Иммиграция- бір елден юасқа елдің азаматының тұрақты немесе уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, этникалық факторлар болып табылады.
Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.
Империя- 1)император басқаратын монархиялық мемлекет; 2) метрополия елдерінің билігі таратылатын әртүрлі аймақтардың отарық бірлестігі.
Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.