Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет44/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Байыту қағидалары:
1.  тағамдық  өнімдерді  байыту  үшін  тапшылығы  айқын  микро-
нутриенттерді қолданған жөн, олар кеңінен таралған.
2.  балалар мен ересектердің барлығына қолжетімді және күнделікті 
тамақтануда үнемі қолданылатын жаппай тұтыну өнімдерін алдымен 
дәрумендер мен минералды заттармен байытқан жөн.
3.  тағамдық  өнімдерді  микронутриенттермен  байыту  осы 
өнімдердің  тұтынушылық  қасиеттерін  нашарлатпауға  тиіс:  олардың 
құрамына кіретін басқа тағамдық заттардың мөлшері мен сіңімділігін 
кемітуге,  өнімдер  дәмін,  иісі  мен  балғындығын  едәуір  өзгертуге, 
оларды сақтау мерзімін қысқартуға болмайды.
4.  тағамдық  өнімдерді  дәрумендер  мен  минералды  заттармен 
байытқанда,  байытушы  қоспалардың  бір-бірімен,  байытылатын  өнім 
құрамдас химиялық өзара әрекет етуін ескеру қажет және өндіру мен 


68
 
 
                                                                                          
сақтау  кезінде  олардың  барынша  сақталуын  қамтамасыз  ететіндей 
қосу үйлесімдерін, пішіндерін, амалдары мен кезеңдерін таңдау қажет. 
5.  байытылған  тағамдық  өнімдегі  дәрумендер  мен  минералды 
заттардың  регламенттелетін  (өндіруші  кепілдік  беретін)  мөлшері 
байытылған  өнімді  тұтынудың  әдеттегі  деңгейінде  осы  микрону-
триенттерге  деген  орташа  тәуліктік  қажеттілік  өнім  есебінен  30-50% 
қанағаттандыру үшін жеткілікті болуға тиіс.
6.  Өнімге қосымша қосылатын дәрумендер мен минералды заттар 
мөлшері,  оларды  дайындауға  қолданылатын  бастапқы  өнім  немесе 
шикізаттың  мүмкін  болуы  қалыпты  мөлшерін,  сондай-ақ  өндіру 
мен  сақтау  кезіндегі  жоғалуларды  ескере  отырып  есептеліп,  осы 
дәрумендер  мен  минералды  заттардың  байытылған  өнімнің  бүкіл 
сақтау  мерзімі  кезінде  тәртіп  белгілеу  деңгейден  төмен  емес  болуын 
қамтамасыз етуі керек. 
7.  байытылатын  өнімдердегі  дәрумендер  мен  минералды  зат-
тардың  тәртіптілігінің  мөлшері  осы  өнімнің  жеке  қаптамасында 
көрсетілуі және өндіруші мен мемлекеттік бақылау органдары тарапы-
нан қатаң бақылануға тиіс. 
8.  байытылған  өнімдердің  тиімділігі  олардың  тек  толық  қауіп-
сіздігін  көрсетіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  жағымды  дәмін,  жақсы 
сіңімділігін,  байытылған  өнімдер  құрамына  енгізілген  және  осы 
заттармен  байланысты  денсаулық  көрсеткіштерімен  бірге  ағзаның 
дәрумендер  мен  минералды  заттармен  қамсыздандырылуын  едәуір 
жақсарту қабылеттілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет