Абжанова сокращенная indd


Қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің жеке гигиенасы



Pdf көрінісі
бет145/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің жеке гигиенасы
Ұйым қызметкерлері келесі жеке гигиена ережелерін сақтауға тиіс:
•  сырт киімді, аяқ киімді, баскиім мен жеке заттарды киім ілгішті 
қалдыру;
•  жұмыс  бастар  алдында  қолды  сабынмен  жақсылап  жуу,  таза 
санитарлық киім кию, шашты қалпақ немесе орамал астына жи-
нау немесе шашқа арналған арнайы тор баскиім кию;
•  таза санитарлық киім киіп жұмыс істеу, оны ластануына қарай 
ауыстыру;
•  дәретханаға барғанда санитарлық киімді арнайы орында шешу, 
дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жақсылап жуу;
•  тұмау тию немесе ішек ауруының, сондай-ақ іріңдеу, кесу, күю 
белгілері пайда болғанда, әкімшілікке хабар беріп, емделу үшін 
медициналық мекемеге бару;
•  ішек  инфекциясы  ауруларының  барлық  жағдайлары  туралы 
қызметкер отбасына хабарлау;
•  тағамдар,  аспаздық  және  кондитер  өнімдерін  дайындағанда, 
зергерлік бұйымдарды, сағат пен басқа сынатын заттарды шешу, 
тырнақ  алу,  оған  бояу  жақпау,  арнайы  киімге  түйрегіштер 
қадамау.
•  темекі тартпау және тамақты жұмыс орнында (арнайы үй-жайда 
немесе орында тамақ ішуге және темекі тартуға болады). 
күн  сайын  ауысымның  басталуы  алдында  суық,  ыстық  және 
кондитерлік  цехтарда,  сондай-ақ  жұмсақ  балмұздақ  шығаратын 
ұйымдарда  медицина  қызметкері  немесе  басқа  жауапты  тұлғалар  
қызметкерлердің  денелерінде  іріңдік  аурулардың  болуын  қарап, 
тексереді.  терісінің  іріңдік  аурулары,  іріңдеген  тіліктері,  күйіктері, 
сыдырылған жаралары, сондай-ақ жоғары тыныс жолдарының катары 
бар тұлғаларға бұл цехтарда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 
Қоғамдық  тамақтандыру  ұйымдарына  жұмысқа  тұратын  тұлғалар 
жұмысқа  кірісер  алдында  алдын  ала  және  мерзімді    медициналық 
тексерулерден,  кәсіби  гигиеналық  дайындықтан  және    белгіленген 
тәртіпте аттестациядан  өтеді.


252
 
 
                                                                                          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет