Абжанова сокращенная indd


 Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануы



Pdf көрінісі
бет95/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   198
Байланысты:
1 (5)

167
 Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануы
Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердің денесі 
мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. тамақтың жетіспеуі 
балалардың  бойының  өсуі  мен  дамуын  кешеуілдетіп,  организмнің 
әртүрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану – зат 
алмасу  үдерісін  бұзып,  астың  қорытылуына  зиянын  тигізеді.  тиімді 
тамақтану  балалар  мен  жасөспірімдердің  жасына  қарай  организмнің 
негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың арақатынасын ескере 
отырып  ұйымдастырылуы  қажет.  нәресте  кезіндегі  балалардың 
(бір  жастан  үш  жасқа  дейін)  тамағында  ақуызға  бай  сүт  және  сүт 
өнімдері, ет, жұмыртқа болу тиіс. балабақша жасындағы балалардың 
тәуліктік рационында – кем дегенде 600-800 мл ал мектеп жасындағы 
балалардың рационында 400-500 мл сүт болуға тиіс. сәби балалардың 
майды  қажетсінуін  өсімдіктерден  алынатын  маймен  (күнбағыс, 
жүгері) қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре 
алады.  Өсімдік  майын  көкөніс  пюресі  мен  салатқа  қосып  беру  керек. 
балалардың  тамағында  жидек,  жемістердегі  және  олардың  өңделген 
өнімдеріндегі  организмге  тез  сіңетін  көмірсулардың  болуының  мәні 
зор.  сәби  балалар  мен  ересек  балалардың  тамағындағы  ақуыздар, 
майлар мен көмірсулардың анағұрлым қолайлы арақатынасы сәбилер 
үшін  1:1:3,  ересектерге  1:1:4  болуға  тиіс.  мұндай  арақатынастан 
едәуір  ауытқу,  тамаққа  жетерліктей  мөлшерде  нәрлі  заттар  мен 
дәрумендердің  енгізілуіне  қарамастан,  денсаулыққа  зиянын  тигізуі 
мүмкін.  мысалы,  тамақта  әсіресе  мал  майының  көп  болуы  баланың 
организміндегі  зат  алмасудың,  ас  қорытылуының  бұзылуына  әкеп 
соғып,  салмағын  ауырлатады.  көмірсулардың  артық  болуы  да  зат 
алмасуын  бұзып,  семіртеді,  ал  тәттіні  мөлшерден  артық  пайдалану 
балалар  мен  жасөспірімдерде  диабет  ауруының  өрістеуіне  әкеліп 
соғады.  балалар  мен  жасөспірімдердің  тамағы  әртүрлі  болуға  тиіс, 
ал  біркелкі  тамақ  балалардың  тәбетін  нашарлатады.  майлы  етті  тек 
мектеп  жасындағы  ересек  балаларға  (14-17  жастағы)  беруге  рұқсат 
етіледі.  Шала  қуырылған  немесе  ысталған  сүр  етті  бала  организмі 
нашар сіңіреді және одан уланып қалуы не ішек құрты жұғуы мүмкін. 
сондықтан  оларды  балаға  бермеген  дұрыс.  сондай-ақ  тұзы  көп 
немесе  бұрыш,  қыша,  сілті  көп  қосылған  ет  және  балық  тағамдары 
8-10  жастағы  балалардың  тамақтану  рационынан  алынып  таста-
луы  керек.  алкоголь  ішімдіктердің  барлық  түрі  (сыра,  үй  құймасы, 
тұнбасы)  балалар  мен  жасөспірімдердің  организміне  зиянды  әсерін 


168
 
 
                                                                                          
тигізеді. ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, 
әсіресе,  үш  жасқа  дейінгі  балаллардың  жүйкесі  қозады.  балалар 
мен  жасөспірімдер  төрт  мезгіл,  оның  өзінде  төмендегідей  мөлшерде 
тамақтануға тиіс: таңертеңгі ас – 30%, түскі тамақ – 40-45%, түстік – 
10%,  кешкі  тамақ  –  15-20%.  егер  бала  яслиге,  балалар  бақшасына 
немесе  басқадай  балалар  мекемесіне  барып,  төрт  мезгіл  тамақ  ішетін 
болса,  онда  үйде  қосымша  тамақ  берудің  қажеті  жоқ.  ал  бала  барып 
жүретін  балалар  мекемесі  тамақты  екі  немесе  үш  рет  беретін  болса, 
үйден  қосымша  тамақтандыру  керек.  соңғы  тамақ  ұйықтардан  1,5-2 
сағат бұрын ішілуге тиіс.
Өсіп  келе  жатқан  организмдердегі  энергия  және  зат  алмасуының 
ерекшеліктері.  балалар  организмі  үнемі  өсіп,  даму  үстінде  болатын-
дықтан,  олардың  зат  алмасу  үдерісі  елеулі  өзгерістерге  ұшырап  оты-
рады. мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:
1.  балаларда  өсу,  даму  үдерісі  өте  қарқынды  жүретіндіктен,  зат 
алмасу  үдерісі  ересектерге  қарағанда  үдемелі  түрде  жүреді  және  жас 
ұлғайған  сайын  баяулай  бастайды.  бала  организміндегі  зат  алмасу 
үдерісі  клеткаға  қажетті  заттар  мен  жоғалтқан  энергия  шығынының 
орнын  толтырумен  қатар,  ұлпаларының  үздіксіз  өсіп,  дамуын 
қамтамасыз  етуі  керек.  сондықтан  балаларда  ассимиляция  процесі 
диссимиляция  үдерісінен  жоғары,  яғни  анаболизм  катаболизмнен 
жоғары болып келеді.
2.  балалар  организмінде  клеткалар  мен  тіндердің  құрылысына 
қажетті ақуыздар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге 
ақуыз  қажеттілігі  ересектерге  қарағанда  біршама  жоғары  және  бала 
неғұрлым  жас  болса,  ақуыз  қажеттілігі  соғұрлым  жоғары  болады. 
ақуыз жетіспеуі өсу үдерісінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін.
3.  көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, 
пластикалық (клетка қабығының, дәнекер тіндерінің қалыптасуы және 
т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде ақуыз қажеттілігі 
жоғары  болатындықтан,  көмірсулардың  ыдырауы  өте  қарқынды 
жүреді,  сондықтан  жас  балалардың  организмдері  көмірсуларға  өте 
жоғары қажеттілік сезінеді. 
4.  май  алмасу  үдерісі  балалар  организмінде  тұрақсыз  болып 
келеді.  тамақта  көмірсулар  жетіспеген  кезде,  май  жинау  орны  тез 
таусылады.  майлар  жылу  энергиясының  бастама  көзі  болумен  қатар, 
организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды.
5.  ересектерге  қарағанда  балалар  белсенді  болып  келеді,  яғни 
олардың  организмдері  суды  тез  жинап,  тез  жоғалтып  отырады. 


169
сондықтан  балалар  организміндегі  су  алмасу  үдерісі  жылдам 
бұзылады  және  бала  неғұрлым  жас  болса,  соғұрлым  суды  көп  қажет 
етеді,  бұл  құбылыс,  қыз  балаларға  қарағанда  ер  балаларда  жақсы 
көрінеді.
6.  сүйек  ұлпаларының  үдемелі  өсіп-дамуына  байланысты  бала-
ларда  кальций  қажеттілігі  ересектерге  қарағанда  1,5  есе  жоғары. 
калций  сүйектерде,  негізінен,  фосфор  қышқылды  тұздар  түрінде 
түзілетіндіктен,  организм  калциймен  бірге  фосфордың  қатар  түсіп 
отыруын қажет етеді.
7.  сүйектегі  фосфор  қышқылды  тұздар  «Д»  дәруменінің 
қатысуымен ғана түзіледі. бұл дәруменнің жетіспеушілігі рахит ауру-
ына шалдықтырады.
8.  ана  сүтінің  құрамында  темір  жеткіліксіз  болатындықтан, 
емшектегі  кезеңдегі  сәбилердің  осы  микроэлементке  (әртүрлі  жеміс-
жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады.
9.  балалар  организміндегі  органдар  мен  жүйелердің  дамып, 
жетілуі  аяқталмағандықтан,  зат  алмасу  үдерісі  көбінесе  сыртқы 
ортаға, әсіресе дұрыс тамақтануға тәуелді болады.
10. балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда 
салыстырмалы  түрде  жоғары  болып  келеді,  бұл  оларда  тотығу 
үдерісінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.
негізгі  зат  алмасудың  мөлшері  баланың  жасына,  жынысына,  өсу 
қарқынына,  олардың  құрылымына  (арық  балаларда  зат  алмасудың 
қарқыны жоғары), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне (көктем, жаз 
мезгілдерінде  жоғары),  туып,  өскен  мекеніне  (биік  таулы  аудандарда 
жазыққа қарағанда жоғары) және т.б. байланысты болып келеді.
балалардың тамақтануының ас үлесі болуы тамақтанудың тәртібін 
дұрыс  ұйымдастырғанда  ғана  мүмкін.  Ол  үшін  төменде  көрсетілген 
шаралардың орындалуы қажет:
1.  тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатаң сақтау.
2.  тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы.
3.  жеке  тамақтану  уақыттарына  сәйкес,  тағамды  мөлшері  мен  са-
пасына байланысты дұрыс бөлу.
4.  балалардың  тамақтану  жағдайы  және  тамақтану  кезіндегі 
тәртібі.
санитарлық  дәрігер  ас  мәзірін  құрастырған  кезде  мынадай  негізгі 
қағидаларды білуі керек:
1.  тамақ  рационы  балалардың  жас  мөлшеріне  сәйкес  дене 
еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған 


170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет