Абжанова сокращенная indd


Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі



Pdf көрінісі
бет133/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   198
Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі
меншік  нысанына,  қуатына,  орналасқан  жеріне  қарамастан, 
қоғамдық  тамақтану  кәсіпорындары  ішкі  су  құбыры  жүйесімен  және 
кәріз жүйесімен жабдықталады. сумен қамтамасыз ету су құбырының 
орталықтандырылған  жүйесіне  қосу  арқылы  жүзеге  асырылады, 
ал  мұндай  мүмкіндік  болмаған  кезде  артезиан  су  ұңғымалары  мен 
құдықтарынан су жинау арқылы ішкі су құбыры жабдықталады.
Ішкі су құбыры – бір ғимаратқа немесе ғимараттар тобына қызмет 
көрсететін  және  елді  мекен  немесе  өнеркәсіптік  кәсіпорынның  су 
құбыры желісінен ортақ су өлшеу құралы бар санитарлық-техникалық 
құрылғыларға, өрт сөндіру крандарына және технологиялық жабдыққа 
су  беруді  қамтамасыз  ететін  құбырлар  желілері  мен  құрылғылар 


236
 
 
                                                                                          
жүйесі.  су  жинау  ғимараттарының  және  оларға  жақын  жатқан 
аумақтардың  орналасқан  жері,  жабдығы  мен  құрамы  санитарлық 
ережелерге  сай  болуға  тиіс.  Ұйымның  сумен  қамсыздандыру  жүйе-
леріндегі  су  сапасы  ауызсудың  орталықтандырылған  жүйелерінің 
және  орталықтандырылмаған  сумен  қамтамасыз  етудің  су  сапасына 
қойылатын  гигиеналық  талаптарына  жауап  беруге  тиіс.  мемлекеттік 
санитарлық-эпидиомиологиялық  қызмет  органдары  мен  мекемелері  
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары пайдаланатын сумен қамтамасыз 
ету су көздеріне санитарлық-эпидимиологиялық қорытынды береді. 
Қоғамдық  тамақтану  кәсіпорынынан  су  жеткіліксіздігі  мүмкін 
емес  болғандықтан,  тұтынылатын  су  мөлшері  кәсіпорынның  қажет-
тіліктерін толық қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту:  су  тұтынудың  сағаттық  әркелкілік  коэффициентін  1,5-
ке  тең  деп  қабылдау  керек.  Қоғамдық  тамақтану  кәсіпорнының  су 
тұтынуының  берілген  нормалары    дайындығы  жоғары  деңгейдегі 
жартылай фабрикаттарға таралмайды. 
Ескертулер. 
1.  тоңазытқыш  камералардың  су  шығындарын  осы  қондыр-
ғылардың техникалық сипаттамалары бойынша қабылдаған жөн.   
2.  ыстық суды жуушы ванналар мен өндірістік ыдыс-аяқ жуатын 
шұңғылшаларға,  сондай-ақ  май  аулағыштарды  жуу  үшін  суарушы 
крандарға,  лай  тұндырғыштарға  және  сығынды  жинағыштарға  қосу 
арқылы  жобалаған  жөн.  санитарлық-эпидемиологиялық    қорытынды 
болған  жағдайда    ішкі  сумен  қамсыздандыру  жүйесі  бойынша 
тарата  отырып,  ыстық  сумен  қамсыздандырудың  резервтік  дербес 
құрылғыларын орнатуға мүмкіндік беріледі.
тағамдық  өндірістер  өндірістік  цехтары  ыстық  және  суық  суы 
тартылған  ыдыс-аяқ  жуғыш  шұңғылшалармен  жабдықталуға  тиіс. 
бұл  ретте  су  ағатын  шүмек  құрылымы  қолдың  қайта  ластануын 
болдырмауға  тиіс.  ыстық  және  суық  су  шүмек  орнату  арқылы 
барлық  жуушы  ванналарға  және  шұңғылшыларға,  сонымен  қатар 
қажет  болған  жағдайда  технологиялық  жабдыққа  тартылады.  ыстық 
суды  тарту  үшін  қолданылатын  материалдар  65°с-тан  жоғары 
температураға шыдауға тиіс. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында сумен қамтамасыз ету 
жүйелерінде  тасып  әкелінетін  суды  пайдалануға  рұқсат  берілмейді, 
ал суық немесе ыстық су болмаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорны жұмысын тоқтатуға міндетті. 


237
ішкі  кәріз  жүйесі  –  ағын  сулардың  түзілген  орындарында  ағын 
суларды  қамтамасыз  ететін  және  оларды  ары  қарай  тазартушы 
құрылымдарға беруге тиіс құрылымдар мен жабдық кешені. 
кәріз  жүйесінің  желісі  деп  ағын  суларды  бұру  үшін  құбырлар 
желісінің жүйесін атайды. 
Қоғамдық  тамақтану  кәсіпорнының  кәріз  жүйесінің  құрылымы 
кәріз  жүйесі,  сыртқы  желілер  мен  құрылымдар,  ғимараттың  ішкі 
су  құбыры  мен  кәріз  жүйесіне  қойылатын  қолданыстағы  құрылыс 
нормаларының  талаптарына,  сондай-ақ  қоғамдық  тамақтандыру 
кәсіпорындары үшін санитарлық талаптарға сәйкес келуге тиіс. 
Өндірістік  (жуушы  және  өндірістік  ванналардан  ыдыс-аяқ  жуушы 
машиналардан,  технологиялық  жабдықтан)  және  шаруашылық-
тұрмыстық ағын сулардың кәріз жүйесінің ішкі жүйесі кәріз жүйесінің 
ішкі алқаптық желілерге дербес шығыстарынан бөлек болуға тиіс. 
егерде кәсіпорын тұрғын үйде орналасқан болса, тұрмыстық және 
өндірістік  кәріз  жүйесі  желілері  осы  ғимараттардың  шаруашылық 
кәріз жүйесімен біріктірілмейді. 
Қоғамдық  тамақтандырудың  ірі  кәсіпорындары  өндірістік  ағынды 
суларды  ірі  қалдықтардан  тазарту  үшін  тазартқыш  ғимараттармен, 
ал  ет  және  жуушы  цехтар  май  аулағыштармен  жабдықталуға  тиіс, 
ал  көкөніс  цехтарында  лай  тұндырғыштар  мен  сығынды  аулағыштар 
орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет