Абжанова сокращенная indd


Тамақ өнімдерін микронутриенттермен байытудың



Pdf көрінісі
бет43/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   198
Тамақ өнімдерін микронутриенттермен байытудың 
ғылыми қағидалары
тамақ  өнімдерін  жетіспейтін  микроэлементтермен  байыту  – 
адамның  дәстүрлі  қалыптасып  қалған  тамақтану  құрылымына  ара-
ласу  болып  табылады.  мұндай  араласу  қажеттілігі  өмір  салтының, 
қолданылатын  азық-түлік  жиынтығы  мен  тағамдық  құндылығының 
объективті  өзгерістерімен,  сондықтан  оны  ғылыми  негізделген 
және  тәжірибе  жүзінде  тексерілген  қағидаларды  ескере  отырып,  іске 
асыруға болады. 
«байыту»  (enrichment)  терминінің  кең  мағыналық  маңызы  бар. 
бұл азық-түлікке кез келген эссенциялы нутриенттердің: дәрумендер, 
макро-және  микроэлементтер,  тағамдық  талшықтар,  полиқанықпаған 
майлы қышқылдар, фосфолипидтер мен тегі табиғи басқа биологиялық 
белсенді заттардың қосылуын білдіреді.
«Қалпына  келтіру»  (restoration)  терминінің  қолданылу  аясы  аз, 
бұл  азық-түлікке  эссенциялы  нутриенттерді  олардың  өндіру,  сақтау 
және пайдалану кезінде жоғалуларының орнын толтыру үшін қосуды 
білдіреді.
Қуат  жұмсаудың  төмендеуінен  және  халықтың  тұтынатын 
тамағының  жалпы  мөлшерінің  кемуінен,  жоғалулардың  орнын 
толтырудың ескі қағидасынан өнімдерді жетіспейтін эссенциялы зат-
тармен  осы  заттағы  табиғи  мөлшердегі  деңгейінен  артық  деңгейге 
дейін  байыту  қағидасына  өту  қажеттілігі  туындады.  Осы  үдерісті 
атау  үшін  шетелде  «фортификация»  немесе  «күшейту»  (fortification) 
терминін қолдану қабылданған. 
аталғандардан  басқа,  «стандарттау»  (standartization)  ұғымын  атап 
өткен  жөн.  Ол  –  бір  типті  өнімнің  әр  түрлерінде  немесе  партияла-
рына эссенциялы нутриенттерді қосу және оларды тегістеу, бірдей ету, 
мөлшерінің стандартты деңгейіне жеткізу.
Қарастырылған  терминдер  байытылатын  азық-түліктің  құрамына 
эссенциялы  тағамдық  заттарды  қосуға  жатады.  Оларға  қара-
ғанда  шетел  әдебиетінде  кеңінен  қолданылатын  «саплемента-
ция»  (supplementation)  термині  де  фармацевтикалық  препараттар 
(таблеткалар,  капсулалар,  шырындар  мен  т.б.)  түріндегі  қосымша 
микронутриенттерді  қабылдауды  және  олардың  тамақпен  жеткіліксіз 
келуін немесе қосымша оң әсеріне қол жеткізуді білдіреді. 


67
Байыту өлшемдері:
тамақ  өнімдерін  байытудан  барынша  көп  әсер  алу  үшін,  Дүние 
жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы ДДсҰ келесі өлшемдерді ұсынды:
–  халықтың бір немесе одан көп топтарының тағамдық затқа деген 
айқын мұқтаждығы;
–  тағамдық зат ретінде таңдалып алынған тағамдық өнімдер тиісті 
топтар өкілдеріне қолжетімді болуға тиіс;
–  тағамдық  өнімге  салынатын  тағамдық  зат  мөлшері,  осы  өнімді 
әдетте  қабылдағандағы  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін 
жеткілікті болуға тиіс;
–  қосылатын  тағамдық  зат  мөлшері  байытылған  өнімді  көп 
мөлшерде  тұтынғанда,  уландырушы  немесе  зиянды  әсерін 
тигізбеуге тиіс;
–  тағамдық зат биологиялық қолжетімді және оны таситын өнімде 
тұрақты болуға тиіс;
–  таңдалып  алынған  өнім  тағамдық  затты  пайдаға  асыруда 
айтарлықтай кедергі жасамауы керек;
–  тағамдық  затты  қосу  тағамдық  өнімнің  дәміне,  сақталуына, 
түсіне,  консистенциясына  және  дайындалуына  кері  әсерін 
тигізбеуі керек;
–  белгілі бір тағамдық өнімді байыту техникалық жағынан орын-
дала алатындай болуға тиіс;
–  байытуға жұмсалатын шығындар байытылған тағамдық өнімнің 
құнын айтарлықтай өсірмеуі қажет;
–  байыту деңгейін анықтау үшін бақылау әдістерін әзірлеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет