттылығына  сәйкес  болуы  керек. 
кәсіпорыннан шығу жолдары мен адамдар жүретін жолдар  асфальт-
талған болуға тиіс. Құрылысқа жер ауданының 30-40%-ы жұмсалады 
және аумақтың 60%-ы жасылдандырылуы керек.
кәсіпорынды  тұрғын  жерлерде  жобалаған  кезде,  тұрғындарды 
оның  өндірістік  зиянды  заттарынан  қорғау  керек.  тұрғын  үйлерде 
50  орынды  кафелер  мен  асханалар  жобаланады.  тұрғын  үйлерге 
жылудың,  шудың,  өндірісте  бөлінетін  иістің  кірмеуі  үшін  оқшаулау 
құрылғылар  қондырылады  және  шаруашылық  аумағын  ғимараттың 


306
 
 
                                                                                          
артқы жағына жобалайды. сонымен қатар кәсіпорынды тұрғын үйдің 
сантехникалық қызметіне техникалық оқшаулау керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын улы заттар мен эпидемио-
логиялық  қауіпті  материалдар  (тері,  жүн)  өңдейтін  және  қолданатын 
кәсіпорын ғимараттарында жобалауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет