Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Держава– зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.