201
2-ші таңғы ас: өсімдік майы қосылған ерте піскен көкөністерден
салат; пешке пісірілген немесе қуырылған салака немесе кішкентай
балық.
түскі ас: қатық немесе қаймақ қосылған жұмыртқа, қызылша мен
басқа көкөністерден дайындалған вегетариандық көк көже; шашы-
ранды қарақұмық немесе арпа ботқасы мен еттен дайындалған зразы;
жаңа піскен қияр; сүт қосылған жидектер (бүлдірген, құлпынай,
қаражидек, көкжидек және т.б.).
кешкі ас: пешке пісірілген кәді немесе кәдіден оладьи; сүтті крем
немесе желе.
сағат 21.00 – қатық немесе айран.
Күзде:
1-ші таңғы ас: өсімдік майы мен қант қосылған жаңа піскен
қырыққабаттан салат; «жаңа піскен» варениктер немесе қатық
қосылған сүзбе, сүт қосылған кофе, кәді икрасы қосылған нан.
2-ші таңғы ас: алмасы бар сүзбелі сырок, қара нан тілімі мен ыстық
сүт.
түскі ас: пісірілген картоп пен кез келген жаңа піскен көкөністермен
(пеште пісірілген қияр, қызанақ, қызылша) пеште пісірілген балық;
пеште пісірілген немесе сүттің буына пісірілген алма.
кешкі ас: күрішті-сәбізді немесе сәбізді-алмалы пісірме, ыстық
сүт.
сағат 21.00 – алма, қара өрік, алмұрт немесе басқа жемістер.
Достарыңызбен бөлісу: