Абжанова сокращенная indd


ББҚ – Биологиялық белсенді қоспалар



Pdf көрінісі
бет123/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   198
ББҚ – Биологиялық белсенді қоспалар
биологиялық  белсенді  қоспалар  (ббҚ)  немесе  food  supplements  – 
тамақпен бірге қолдануға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге 
арналған  табиғи  немесе  табиғиға  ұқсас  биологиялық  белсенді  зат-
тар  тығыздығы.  Олар  тамақтың  тағамдық,  минорлық  қоспаларының 
көзі  болып  табылады.  тамаққа  қосылатын  ббҚ  құрғақ  немесе 
сұйық  тығыздық,  сығындылар,  қайнатпалар,  бальзамдар,  изоляттар, 
ұнтақтар, шәрбаттар, капсула түрінде және т.б. пішінде шығарылады. 
тамаққа  қосылатын  ббҚ  нутрицевтиктер  (тағамдық  құндылығы 
бар)  және  парафармацевтиктер  (анық  биологиялық  белсенділігі  бар) 
деп бөлінеді.
Нутрицевтиктер  –  тамақтың  табиғи  ингредиенті  болып  табы-
латын  эссенциялық  элементтер:  дәрумендер  мен  олардың  өкілдері, 
көпқанықпаған майлы қышқылдар, фосфолипидтер, жеке минералдық 
заттар  мен  микроэлементтер  (кальций,  темір,  селен,  мырыш,  йод, 


217
фтор),  таптырмайтын  амин  қышқылдары,  кейбір  моно-  және  диса-
харидтер,  тағамдық  талшықтар  (целлюлоза,  пектин,  гемицеллюлоза         
мен т.б).
Отандық  өнеркәсіп  нутрицевтиктердің  жекелеген  топтары  мен 
олардың қосындылары бар препараттардың көп мөлшерін өндіреді.
нутрицевтиктер  көп  жағдайда  олардың  профилактикалық  тиімді-
лігін  тәжірибеде  немесе  клиникалық  бақылауларда  бағалауды  қажет 
етпейді,  себебі  осы  өнімдердің  рецептураларына  сараптамалық 
бағалауда  олардың  ықтимал  тиімділігі  жөнінде  қорытынды  бәріне 
белгілі әдебиет көздерінің мәліметтері негізінде және дені сау адамның 
нутрицевтикке  деген  физиологиялық  тәуліктік  қажеттілігімен  салыс-
тырғандағы  нутрицевтик  қоспаларының  кеңес  берілген  мөлшерін 
ескере отырып жасалады.
нутрицевтиктердің функционалдық рөлі:
–  эссенциялық тағамдық заттар тапшылығының орнын толтыруға;
–  заттар метаболизмінің бағытталған өзгеруіне;
–  ағзаның  қоршаған  ортаның  қолайсыз  факторларының  әсеріне 
ерекше емес төзімділігін арттыруға;
–  иммунмодульдеуге;
–  ксенобиотиктерді байланыстыруға және шығаруға;
–  емдік тамақтануға бағытталған.
Қауіпсіздігі  мен  тиімділігіне  баға  берген  қабылдаудың  кеңес 
берілген  мөлшерінтамаққа  қосылатын  ұсынылып  отырған  ббҚ 
құрамына  кіретін  нутриенттермен  қамтамасыз  етілетін  тәуліктік 
қажеттіліктен үлесін (%) анықтау қажет. заттаңба мәні 5% (дәрумендер 
мен  макро-  және  микроэлементтер)  немесе  2%    (басқа  тағамдық  зат-
тар мен энергия) артатын шамалармен ғана таңбаланады. Дәрумендер 
мөлшері  тәуліктік  қажеттіліктен    а,  Д,  В1,  В2,  В6,  В12  дәрумендері, 
ниацин,  фолий  қышқылы,  пантотен  қышқылы,  биотин  үшін  үш  рет-
тен және е мен с дәрумені үшін 10 еседен аспауға тиіс. 
тамаққа  қосылатын,  соның  ішінде  функционалдық  мақсатта 
ббҚ  жеткілікті  түрлерін  және  алуан  түрлілігін  жасау  тамақтану 
құрылымын  жақсарту,  жалпы  халықтың,  сондай-ақ  экологиялық 
қолайсыз  аймақтар  халқының  ас  үлесінің  оңтайлы  теңгерімділігіне 
қол жеткізу маңызды болып табылады.
тамаққа  ббҚ  қолдану  семіздік,  атеросклероз,  жүрек-қан  тамыр-
лары  аурулары,  қатерлі  ісіктер,  иммун  тапшылығы  мен  басқа 
да  кең  таралған  аурулардың  алғашқы  және  қайталама  диеталық 
профилактикасының тиімді әдісі болып табылады. 


218
 
 
                                                                                          
Парафармацевтиктер – органдар мен жүйелердің функционалдық 
белсенділігінің  профилактикасы,  жанама  емі  мен  физиологиялық 
шекте ұстап тұрудың тамақтың минорлы қоспалары.
парафармацевтиктің  тәуліктік  мөлшері  немесе  композиция 
жағдайындағы  парафармацевтиктің  әрекет  ете  бастауының  тәуліктік 
мөлшері  осы  заттардың  дәрілік  заттар  ретінде  анықталғандағы 
емдік мөлшерінен аспауға тиіс, ббҚ-ны тәулігіне екі реттен кем емес 
қабылдаған дұрыс.
парафармацевтиктің  құрамына  кіретін  барлық  өсімдіктер  оларды 
тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат беру тұрғысында отандық және 
халықаралық  нормативтік  құжаттамаға  сәйкес  тексерілуге,  сондай-
Ресейлік  Фармакопи,  шетелдік  Фармакопи  талаптарына,  табиғи  текті 
препараттарды  және  гомеопатиялық  емдік  құралдарды  клиникаға 
дейінгі  және  клиникалық  зерттеу  тәртібі  туралы  әдістемелік  нұс-
қауларға сай емдік шайлар мен жинақтарының құрамында болуға тиіс.
ағзаның  жасушалары  мен  тіндеріндегі  көптеген  парафармацев-
тиктердің  әрекет  етуші  бастаулар  мөлшерінің  физиологиялық 
деңгейі    (мысалы,  биогенді  аминдер,  олигопептидтер,  гликозидтер, 
органикалық қышқылдар, сапониндер мен басқалар), ересек адамның 
оларға деген физиологиялық қажеттілігі сияқты белгісіз. 
ббҚ-лардың көбінің белсенді компоненттері, яғни әрекет етуші 
бастаулары,  мысалы,  тағамдық  және  емдік  өсімдіктердің  күрделі 
кешенінен    және  табиғи  шикізаттың  басқа  түрлерінен  алынатын 
сығындылар  анықталмаған.  парафармацевтиктердің  әрекет  етуші 
затының  ағзада  сандық  мөлшері,  сондай-ақ  оларға  деген  физио-
логиялық  қажеттілік  нормасының  болмауы  бірқатар  жағдайларда 
олардың  жалпы  ағзаға  немесе  оның  жекелеген  жүйелері  мен 
органдарына  әрекет  етуін  бағалау  қажеттілігін  тудырады,  яғни 
парафармацевтиктердің функционалдық белсенділігін зерттеу міндет-
тері туындайды.
жоғары  белсенді  әрекет  етуші  бастауларының  мөлшері  жоғары 
емдік  өсімдіктерден  тұратын  парафармацевтиктерді  нақты  белгі-
ленген  мөлшері  мен  әрекет  ету  механизмдерін  нақты  білмей 
тағайындау,  бірқатар  жағдайларда  өтемақылық-бейімделушілік 
сипаттағы  тотықсыздану  барабар  емес,  яғни:  қажет  нормадан  күшті 
немесе  әлсіз  болуы  мүмкін.  бұл  ағзадағы  кейін  болатын  ауытқу 
өзгерістердің  дамуының  себебі  болуы  мүмкін.  Осылайша,  мысалы, 
жалпы  бейімделушілік  синдромда  глюкокортикоидтар  секреци-
ясы  аса  жоғары  болып  шығып,  олар  иммунологиялық,  ерекше  емес 


219
қорғау  реакцияларының  (қабыну)  дамуын  тежейді  және  сонда  иммун 
жүйесінің функционалдық белсенділігінің жеткіліксіз болуына байла-
нысты көптеген аурулардың өршуі қаупі артады.
ббҚ  −  парафармацевтиктер  көптеген  жағдайларда  тағамдық 
құндылығы  жоқ,  алайда  тамақтанудың  таптырмайтын  факторлары  – 
тағамдық  және  емдік  өсімдіктердің,  теңіз  өнімдерінің  және  малдар 
тіндері  қоспаларының  органикалық  қоспаларға  жататын  тамақтың 
табиғи қоспаларының көздері болып табылады. 
ббҚ  −  парафармацевтиктердің  әрекет  етуші  бастауларын  сирек 
биотехнологиялық немесе химиялық тәсілдермен алуға болады. ббҚ- 
парафармацевтиктерге  ішектің  микробиоценозын  (эубиотиктер/про-
биотиктер)  қалыптандыру  мен  қолдауға  арналған  микроағзалардың 
құрамдас  негізінде  дайындалған  өнімдер  де  жатады.  ббҚ-парафарма-
цевтиктердің  әрекет  етуші  бастаулары  жекелеген  органдар  мен 
жүйелердің  қызметтерін  ерекше  қолдайды  немесе  физиологиялық 
тұрғыда реттейді.
ббҚ  азық-түлік  дүкендерінің  арнайы  бөлімдерінде  және  дәріхана-
лардың  рецептісіз  берілетін  дәрілер  бөлімінде  еркін  сатылады. 
адамның  ауруларын  диеталық  емдеуде  қосымша  зат  ретінде  немесе 
ерекше профилактикалық құрал ретінде ббҚ – парафармацевтиктерді 
қолданар алдында дәрігер маманның кеңесі қажет.
Оралған және қапталған тамаққа қосылатын биологиялық белсенді 
қоспалардың заттаңбасы болып, онда:
–  өнімнің атауы мен түрі;
–  техникалық шарттардың нөмірі (отандық ббҚ үшін);
–  қолдану аясы;
–  дайындаушы ұйым атауы мен оның заңды мекен-жайы;
–  өнім салмағы мен көлемі;
–  өнім  құрамына  кіретін  ингредиенттер  атауы,  соның  ішінде 
тағамдық қоспалар атауы;
–  тағамдық құндылығы;
–  сақтау шарттары;
–  жарамдылық мерзімі мен дайындау күні;
–  қолдану амалы (қосымша ббҚ дайындау қажет жағдайда);
–  қолдану бойынша кеңестер, мөлшерлемесі;
–  қолдануға  болмайтын  қарсы  көрсетімдер  мен  жанама  әсерлер 
(қажет болса) көрсетіледі.


220
 
 
                                                                                          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет