|
|
бет | 9/18 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 56,99 Kb. | | #19170 |
| Байланысты: ГлоссариДемократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Держава – зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|