Абжанова сокращенная indd


Тәуліктік рационға ұсынылатын майлардың орташа нормасы



Pdf көрінісі
бет42/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Тәуліктік рационға ұсынылатын майлардың орташа нормасы
майдың тәуліктік қолданылуы адамның 1 кг салмағына шаққанда 
1,4-2,2 г құрайды. Яғни 63-158 кг, адамның жынысына, жасына, еңбек 
жасау  түріне  және  тұрғылықты  жердің  ауа-райына  байланысты. 
бұлардың  ішіндегі  жануар  тектес  май  70%,  ал  өсімдік  тектес  30% 
құрайды.
тамақпен  қолданылатын  майлардың  түрі  және  саны  адам 
денсаулығын  сақтау  үшін  және  жүрек-тамыры  ауруларының  профи-
лактикасына  әсері  бар.  тамақпен  бірге  көп  мөлшердегі  холестеринді 
және  қанықпаған  май  қышқылын  (жануар  тектес)  пайдалану  атеро-
склероздың пайда болуына әсер етеді.
тамақтағы артық майлардың әсерінен семіру, жүрек-тамыры ауру-
лары  және  қатерлі  ісік  аурулары  –болады.  негізінен,  тамаққа  өсімдік 
тектес майларды қолданып, жануар тектес майлар мөлшерін аз пайда-
лану қажет.
жалпы,  майларды  қабылдау  рацион  калориялылығын  30%-дан 
артық  қамтамасыз  етпеуі  керек.  Қазіргі  кезде  мектеп  жасындағы 
балалардың  тамақтануындағы  жалпы  майлар  мөлшері  рацион 
калориялылығының  34-35%-ын  құрайды.  күрделі  мәселеге  холесте-
ринге аса бай жануар тектес майларды артық қабылдау жатады.
•  ет  тағамдарын,  құс  еттерін,  сүт  және  сүт  өнімдерін  алу  бары-
сында  майлылығы  кемдеу  тағам  түрлерін  немесе  майсыздарын 
(мысалы, майлылығы нөл ақ ірімшік түрлерін) таңдаған дұрыс.
•  таңдау  омега-3  май  қышқылдарымен  байытылған  тағам 
түрлеріне түскен жөн.
•  Құрамында  қаныққан  май  қышқылдары  бар  тоң  майлар  мен 
өсімдік  майларын  және  транс-майларды  пайдаланудыазайтып, 
аталған майлар кіретін тамақтарды қабылдауды шектеу керек.
•  Қаныққан  майлар  есебінен  калорияның  10  пайызынан  кемі 
түскені дұрыс. Холестеринді 300 мг/күндігіне артық қабылдауға 
болмайды  және  транс-майларды  қабылдаудан  аулақ  болған 
дұрыс.
•  калорияның  20  пайызын,  негізінен,  балықта,  жаңғақтарда, 
өсімдік  майларында  болатын  көп  қанықпаған  май  қышқыл-
дарының есебінен қабылдауды қамтамасыз ету қажет.


66
 
 
                                                                                          
•  тамақ әзірлеген уақытта өсімдік майларын көбірек пайдаланып 
ал жануар тектес майларды пайдалануды шектеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет