Абжанова сокращенная indd


                                                                                               3-БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет60/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   198
Байланысты:
1 (5)

100
 
 
                                                                                          
3-БӨЛІМ. 
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ
адам өмір сүру барысында үнемі жұмыс істейді. Ол үйлер мен зау-
ыттар  салады,  станоктар  мен  машиналарды  басқарады,  жер  жыртып, 
егін  егеді,  өнім  жинайды,  ғылыми  еңбектер  мен  романдар  жазады, 
басқа  да  пайдалы  мыңдаған  істерді  атқарады.  тіпті  тып-тыныш  дем 
алып,  бей-жай  жатқанның  өзінде  адам  өзі  де  аңғармай,  жұмыс  істей 
береді,  өйткені  оның  жүрегі  соғып  тұрады,  тыныс  алады,  оның 
организмінің әрбір клеткасында зат алмасып жатады.
Организмнің  жұмыс  істеуіне  байланысты  жұмсалған  энергияның 
тамақтану мен тыныс алудың арқасында ғана, яғни тамақ пен оттегін 
қабылдау және пайдалану арқылы ғана есесі толады.
адам организмі жұмыс істеп қана қоймайды, онда дененің жасуша-
лары  мен  ұлпаларының,  сондай-ақ  клетка  ішіндегі  әртүрлі  құрамдас  
құралуы  және  жаңаруы  үдерісі  үздіксіз  жүріп  жатады.  бір  клетка-
лар  өліп,  олардың  орнына  жаңалары  пайда  болады.  клеткалар  өмір 
сүретін  уақыттың  ішінде  оларда,  әдетте,  көптеген  ішкі  клеткалық 
құрылымдар талай рет алмасады. Осы «жөндеу» жұмыстарының бәрі 
үшін адам организміне «құрылыс материалы» керек, ал оны тамақтану 
арқылы ғана алуға болады.
ақырында,  адам  организміндегі  кейбір  биологиялық  белсенділік 
қосындылар,  атап  айтқанда,  белгілі  бір  гормондар  мен  кофермент-
тер  (ақуыз  –  ферменттердің  қажетті  төмен  молекулалық  құрамдас 
бөліктері)  тамақ  өнімдерінде  ғана  болатын  және  «витаминдер»  деп 
аталатын  ерекше  заттардан  түзіледі,  ал  «витаминдер»  деген  сөз 
латыншадан аударғанда «өмір үшін қажет аминдер» дегенді білдіреді 
(шын  мәнінде,  алғашқы  ашылған  витаминдерде  аминдік  топ  болады 
және  олар  аминдер  болып  табылады,  сондықтан  неғұрлым  кейінгі 
витаминдердің  кейбіреулері  аминдер  болмай,  басқа  химиялық 
табиғаттың  қосындылары  болып  шыққанына  қарамастан,  «витамин-
дер»  деген  атау  ғылыми  әдебиетке  де,  әдеттегі  өмірге  де  берік  еніп 
алды.
сөйтіп,  тамақтану  организмге  оның  жұмсаған  энергиясының 
орнын  толтыру  үшін,  дененің  клеткалары  мен  ұлпаларының  түзіліп, 
жаңаруы  үшін  және  организм  функцияларының  атқарылуы  үшін 
қажет  болатын  қоректік  заттар  түсуінің,  қорытылуының,  сіңуінің 
және ассимиляциялануының күрделі үдерісі болып саналады.


101
тамақтану  барысында  сыртқы  ортаның  қоректік  заттар  түріндегі 
факторлары ас қорыту органдарымен тығыз әрекетке түседі, ас коры-
татын ферменттердің әсерінен қажетті өзгерістерге ұшырайды, лимфа 
мен  қанға  түседі,  сөйтіп,  организмнің  ішкі  ортасының  факторларына 
айналады.
Организмге  қажетті  қоректік  заттардың  тиімді  мөлшерде  және 
қажет уақытында түсуін қамтамасыз ету өте маңызды. Өйткені дұрыс 
тамақтану дегеннің өзі не?
Шын мәнінде, мұның өзі тамақтанудың мынадай негізгі үш баста-
масын сақтау:
1.  тамақпен келіп түсетін энергия мен адамның тіршілік ету кезінде 
жұмсайтын энергиясының тепе-теңдігі, басқаша айтқанда, энер-
гия теңдестігі.
2.  Организм      қажеттіліктерінің  қоректік    заттардың  белгілі  бір   
мөлшерде   және арақатынасында қанағаттандарылуы.
3.  тамақтану режімінің сақталуы (тамақты белгілі бір уақытта ішу 
және әрбір тамақтанған кезде белгілі бір мөлшерде тамақ ішу).
4.  Осы прициптердің әрқайсысын толығырақ қарастырып көрейік.
Дұрыс тамақтанудың бірінші бастамасы- энергия теңдестігі. адам 
организміне  қажетті  бүкіл  энергия  тамақпен  келеді.  тамақтың  орга-
низмге  сіңіп,  пайдаланылу  үдерісі  жануға  аздап  ұқсас.  Шынында  да, 
өнімнің дені, соның ішінде көмірсулар мен майлар жылуға (энергияға), 
көмір  қышқыл  газы  мен  суға  айналады.  тек  ақуыз  ғана  организмде 
несеппен  бірге  бөлініп  шығатын,  онша  қышқылданбаған  бірқатар 
өнімдер (несепнәр) береді. сондықтан әуел баста калориялылық (яғни 
энергия  бөліп  шығару  қабілетін)  арнайы  қондырғы  -  калориметрмен 
аныкталатын,  онда  қанша  жылу  бөлініп  шығатынын  оңай  есептеуге 
болады. калориметрде оттегі атмосферасында 1 грамм көмірсу жанған 
кезде орта есеппен – 4,3 килокалория, 1 грамм май жанған кезде – 9,45 
килокалория,  1  грамм  ақуыз  жанған  кезде  5,65  килокалория  бөлініп 
шығады.
алайда  кейіннен  коректік  заттардың  бір  бөлігін  организм  сіңір-
мейтіні  (мысалы,  орта  есеппен  алғанда,  ақуыздар  94,5  –  процент, 
майлар – 94 процент, көмірсулар – 95,6 процент сіңіреді) және белгілі 
бір  түрде  нәжіспен  бірге  шығып  қалатыны  анықталды.  бұған  қоса, 
жоғарыда атап айтылғандай, ақуыздар организмде түгел жанбайды.
Қазіргі уақытта, бір грамм май – 9, ал 1 грамм көмірсу 4 килокало-
рия береді деп есептеледі.


102
 
 
                                                                                          
сөйтіп,  тамақтың  химиялық  кұрамын  білгеннен  кейін  адамның 
бір  тәулікте  қанша  энергиялық  материал  алатынын  есептеп  шығару 
оңай. біздің елімізде негізгі тамақ өнімдерінің химиялық құрамының 
арнаулы кестесі шығарылған, ол 3-қосымшада ішінара пайдаланылды, 
оларға қарап, кез келген тағамның, кез келген дастарқан мәзірінің, кез 
келген диетаның калориялылығын есептеп шығаруға болады.
мысал  үшін  кейбір  өнімдердің  калориялылығын  немесе  қазір 
айтылып  жүргендей,  энергиялық  кұндылығын  келтірейік  (әдетте,  ол 
тамақтың желінетін бөлігінің 100 грамына келетін калориялар арқылы 
байқалады):
Энергияның  сақталу  заңы  –  жалқы  заң,  ол  тірі  организмде  де, 
соның ішінде адам денесінің клеткаларында да әрекет етеді.
сондықтан дұрыс тамақтану қалыпты тіршілікті қамтамасыз етуге 
жұмсалатын  энергия  мен  организм  алатын  энергияның  шамамен 
алғанда тепе-тең болуын көздейді.
 5-кесте
кейбір өнімдердің энергетикалық құндылығы
Өнім
Энергиялық
құндылығы, 
ккал
Өнім
Энергиялық
құндылығы, 
ккал
Қарабидай наны
170
піскен картоп
82
бидай наны
240
алма
39
тәтті нан
320-570
піскен сиыр еті
254
Қант
379
сосика
220-320
сүт
59
жүмыртқа 
(1 данасы)
63
сары май
749
піскен треска
78
Ресей сыры
371
күнбағыс майы
899
   
калориялы  тамақ  аздаған  уақыт  жетіспеген  жағдайда  организм 
өз  қорындағы  заттарды,  негізінен,  май  мен  көмірсуды  (гликоген) 
ішінара  жұмсайды.  тамақ  аздаған  уақыт  көп  ішілген  жағдайда  оның 
сіңірілуі мен кәдеге жаратылуы азаяды. Энергиялық тұрғыдан бағалы 
тамақ  ұзақ  уақыт  жетіспеген  жағдайда  организм  резервтегі  көмірсу 
пен  майды  жұмсап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ақуыздарды  да 
жұмсайды,  мұның  өзі  ең  алдымен  сүйек  бұлшық  еттері  салмағының 
азаюына әкеліп соғады. соның салдарынан жалпы организм әлсірейді.


103
екінші  жағынан,  калориялы  тамақты  ұзақ  уақыт  шамадан  тыс 
ішкен  жағдайда  май  мен  көмірсулардың  бір  бөлігін  организм  тікелей 
пайдаланбайды да, ол май клеткаларында тері астындағы май түрінде 
жиналады.  соның  салдарынан  дененің  салмағы  артып,  адам  семіре 
бастайды.
«Шамадан  аспау»  керек  екенін  көріп  отырмыз.  Ол  шаманы  қалай 
табуға  болады?  тамақпен  қанша  энергия  алатынымызды  біз  біліп  те 
алдық. енді оның қалай жұмсалатынын анықтап алу керек.
мамандар энергияның организмде үш түрлі жолмен жұмсалатынын 
анықтады:  біріншіден,  негізгі  алмасу  деп  алатын  жол;  екіншіден, 
тамақтың өзіне тән күш әрекеті және, үшіншіден, бұлшық ет қызметі. 
бұдан  ары  қарай  осы  ұғымдарға  талай  рет  бетпе-бет  келетіндіктен, 
оларды айқындап алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет