Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.
Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.