Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет118/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   198
Байланысты:
1 (5)

 
 
                                                                                          
тұрады. Осы мақсатпен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді артық 
қабылдау пайдалы. 
тамақтық  заттардың  қажетті  физиологиялық  нормаларын  анықтау 
және  жүргізу  еңбекке  қабілетті  ересек  тұрғындардың  тамақтану 
құрылымын іске асырудағы маңызды бөлім болып табылады.
тамақтану  нормасы  көптеген  өзгерістерге  ұшырап,  адам 
организмінде  энергия  мен  тамақтық  заттар  метаболизмінің  әртүрлі 
жақтарына көзқарастар құрылды. бұдан басқа нормаларды қарастыру 
өндірістің  дамуындағы  өзгерістерге,  еңбектің  өзгергіш  жағдайына, 
тұрғындардың  энергия  мен  тамақтық  заттар  қажеттіліктеріне  әсер 
ететін өзгерістерге негізделген.
Қазіргі  кезде  адамдардың  тамақты  қажет  етуі  туралы  ғылым  био-
логия  мен  медицина  салаларындағы  зерттеу  негіздері  нәтижесіне 
жататын теңгерімді тамақтану тұжырымдамасында орын алады.
Қазіргі,  1991  жылы  қабылданған  тамақтану  нормалары 
тұрғындардың  әртүрлі  контингенттері  үшін  энергия  мен  тамақтық 
заттардың  негізгі  қабылдау  көлемінің  арнайы  ұсынысы  болып  табы-
лады. Олар төмендегілерді береді: 
1.  тамақтық  азық-түліктерді  қабылдау  және  өндірісте  жоспарлау 
үшін ғылыми база.
2.  нақты  тамақтануды  бағалау  үшін  көрсеткіші  ретінде  қызмет 
ету.
3.  тамақтану  саласында  мамандарды  дайындау  бағдарламаларын 
өңдегенде;
4.  Ұтымды тамақтануды құруда қажетті негіздер болып табылады;
нормада  ұсынылған  қабылдау  мөлшері  тұрғындардың  әртүрлі 
топтарының белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минерал-
дар алмасуын қазіргі ғылыми мәліметтерге негіздеу болып табылады.
балалар  тамақтануының  негізгі  тұжырымдамаларына  негізделген, 
қабылдау  нормалары  ұтымды  тамақтанудың  келесі  принциптерін 
қамтамасыз етуді ұсынады:
1.  ересек адамдардың тағам рационының құндылығы организмнің 
энергия шығынына сәйкес келуі керек.
2.  негізгі  тамақтық  заттардың  –  белоктар,  майлар,  көмірсулардың 
қабылдау  мөлшері  олардың  физиологиялық  қажетті  қатынас 
шегінде болуы қажет.
3.  Рационда  белок  жеткілікті  мөлшерде  болғанда,  ауыстырылмай-
тын амин қышқылдарының көздері – жануар текті белоктардың 
физиологиялық қажетті мөлшері қамтамасыз етілуге тиіс.


207
4.  майларды  қабылдау  нормалары  көпқанықпаған  және  май 
қышқылдарының  физиологиялық  арақатынасын  қамтамасыз 
етуге тиіс.
5.  Дәрумендердің  қабылданған  мөлшері  организнің  оңтайлы 
қажеттілігін жабуы қажет. бұл жағдайда дәрумендік қажеттілік 
  табиғи тағам құрамында болу арқылы сапалы қанағаттандыры-
луы керек.
6.  Рационда  негізгі  минералды  заттардың  құрамы  олардың 
физиологиялық қажеттіліктерімен сәйкес келуі керек.
тамақтың  физиологиялық  нормаларының  ұсынылған  қабылдау 
мөлшері  тұрғындардың  жеке  топтарының  қажеттілігін  негізгі 
тамақтық  заттармен  және  энергиямен  айқындалатын  орташа  шама 
болып  табылады.  Ұсынылған  энергияның  нормадағы  мөлшері  әр 
бөлінген  топтағы  адамдардың  орташа  қабылдауын  көрсетеді,  басқа 
іздеу  үшін  ұсынылған  нормалар  осы  топтардағы  барлық  адамдардың 
жеке  қажеттіліктерінің  ауытқу  шегін  қамтамасыз  етуі  қажет.  жеке 
қажеттіліктерді  анықтау  кезінде  адамның  бойы,  салмағы,  жасы, 
тұрмыстық және еңбек ерекшеліктері ескеріледі. 
еңбекке  қабілетті  ересек  тұрғындардың  әртүрлі  топтарында 
тамақтану үшін энергия мен тамақтық заттар қажеттілігін анықтаған 
кезде,  еңбек  қызметкерлерінің  ерекшеліктеріне  байланысты  энергия 
шығынының өзгешеліктері маңызды.
норманы  1982  жылдан  бастап  1991  жылға  дейін  өндірісте  және 
ауыл  шаруашылығында  адамдардың  энергия  шығынына  әкелетін 
автоматтандыру  мен  механикаландыруды  жоғарылатуға  байланысты 
еңбектің  сипаты  ерекше  өзгерді,  сонымен  қоса  еңбек  механизмдері 
мен  тұрмыстың  ұйымдастырылуына  жеткен  деңгейі  еңбек  ауырлығы 
және  физикалық  күшті  толығымен  жоюды  қамтамасыз  ете  алмайды. 
сондықтан  жаңа  нормада  18-63  жастар  аралығындағы  адамдар  үшін 
физиологиялық қажеттілік бес топ бойынша берілген (ерлер үшін бес 
топ және әйелдер үшін төрт топ):
I топ – ақыл-ой жұмысы басым еңбек жұмыскерлері;
II топ – жеңіл физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер;
III топ – орташа ауырлықтағы еңбек жұмыскерлері;
IV топ – ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер;
V топ – өте ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмыскерлер.
әр  топ  үш:  18-29,  30-39,  40-59  жас  санатына  ажыратылады. 
Осы  бөлінулерге  сәйкес  қажеттілік  мөлшері  де  анықталады,  дене 
салмағына және зат алмасу үдерістерінің аз қарқындылығы ағымына 


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет