Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет90/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   198
Байланысты:
1 (5)

 
 
                                                                                          
хабар  болды  екен,  ас  қорытатын  органдар  дереу  қызметіне  кіріседі, 
соның арқасында ақуыздар, майлар, көмірсутегі жақсы сіңіріледі.
міне,  сондықтан  да  даярланған  тағамды  дастарқанға  кастрюль-
мен  немесе  табамен  әкеліп  қоймай,  әрқайсысын  тәрелкеге  салып, 
аскөк, балдыркөк, салат жапырақтары сияқты көк шөптермен әдемілеп 
әкелген  жөн.  тәтті  тағамдардың  үстіне  жас  немесе  консервіленген 
жидектер,  жемістер,  лимон  кесінділері  салынып  әшекейленсе,  тар-
тымды  бола  түседі.  тағамды  өте  ыстық  немесе  өте  салқын  күйінде 
жемеу керек. ыстық тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын 
тағамдікі 10 градустан төмен болмауы керек.
тамақты  белгілі  бір  реттілікпен  ішіп-жеу  керек.  әдетте,  әдетке 
айналған  дәстүрді  бұзудың  қажеті  жоқ.  мәселен,  түскі  асты  көбіне 
көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. көкөністер, әсіресе 
оның  шикілей  желінетіндері  ас  қорытатын  шырындардың  бөлінуін 
тездетеді,  сондықтан  олар  ас  қорыту  органдарын  неғұрлым  күрделі 
тағамдар – етті, балықты немесе крахмалды өсімдік тағамдарын: кар-
топты, ботқаны, макаронды қорытуға даярлайды. сұйық тағамдар ет, 
тауық  сорпалары  ас  қорытатын  шырындардың  бөлінуіне  мықты  әсер 
етеді.  сондықтан  олар  қою  тағаммен  аяқталады,  өйткені  тәтті  тағам 
ішкен асыңа сүйсінген әсер қалдырады.
тамақты  әбден  шайнап,  асықпай  жеу  керек.  асқазанға  әбден 
ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек, 
тағам жақсы қорытылады және денеге жақсы сіңеді. тамақты жүрдім-
бардым  жемей,  жақсы  даярлап,  белгілі  бір  уақытта  әдемілеп  жеп 
үйренген  адам  оны  кез  келген  жерде  жей  салуға  дағдыланған  адам-
нан уақытты көп жұмсамайды. ең бастысы, өзінің денсаулығына күн 
сайын зақым келтірмейді.
кез  келген  азықтың  адамға  пайдасы  мен  зияны  оны  жеудің 
мөлшеріне  тікелей  байланысты.  Қантты  шамадан  көп  жеу,  семірудің 
тіке  жолы.  көп  желінген  қант  асқазан  безін  тітіркендіреді,  бұның  өзі 
диабеттің  дамуына  себепші  болады.  тұзды  тамақ  ішу  арқылы  орга-
низмге  тұздың  шамадан  көп  берілуі  денедегі  сұйықтыққа  кедергі 
жасайды, қан тамырларына, сұйық айыратын жүйеге өте ауыр салмақ 
түседі.  ал  бұл  гипертония  ауруын  дамытатын  факторлардың  бірі 
болып  табылады.  солай  екен  деп,  тамақтан  тұз  бен  қантты  мүлде 
алып тастауға тағы болмайды.
Диета  адамға  дос  та,  ал  оның  дәрігер  белгіленген  уақыттан  ұзақ 
созып жіберген жағдайда жау да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет