Егер ағзадан қажетсіз заттар бөлініп шықпаса ағза қандай күйге шалдығар еді? Ағзадағы ыдырау нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер және бөгде заттардың барлығын сыртқа шығару- организмнің ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. Соңғы өнімдердің дер кезінде организмнен шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
Зәр шығару жүйесі Адам мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйесі бүйректен және олардан шығатын зәр ағарлардан, қуықтан, зәр арнасынан турады.