94
нозы), бери-бери (авитаминоз В1), пеллагра (РР авитаминозы – нико-
тин қышқылы жетіспеушілігінің ауыр түрі), пернициоздық қан азаю
(В12 авитаминозы) емдеу әдістері белгісіз кезде, авитаминоздан
науқастанып қайтыс болу кеңінен таралған еді. Осылайша, цинга мен
бери-бери эпидемиясы жүз мыңдаған адам өмірін қиған ауруларға
жатады.
Дәрумендерді ашу және оларды профилактикалық және емдік
мақсаттарда қолданудан қазіргі кезде біздің елімізде авитаминоздар өте
сирек кездесетін құбылысқа айналды. солай бола тұра, Қазақстанда
гиповитаминоздар әлі де, оның ішінде оқушылар арасында кеңінен
таралған. ең жиі кездесетіндері – а, с дәрумендерінің, (аскорбин
қышқылының), фолий қышқылының және өзге В дәрумендер тобының
жетіспеушіліктері.
а, с дәрумендерінің және фолий қышқылының жетіспеушілік-
терінің кеңінен таралуы мезгілдік сипатқа ие. бұл дәрумендердің
жетіспеушілігі қысқы-көктемгі мезгілде жиі кездеседі. Өйткені
бұл дәрумендердің негізгі тасымалдаушылары және қор көздеріне
көкөністер мен жемістер жатады, ал көкөністер мен жемістер қысқы-
көктемгі кезеңдерде кемірек пайдаланылады, бұл олардың басқа
дәрумендерден өзгешеліктері болып табылады. басқа дәрумендердің
негізгі жабдықтаушыларына өзге тағам түрлері жатады. мысалы, В1
дәрумені дақылдық дәндермен бірге қабылданады, ал В12 дәруменінің
жалғыз қорлық көзіне жануар тектес тағам түрлері (ет және сүт
тағамдары) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: