Инфекциялар жіктемесі инфекциялардың ең қарапайым жіктелуінің бірі – адамнан-адамға,
жануардан адамға және т.б. берілу амалы бойынша беріледі. тек
адамнан-адамға берілетін инфекциялық аурулар науқас антропонозды,
деп аталады. Оларға іш сүзегі, а және В паратифтері, дизентерия, а
гепатиті мен басқа аурулар жатады. аурулар төрт топқа бөлінеді:
I. Ішек инфекциялары. инфекцияның негізгі көзі нәжістерімен
көп мөлшерде қоздырғыштарды шығаратын науқас адам немесе бакте-
рия тасығыш болып табылады. кейбір ішек инфекциясы ауруларында
қоздырғы құсықпен (тырысқақ), зәрмен (ішек сүзегі) шыға алады.
аурудың жұқпалы бастамасы организмге сыртқы ортада қандай да бір
жолмен ластанған тағаммен немесе ауызсумен түседі.
II. Тыныс жолдарының инфекциялары. инфекция көзі науқас
адам немесе бактерия тасығыш болып табылады. Қоздырғыш сау
адамның ағзасына жұқпалы тамшылары бар ауамен дем алғанда
256 түседі. тыныс алу жолдарының инфекцияларына тұмау, инфекциялық
мононуклеоз, табиғи шешек, эпидемиялық менингит, балалар
инфекцияларының көбісі жатқызылады.