Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Авантюризм


Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім. Клина –



бет18/18
Дата07.01.2022
өлшемі56,99 Kb.
#19170
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Глоссари

Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.

  • Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.

  • Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.

  • Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады.  Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

  • Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.

  • Конгресс-1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.

  • Консерватизм-1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.

  • Консервативтік партиялар-  қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастықты жақтайды.
    Мысалы: АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандық әлеумметтік одағымен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.

  • Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

  • Конституциялық сот-бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы.

  • Конфедерация-өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.Онда жалпыодақтық азаматтық немесе одаққа кірген мүшелердің бәрін міндетті түрде заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848жылға дейін Швейцарияда,1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.

  • Конфликт-қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат- мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

  • Конфликтология- әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарынзерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім.

  • Конформизм – іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.

  • Конфронтация-әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-қарсылығы.

  • Кооптация-белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.

  •  Коррупция-1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді,министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

  • Көппартиялық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарына саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады.Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға ұсынылады. Жағымсыз жағы- өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.
    Күш қолданбау саясаты-саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық.Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы халықтық принциптерді басшылыққа алады.                                        

  • Қоғамдық- саяси ұйымдар- халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелілікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін , өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

  • Құқықтық мемлекет-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатынғ, жеке адамның құқықтары жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.Адам алдындағы кең өріс алады.Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.

  • Қырғиқабақ соғыс-екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін басталып, 80жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.

  • Қысымшы топтар- билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін  қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлілігін пайдаланады.Бұл топтар өз аттарынан лоббистік ұғымдар, мүдделі топтар деп атайды. Олар көбінесе мүдделердің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік органдарының арасында  байланыс болғанда пайда болады.

  • Легитимділік- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,  оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орыендалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілеп бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М.Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті:
    1.Әдет-ғұрып   2.Харизмалық   3.Ақыл- парасат

  • Либерализм-1. Жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт. 2.Бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

  • Лобби- белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұғым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады.Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

  • Лояльдық- өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.

  • Люмпен-қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оны қаңғыбастар, қайыршылар,жезөкшелер,қылмыскерлер және т.с.с. жатады.

  • Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.

  • Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі.Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді.
    Маманданған көпшілік- қоғамдық саяси өмірдің ең  маңызды мәселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау тәртібі.

  • Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат  2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.

  • Манифест- 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2.Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.

  • Манифестация- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.

  • Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар.  Олар   бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға  душар болады.Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай  ілесіп кетеді.Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады.Мысалы, метистер.

  • Марксизм-өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.Қоғамдық-экономикалық фоормация теориясын ашты. Ол бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік революцияға әкелді. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналады. Дегенмен,марксизм  әлеуметтік және саяси процестерге жеңіл-желпі, тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды.

  • Мәміле-Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

  • Мафия-күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты заңсыз амал-әрекеттер арқылы өз мақсатарына жетуі үшін ұйымдасқан құпия қылмыстық  топ, сыбайластар.

  • Мәртебе-азаматтың, месмлекеттік органның халықаралық ұйымның және т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.

  • Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың   әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресмми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бәрі сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындалмаса,  оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.

  • Мемлекеттік билік-барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

  • Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.

  • Ментолитет-1)ойдың бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3)рухани өмірдің ерекшелігі.

  • Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.

  • Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.

  • Модернизация-қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің ,бағдарлама, тұжырымдардың өзгеруі. Заман  талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.

  • Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан,шах және  т.б.деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония , Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.

  • Мороторий-ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындау уақытша тоқтату, ұзіліс жариялау.

  • Муниципалитет-1)кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастықтың, жергілікті өзін-өзі басқару органы.Оның өз меншігінің заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) Кей  елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлек; 3) Муниципалитеттің орналасқан үйі.
    Мэр-муниципалитеттің бастығы.

  • Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтар, монғолоидтар және европоидтар жатады. Негроидтар терісі қара, шатары бұйра келеді, монғолоидтардың терісі сары, шаштары тік және қара болады. Европоидтардың терісі ақ келеді.Олардың  бұлай бөлінуіне өте ерте замандарда тұрмыс кешкен табиғи жағдайлары себеп болады.

  • Нәсілшілдік-әр түрлі нәсілдерді ақыл-есі, психологиясы жағынан тең санамай, оларды жоғарғы және төменгі нәсілдерге бөлетін ғылымға жат көзқарас, идеология. Оны жақтаушылардың ойынша, нәсілдік ерекшеліктер қоғамның тарихы мен мәдениетіне шешуші ықпал етеді. Олар өркениеттілікті тек жоғары нәсілдің өкілдері жасайды, сондықтан солар билеп төстеуі керек деп пайымдайды. Мұндай теория бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Герменияда кең тарады.Қазір еврейлер өздерін басқа халықтардан артық санап жүр. Шын мәнінде, қоғамдық немесе жаратылыстану  ғылымдарының дәлелдеріндей, адамзаттың биологиялық және тарихи дамуына нәсілдік ерекшеліктер елеулі әсер етпейді.

  • Нигилизм- жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды. 

  • Нонсенс- қатыгездік, артық кетушілік.

  • Нота- Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.

  • Нувориш- сауда-саттық және т.с.с. тәсілдер арқылы тер төкпей тез байыған адам. Әдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл тауып, билік басына келуге, қоғамдық өмірге әсер етпеуге тырысады.

  • Обструкция-белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларын қарсы наразылық білдіретін, кедергі жасап, қабылдамауға тырысудың  бір түрі. Мысалы, мұндайда депутаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі, орынынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін.

  • Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады.

  • Одақ- жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутат тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттарды, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық,әскери және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар құрылады.

  • Оккупация- бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекет өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.

  • Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін.Сондықтан қаржы олигархиясы деп аталады.

  • Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.

  • Оппозициялық партиялар- өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.

  • Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

  • Өктемшілдік- жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік- саяси тәртіп.  Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесті органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды.Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен  сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді.Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

  • Өркениеттілік-1)қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі. 2)мәдениеттің синонимі 3)Л.морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.

  • Өкіметті бөлу- өкіметті іске асыру принципі мен механизмі. Соның негізінде уәкілеттілік пен функцияны дифференциалдауды қамтамасыз ету, саяси институттарды үйлестіру, кооперациялау және оптималды  үйлестіру.

  • Пакт-халықаралық келісім.

  • Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.

  • Парафинирование-халықаралық келісімге уәкілдердің алдын ала қол қоюы және оның жеке баптарын мақұлдау арқылы келісімнің тексіне қолдану көрсетеді.

  • Паритет-мемлекеттер арасындағы саяси және әскери қарулы күштердің тепе-теңдігі.

  • Парламент-жоғарғы сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде әр түрлі аталады.Мысалы, АҚШ-та, Польша мен Финляндияда-сейм. Краш пен Түркияда-мәжіліс, Германияда-федеральдық жиналыс, Израильде-кнессет, Норвегияда-стартинг, Ұлыбританияда-Парламент, Францияда-Ұлттық жиналыс дейді.

  • Парламенттік Республика-конструкция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, соған сондықтан тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, халықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналады. Көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады.

  • Пауперизм-біраз халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы-жақсыбайлық.

  • Пацифизм-соғыстың қандай түріне болмасын қарсы тұрып,бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс. Ол XIX ғасырдыңжартысында пайда болды.
    Пентагон-Вашингтон қаласының қасында АҚШ-тың әскери министрлігі орналасқан ғимарат. Жанама мағынада Американың әскери штатын да осылай атайды.

  • Перманенттік-тұрақты, үздіксіз жалғаса беретін.Мысалы, К.Маркс перманенттік революция туралы айтқан болатын.

  • Петиция-жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш.

  • Плебисцит-ерекше  маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін сұрау, анықтау.

  • Плутократия-1) мемлекеттік билік байларға бағынышты болған саяси құрылыс. 2) байлардың билігі  3)ақшаның үстемдігі.

  • Позиция-1)белгілі бір мәселеге, іске ұстанған көзқарас пікір.2)орналасу орны, бағыт.

  • Полемология-соғыстың және қарулы қақтығыстың себептерін, мәнін,ерекшелігін, зардап салдарын және т.с.с. жан-жақты зерттейтін ғылым. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция, Голландия, Италия елдерінде т.б.

  • Полис-ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси экономикалық ұйымы, қала мемлекеті.

  • Прагматизм-алға қойылған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.

  • Прембула-халықаралық келісімнің,конституция, декларация және т.б. заңдысыз құжаттардың кіріспе бөлімі.

  • Президент-1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап қойылатын басшы,қоғамдық, ғылыми мекемелердің, коорпорация, компания және т.б. төрағасы.

  • Президенттік басқару-1)конституцияда көрсетілген өзін өзі басқару институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдер арқылы жүргізуі. 2) конституцияда көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік беру. Әдетте, мұндай жағдайда демократиялық институттар қызметтерін тоқтатады.

  • Президенттік республика-конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Егер президентті парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Президент өкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады.Біздің Қ.Р.-да да осындай билік түрі.

  • Прерогатива-Белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.

  • Пресс-конференция- белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз  өкілдерімен кездесуі.

  • Престиж- қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық – саяси мекеме, әлеуметтік жағдай.

  • Прогресс- алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.

  • Пролонгация- белгілі бір саяси келісім шарттың мерзімін созу.

  • Промульгация- мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.

  • Протекториат- күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XXғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.

  • Протекционизм-1)ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат 2)жақсы қызметкерлерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге қамқорлық жасауы.

  • Радикализм-партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгертуге мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппазициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық,баяулық жасап отыр деп кінәлайды.

  • Ратификация- мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітілуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да,келісім-шарт күшіне енеді.

  • Реабилитация-жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру.

  • Реакция- 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреска қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат. Ол, әдетте,жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық саяси езгінің күшеюіне, еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.

  • Реакциялық партиялар-қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға немесе дәуірлерге қайтып оралуды көксеуші партиялар.

  • Реваншизм- жеңілген мемлкеттің жаңа соғыс арқылы бұрынғы жерін қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге тырысады.

  • Революция-қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс.Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор.Ол көпшілік күштерді қозғалысқы келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне  үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып, одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. Революциялық құрылыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық және т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.

  • Революциялық партиялар-қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар.

  • Регент-монархиялық елдерде монархтың жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам.

  • Регресс-кері шегінушілік, бірдененің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.

  • Резиденция-мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы адамның тұрақты орны. Онда жоғарғы деңгейдегі саяси қайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы , қаланың сыртындағы болып және т.с.с. болуы мүмкін.

  • Реидеологизация- ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде осы ғасырдың 70-80жылдарында пайда болды.

  • Рейтинг-ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш.Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. көрсеткіштер негізінде жасалады.

  • Репарация-соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай слғыс  шығынын төлеуі.

  • Репатриация-соғыс кезінде тұтқындалған адамдардың,  босқындардың, саяси және т.с.с. себептермен басқа жерге қоныс аударғандардың өз еліне қайта оралуы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет