255
немесе адамға құтырған жануардың сілекейінің жабысуы, жыныс
жолдары арқылы венерологиялық ауруларды және т.б.) және тікелей
емес жанасуда инфекция үй және өндірістік шаруашылықтағы заттар
(мысалы, сібір күйдіргісімен үлбір жаға арқылы жұқтыруға болады)
арқылы беріледі.
әртүрлі жуынды-шайындылар мен қоқыстарға отырып, шыбын-
дар табандарын ластайды және ішек түтігіне ауру тудырушы бак-
терияларды сорып алады, ал содан кейін оларды тасып, тағам
өнімдері мен ыдыс-аяққа шығарады. Шыбын денесінің бетіндегі және
ішегіндегі микробтар 2-3 күн бойы тіршілік ете алады. сондықтан
жалпыға бірдей гигиеналық іс-шара ғана емес, сонымен қатар ішек
инфекциялық ауруларының алдын алу мақсатын көздейді.
жұқтырудың ауа-тамшылы немесе аэрогенді механизмі тыныс
алу жолдарының ауруларында (қызылша, көкжөтел, эпидемиялық
менингит, тұмау, табиғи шешек, өкпе, обасы, дифтерия, қызамық пен
т.б.) көбірек кездеседі. аталған аурулардың қоздырғыштары көбіне
шырыш тамшылары (тамшылы инфекция) арқылы беріледі. мұндай
жолмен берілетін қоздырғыштар, әдетте, сыртқы ортаға шыдамсыз
және тез өледі. кейбір микробтар сонымен бірге шаңмен шаң инфек-
циясы арқылы беріле алады. берілудің бұл жолы қоздырғыштары
кептіруге тұрақты (бұларға сібір күйдіргісі, туляремия, туберкулез бен
т.б. жатады) инфекциялық аурулар кезінде ғана мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: