Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Авантюризм


Деспотия  − шексіз және дара билеудің бір түрі.  Децентрализация



бет10/18
Дата07.01.2022
өлшемі56,99 Kb.
#19170
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Деспотия  − шексіз және дара билеудің бір түрі. 

  • Децентрализация – орталық басқару  жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі.

  • Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.

  • Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

  • Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында,  өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.

  • Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.

  • Директива – жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.

  • Дискриминация – нәсіліне,     ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.

  • Диссидент – үстемдік етуші, билеуші  идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды айтады.

  • Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.

  • Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына  жол бермейтін  мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы  саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады. 

  • Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.

  • Еуроцентризм −  ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет