Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.
Идеал– саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.