Ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын жұмыскерлердің
тамақтануы
Қазіргі кезде еңбек негізгі екі түрге ажыратылады: физикалық
және ақыл-ой. кейбір ғалымдар сонымен бірге жүйкелік-психикалық
еңбекті бөледі. ақыл-ой және жүйкелік-психикалық еңбектерді– инте-
лектуалды деп атайды.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің тамақтануын ұйымдас-
тырғанда, адамның денсаулығына әсер ететін факторларды ескеру
керек:
1) үлкен жүйкелік-психикалық және эмоциялық күш;
2) төмен бұлшық еттік қызмет (гипокинезия);
3) моторлық-висцералды рефлекстің жеткіліксіздігі;
4) дәрумен жетіспеушілігінің жасырын түрі;
5) клеткаішілік тотығу үдерісінің күшеюі (мембраналы липидтердің
пероксидациясы);
6) эндогенді улану.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің тамақтануының басты
принципі тамақта шамалылықты сақтау болып табылады. бұлшық
ет жүйелерінің күштердің әсерінен әлсіреуі энергия алмасуды
төмендетеді, килокалориялық құндылық ерлерде 2500-2900 және
әйелдерде 2100-2500-ге дейін төмен. Отырып жұмыс істегенде
гипокинетикалық жағдай қалыптасуы мүмкін және оның салдарынан
майлар алмасуының бұзылуы болады, дене салмағы жоғарылайды.
205
жоғары жүйкелік-психикалық, эмоциялық күштер және дәрумен-
дер жетіспеушілігінің жасырын түрі болуы мүмкіндігіне байланы-
сты организмді ауыстырылмайтын биологиялық белсенді тамақтық
заттармен қамтамасыз ету және тамақтану рационының ұтымды
принциптерінің маңыздылығы артады. тамақтану рационының
ұтымдылығы бас миының үлкен жарты шарларында қозу мен тежелу
үдерістерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Құрамында жеңіл
сіңірілетін көмірсулар (қант, кондитерлік өнімдер), қуырылған, ет
өнімдері және басқа да тағамдар бар тамақ жүйкелік-психикалық
және эмоциялық қозуды жоғарылатады, ал жемістер, көкөністер, жеке
ұнынан дайындалған нандар, сүт және қышқылды сүт, пісірілген
еттер оны төмендетеді.
интелектуалды еңбек жұмыскерлерінің маңызды тамақтану
принципі – тағам рационын антисклеротикалық бағыттау. ғылыми-
техникалық төңкерісі жүрек-тамыр жүйесінің ауруларының лезде
көтерілуіне әкелді. жүрек-тамыр жүйесінің аурулары дамуының доми-
нантты фонын қолайсыз факторлардың кешені атқарады (алиментарлы
дисбаланс, тұрақты жүйкелік күш, жиі теріс эмоция, аз қозғалысты
өмір жағдайы ж.т.б.). холестерин алмасуының бұзылуы – атеросклероз
және миокард инфарктісінің пайда болуына ықпал жасайтын әсердің
бірі болып табылады.
атеросклероздың дамуына тек жануар текті майларға байланысты
тамақ қана әсер етпейді, және құндылық мөлшерінің артықшылығы,
сонымен қатар тамақтағы жай қанттың көп болуы ықпал жасайды.
балық, еттердің майлы емес сорттары, ірімшік, сүт және қышқыл
сүт сусындары, өсімдік майлары, жемістер, көкөністер, жоғары сорт
нандары – интеллектуалды еңбек адамдары тамақтануының тағамдар
жиынтығының негізі. тәулігіне 4-5 рет аз мөлшерімен тамақтану
керек.
Диетаның антиоксидантты бағытын сақтау интеллектуалды еңбек
адамдарының тамақтануының принциптерінің бірі болып табылады.
пероксидация (мембраналы клеткалар құрылымы липидтерінің
мөлшерден тыс тотығуы) кезінде клеткалардың функциясы бұзылады.
ақыл-ой еңбек адамдарының тамақтануының келесі принципі
организмнің эндогенді улануының профилактикасына негізделген.
Эндогенді уланудың(аутоинтоксикация) алдын алу шаралары
рационға тамақтық талшықтарды енгізуді дұрыс сәйкестендіруден
және ас қорыту жолдарының қозғалыс белсенділігін нормалаудан
206
Достарыңызбен бөлісу: |