Адал азамат



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

БАТА АЛҒАН БЕРКІН ІНІМ 
 
Қабақбаев Жанғабыл  
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.  
Ақтөбе қаласы. 
 
Құрманбековтер  әулетімен  біздің  жегжаттығымыз  бар.  Дәлірек  айтсак,  Шалқар 
ауданының  Аққайтым  ауылында  тұратын  немере  ағам  Қапанның  үлкен  келіні  Баянмен 
ағайынды Еркін мен Беркін туған бөле. Еркін ағамызбен алғашқы таныстығымыз ол Ақтөбе 
облыстық  комсомол  комитетінің  хатшысы  кызметін  атқарып  жүрген  кезінде  1977  жылдың 
қыркүйек  айында  Қарауылкелді  селосында  Нұрпейіс  Байғанинге  ескерткіш  ашылу 
салтанатында басталып еді. Сонан бері ағалы-інілі сыйластығымыз нығаймаса сетінеген жоқ. 
Ал Беркінмен әртүрлі іс-шараларда, той-садақаларда жолығысатынбыз. Сәлемі түзу, қимыл-
қозғалысында нағыз ғылым адамына тән орнықтылық бар. 
Бірде  облыстық  тілдерді  дамыту  басқармасына  шақыру  қағазы  келді.  Облыс 
орталығында  Сақтаған  Бәйішев  атындағы  әмбебап-ғылыми  кітапхананың  мәжіліс  залында 
«Қайраткер  Алпысбай  Қалменов»  атты  кітаптың  (авторлары  Өмірзак  Озғанбай,  Беркін 
Құрманбеков  -  Алматы  қаласы,  «Нұрлы  әлем»  баспасы,  2006  жыл)  тұсаукесер  рәсіміне 
арналған  шара  өткізіледі  екен.  Бастық  Сексенбай  Күлімбетовтің  тапсырмасымен  мен 
қатысатын  болдым.  Шараның  жоспары  жан-жақты  ойластырылып  жасалған.  Авторлардың 
бірі  Беркін  материалдардың  жинақталуы,  кітап  тарауларының  жазылуы  және  баспадан 
шығарылуы  жайында  әңгімеледі.  Құлаққа  жағымды  қоңыр  даусымен  әсіре  мақтанға 
салынбай  өз  ойын  байсалды  жеткізді.  1906  жылы  Ресейдің  I  Думасына  депутат  болып 
сайланған  даңқты  жерлесіміз  Алпысбай  Қалменов  туралы  мағыналы  деректерге  қанықтық. 
Құрманбеков  пікірін  шегелеп  айтады  екен.  Талай  кітаптың  тұсаукесеріне  қатыстық, 
авторларын  тыңдадық.  Тап  осы  жолғы  ғалым  мен  оқырмандар  арасындағы  ашық-жарқын 
сұхбаттан  ұмытылмастай  әсер  алғанымды  несіне  жасырайын?!  Сүйсіндім,  «Ғылымға 
берілген  адам  осылай  болса  керек»  дедім  іштей.  Жалғыз  мен  емес,  шараға  қатысқан 
адамдардың негізгі дені осы пікірде шыққаны анық еді.  
Тарих  ғылымдарына  деп  қойған  адамнан  мұқияттық,  дәлме-дәлдік  талап  етіледі. 
Асығыстыққа  салынуға,  жеке  немесе  ағайындық-рулық  мүдде  тұрғысында  деректерді 
бұрмалауға,  алып-қашпа  әңгімелер  жетегінде  кетуге  мүлде  болмайды.  Біздің  танымымызда 
Беркін Жолмырзаұлы — осы қағидаларды қатаң ұстанған адам. Еліміздің батыс аймағында 
жетекші  оқу  орындарының  бірі  -  Құдайберген  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 
университетінде  кафедра  меңгерушісі  ретінде  ұстаздық  қызметін  атқара  жүріп,  ол  ғылыми 
ізденістерін  бір  сәт  тоқтатқан  жоқ.  Мұрағаттарда  шаң  басқан  папкаларды  ақтарды,  ел 
аузындағы  әңгімелерді  жазып  алды,  кәсібі  және  жасы  әрқилы  ұлт  өкілдерімен  сұхбат 
жүргізді,  әйтеуір  діттеген  тақырыбын  шамасы  жеткенше  зерттеп,  қағазға  түсіре  берді. 
Нәтижесінде  жоғарыда  айтып  өткен  Алпысбай  Қалменовтен  өзге  Нұрпейіс  Байғанин, 
КеңесОдағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев және басқа ұлттық тұлғалар жөнінде мазмұнды 
кітаптарды оқырманға ұсынды. Қазақ даласының киелі бөлшегі - Темір өңірінің кешегісі мен 
бүгіні  жайлы  сыр  шерткен  «Темір  тарихы»  кітабы  қалың  жұртшылықтың  ілтипатына  ие 
жәдігерге айналды. 
Ұстаздық  пен  ғалымдықты  қатар  ұштастырып,  ел-жұрттың  батасын  алып  жүрген 
інімізге  тағдырдың  ауыр  соққысы  кезікті.  Сүйген  жары,  өзімен  бірге  Әл-Фараби  атындағы 
Қазақ  Ұлттық  университетінде  оқып,  бітірген,  өмірдің  куанышты-ренішті  сәттерін  бірге 
өткерген,  құтты  шаңырақта  бес  қызды  дүниеге  әкелген  тамаша  ұстаз  Сәуле  аяқастынан 
дүниеден озды. Оқыс  казаны кештеу  естіп, өзіне арнайы сәлемдестім, кешірім сұрап, көңіл 
айттым.  Жағдай  жанына  батқаны  аңғарылды,  марқұмның  туып-өскен  ортасы,  жеке  адами 
қасиеттері  жайында  ағынан  жарылып,  сыр  шертті,  мерзімді  басылымдардың  бірінде 
жазылғанын  қалайды  екен.  Азамат  тілегін  түсіндім,  көп  ұзамай  екеуміз  оңаша  отырып, 
кеңінен әңгімелестік. Сол сұхбат республикалық Ұлт газеті - «Ана тілінің» 2011 жылғы 10-16 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
190  
    
 
қарашадағы  №45  (1093)  санында  «Сүйген  жарым  сүйеу  болып  еді...»  деген  тақырыппен 
жарияланды. Материал шыққан соң Беркін інім қызмет орныма әдейі келіп, рахметін айтты. 
Сәуленің  қазасының  қайырын  тілеп,  қыздарының  қызғалдақтай  жайқалып  өскеніне 
шүкіршілік  етіп  жүргенімізде  Беркіннің  тірліктегі  көші  кілт  тоқтады.  Естігенде  сенер-
сенбесімізді білмедік. Жаманат хабар рас болып шықты. Жан-дүниені кернеген ішкі күйзеліс 
тамаша  азаматты,  білген-түйгенін  ерінбей-жалықпай  ғылыми  сараптаудан  өткізіп,  туған 
халқының  игілігіне  арнаған  ғалымды  мезгілсіз  алып  кетті.  Қас  қағымда  ана  мен  әкеден 
айырылу  бәрінен  бұрын  қыздарына  ауыр  тигені  хақ.  Осы  қайғылы  жағдайдан  сәл  бұрын 
журналист  Аманбай  Көздібаев,  өнеркәсіп  саласының  шебері  Мұхит  Отарбаев  аяулы 
жарларының  соңынан  жалғанның  көшіне  ілесіп  еді.  Құдіреті  күшті  Алла,  Беркін 
Құрманбековке де осындай тағдыр бұйыртыпты. Өкінішті! 
Бақұл  бол,  ардақты  інім!  Пейіште  нұрың  шалқысын!  Соңыңдағы  ұрпағыңды  желеп-
жебеп жатқайсың! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
191  
    
 
БУДЕМ СЛЕДОВАТЬ ВОСТОЧНОЙ МУДРОСТИ 
Выступление на митинге-прощании 
 
Цхай Константин Валентинович 
Проректор АГУ им. К. Жубанова 
 кандидат физико – метематических наук, 
 профессор, почетный работник образования Республики Казахстан 
 
Сегодня  мы  провожаем  в  последний  земной  путь  нашего  друга  и  коллегу  Беркина 
Жолмурзиновича, заведующего кафедрой социально – политических дисциплин,  кандидата 
исторических  наук.  От  имени  ректората  и  коллектива  Актюбинского  государственного 
университета  им  К.  Жубанова    я  выражаю  родным  и  близким  глубокое  соболезнование  в 
связи  с  постигшей  всех  нас    невосполнимой  утратой.  Судьба  коварно  подстерегла  его  на 
взлете  творческих  сил  и  возможностей.  Мы  знали  что  он  болен,  но  после  перенесенной 
операции,  когда  мы  в  очередной  раз  посетили  его  в  больнице,  он  демонстрировал  такую 
бодрость  и  оптимизм,  что  нам  подумалось,  что  болезнь  отступила.  И  вместе  с  ним  мы 
глубоко  радовались  что  худшее  позади.  Сегодня  мы  не  можем  сказать,  почему  он  так  вел 
себя, может быть он действительно уверовал, что болезнь отступила, а может не хотел чтобы 
в  семье  царила  угнетенная  атмосфера  и  тем  самым  поднять  настроение  детей  и 
родственников. Это знал только он один. 
Но Всевышний решил призвать его к себе... 
Из  озвученной    Жардемгали  Жубангалиевичем  биографии  Беркина  Жолмурзиновича 
следует,  что  он  более  10  лет  был  на  высоких  должностях  исполнительной  и 
представительной  власти.  Очень  много  примеров,  когда  человек,  вознесенный  во 
власть,трансформируется  не  в  лучшую  сторону, 
становясь  высокомерным  с 
бюрократическими  замашками.  Беркина  Жолмурзиновича  это  не  коснулось.  Он  был 
простым,  доступным  в  общении,  доброжелательным,  внимательным  человеком,  никогда  не 
позволял себе грубости  по отношению к своим друзьям и  коллегам, был заботливым сыном, 
внимательным супругом и любящим отцом. Хорошие профессиональные навыки и качества, 
приобретенные  им  на  партийной  и  советской  работе,  такие  как  ответственность, 
добросовестность  работоспособность,  обязательность,    умение  составлять  аналитические 
справки  и  правильно  планировать  свою  работу  в  полной  мере  проявились  и  в  процессе 
работы  в  университете.  За  это  он  пользовался  заслуженным  авторитетом  у  руководства 
университета и у своих коллег. 
Он хорошо знал свой предмет, обладал превосходными лекторскими  качествами, умел 
эмоционально и доступно доводить учебный материал студентам, за что при анкетированиях 
студенты  всегда  выставляли  ему  высокие  оценки.  Беркин  Жолмурзинович  пришел  в 
университет  уже    в  зрелом  возрасте,  когда  у  человека  уже  устоялись  взгляды  на  мир, 
определилась  область  профессиональной  деятельности,  сложился  привычный  распорядок 
жизни.  Несмотря  на  это,  Беркин  Жолмурзинович  сумел  резко  изменить  характер 
профессиональной  деятельности.  У  него  проявились  незаурядные  способности  к  научно  – 
исследовательской  работе,  чему  во  многом  способствовал  его  аналитический  склад  ума. 
Придя в науку после 40 лет он сумел защитить кандидатскую диссертацию, выпустил более 
15 монографий и около 100 научных и научно – методических  работ. Его по праву считали 
одним  из  ведущих  ученых  по  краеведению  Западного  Казахстана.  Он  проявил  себя  и  как 
талантливый  администратор  и  организатор.  Кафедра,  которой  он  руководил,  признавалась 
лучшей  в  университете  в  номинации  «Кафедра  года».  На  востоке  есть  мудрое  изречение: 
«Жизнь усопших продолжается в памяти живых». Я думаю, что все мы, кто его знал, должны 
следовать  этой  мудрости  и  сделать  все  чтобы  в  наших  сердцах,  в  нашей  памяти  Беркин 
Жолмурзинович был всегда с нами. 
Пусть земля будет тебе пухом, дорогой друг. Мы уверены, что ты в той, другой жизни 
будешь в раю, это ты заслужил всей своей добропорядочной земной жизнью. Хочу пожелать 
родным и близким мужества и силы, чтобы стойко принять эту тяжелую утрату. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
192  
    
 
НИКОГДА О ДРУГИХ ПЛОХО НЕ ГОВОРИЛ 
Выступление на поминках 
 
Цхай Константин Валентинович 
Проректор АГУ им. К. Жубанова 
 кандидат физико – метематических наук, 
профессор, почетный работник образования Республики Казахстан 
 
Дорогие дочери и родственники Беркина Жолмурзиновича, уважаемые друзья, коллеги, 
все, кто присутствуют в этом зале. 100 дней тому назад мы проводили в последний земной 
путь  Беркина  Жолмурзиновича.  Во  многих  религиях,  в  том  числе  в  исламе,  утверждается, 
что  на  40-й  день  после  кончины  душа  покидает  телесную  оболочку.  Вот  уже  2  месяца  его 
душа  обитает  в  небесах  и  имеет  возможность  наблюдать  за  всеми  нами.  Я  думаю,  что 
сегодня  его  душа  умиротворена,  ибо  он  видит  как  много  людей  сегодня  собралось  здесь 
вспомнить о нем, как грустят из-за того, что его нет, с нами в этой жизни. Вспоминают о том, 
какой  замечательной  супружеской  парой  они  были  -  Беркин  и  Сауле  и  скорее  всего  они 
встретились  там,  в  другой  жизни.  Когда  человек  уходит  в  иной  мир,  кем  бы  он  не  был  в 
жизни,  прежде  всего  вспоминаются  его  человеческие  качества.  В  этом  смысле  Беркин  был 
примером 
и 
образцом 
глубоко 
интеллигентного, 
справедливого, 
порядочного, 
доброжелательного и заботливого человека, человека всегда готового прийти на помощь тем, 
кто  нуждался  в  такой  помощи.  И  мы  знаем  множество  случаев,  когда  он  поддерживал  и 
помогал многим простым людям, друзьям, коллегам и студентам. Сегодня здесь говорили о 
том, что Беркин Жолмурзинович в своей жизни занимал множество значимых должностей. 
Очень  много  примеров,  когда  власть  портит  людей.  В  этом  смысле  Беркин  свои  хорошие 
человеческие качества пронес через свою жизнь, он был глубоко нравственным, простым без 
всякого чванства, открытым человеком, к которому тянулись люди. Мне очень нравилось в 
нем то, что он никогда о других не говорил плохо и не осуждал. Он говорил, что человеку 
свойственны  слабости,  поэтому  осуждать  их  за  это  не  нужно...Сегодня  мы  вспоминаем 
Беркина  Жолмурзиновича  и  как  профессионала  высокого  уровня,  обладавшего  к  тому  же 
хорошими организаторскими качествами как руководителя. Он достиг заметных успехов и в 
научной деятельности, он автор широко известной монографии о Западном Казахстане и еще 
других  14  монографий  и  множества  научных  статей.  Беркин  занимался  просветительской 
работой, широко сотрудничал с редакциями республиканских и областных газет и журналов. 
Беркину  Жолмурзиновичу  присваивалось  по  университету  почетное  звание  в  номинации       
«За лучшие научные достижения года». Когда мы прощались с  Беркином я приводил одно 
мудрое  восточное  изречение,  сегодня  я  хотел  бы  вспомнить  еще  одно  мудрое  изречение: 
«Если человек  ушел из жизни, но не забыт,  то он бессмертен». Давайте будем следовать  и 
этой  мудрости,  ведь  для  этого  не  нужно  преодолевать  каких-либо  препятствий  или  нести 
материальные затраты... 
Детям  и  родственникам  желаю,  чтобы  подобные  беды  обходили  ваши  дома,  чтобы  в 
ваших семьях воцарились благополучие и душевное спокойствие. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
193  
    
 
МАЙТҮБЕК  МАҚТАНЫШЫ 
 
Миров Мұхтар 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе  
мемлекеттік университетінің доценті 
Филология ғылымдарының кандидаты 
 
Әркімнің  туған  жері  өзіне  ыстық,  жұмақтай  көрінетіні  дәлелдеуді  қажет  етпейтін 
ақиқат. Сондай шағын мекеннің бірі - Майтүбек. Бұл жер атауы туралы Байғанин ауданының 
75  жылдығына  арналып  шығарылған  энциклопедияда  төмендегідей  мәлімет  берілген. 
Майтүбек - Байғанин ауылының оңтүстік-батыс жағындағы Бармақ батыр көшесіне кіретін 
бөлігі. 20-30 үйлі шағын ауыл. 1954жылдары пайда бола бастаған. Майтүбектің жері сортаң, 
суы  тайыз  шығады,  іргесінен  темір  жол  линиясы  өтеді.  Әр  жылдары  Майтүбекте  19 
ғасырдың  аяғы  мен  20  ғасырдың  басында  әншілігімен  танымал  болған  Қоғабай  Тортин, 
Ленин орденінің иегері Құрман Ұзақбаев, Совет одағының батыры Қожағали Жазықов, ақын 
этнограф  Төлекбай  Қарасаев,  колхоз  кұрылысының  ұйымдастырушылары  Жолмырза 
Құрманбеков,  Әбіш  Шопаев,  кеңес  партия  қызметкері  Әліп  Балманова,  сазгер-дирижер 
Айберген  Айтбаев  тұрды.  Осы  Майтүбекте  физика-математика  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Ілияс  Тәжімұратовтың,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Әзімбай 
Асаровтың,  ғылым  кандидаттары  Беркін Құрманбековтің,  Мұхтар Мировтың тағы  да  басқа 
белгілі азаматтардың балалық, жастық шақтары өтті. 
Шындығында  бұл  анықтамалыққа  иек  арта  отырып,  аталған  топырактың  құнарлы 
екеніне  шүбәсіз  таң  қалып,  бас  имеске  шараң  жоқ.  Бір  ғажабы  -  осы  Майтүбектен  шыққан 
талай  танымал  азаматтардың  бәз  біреулер  секілді  өркөкіректік  көрсетпей,  бетегеден  биік, 
жусаннан аласа болып жүретіні оларға біткен қасиетке осы киелі жердің топырағы әсер еткен 
бе деген ойға келесің. 
Жарқамыс  деген  касиетті  мекенде  дүниеге  келіп,  туған  елі  үшін  аянбай  еңбек  етіп, 
Алаштың  ардақтысына  айналған  азаматтардың  аз  еместігі  белгілі.  Олардың  әр  кайсысына 
тоқталып, түгендеп отыру  - басты максатымыз да емес. Ол болашактың ісі. Бірақ, олардың 
еңбегіне ілтипат, рухына тағзым етіп отыру - ұрпақ парызы. Адамзат өркениетінің өнегесі де 
осындай. 
Бүгінгі  әңгіменің  кейіпкері  де  осы  қастерлі  топыракта  кіндік  қаны  тамып,  ана  сүтін 
арда емген ардақты азаматтардың бірі де, бірегейі,  ұлағатты ұстаз, парасатты ғалым, аяулы 
әке, сүйікті жар, немерелеріне абыз ата бола білген Беркін аға Жолмырзаұлы Құрманбеков. 
Аға  жайында  тек  біз  өткен  шақта  айтатынымыз  хақ.  Күні  кеше  ғана  арамызда  жайраңдап 
жүріп, үлкенге іні, кішіге парасатты аға бола білген Беркін ағамыздың карапайымдылығын, 
айналасындағыларға  әркез  шуағын  шашып  жүретіні,  елдік  мәселелерге  іркілместен  кірісіп 
кететін  азаматтығы  —  өміріндегі  айшықты  ұстанымы  болды.  Кеңпейіл,  шуақты  мейірі, 
адалдығы мен азаматтығы оны білетіндердің есінде екені даусыз. Осы тұста казақ сынының 
сарабдал  сарбазы  Сағат  Әшімбаевтің  адамгершілік  туралы  мына  бір  ойлары  еріксіз  еске 
түседі. «Адамгершілік! Бүл - сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айкын, салмағы 
пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл касиетін анықтайтын бірден-бір 
аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең 
ұлы  принцип.  Шынын  айтқанда,  жеке  дара  принципті  ғана  емес,  заңның  да,  заманның  да, 
адамның  да  кұдіреттілігін  танытанын  ең  ұлы  күш»!  Өйткені,  адамгершілікке  негізделген 
жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім. Адамгершілік туын әркез биік ұстап, арына 
дақ салмай өмірден баз кешкен аяулы ағамыздың кісілік касиеті бәрімізге үлгі болатыны хақ. 
Беркін аға қоғамдағы болып отыратын құбылыстарға әруақытта байсалды түрде қарап, оған 
өз пікірін ғылыми түрде байыптап, астарлап жеткізіп  отыратын. Ол  мынау  жалған дүниеде 
адам баласына көп нәрсенің керегі жоқ екенін ерте ұққан тәрізді. Асыл ағамыз кейде жүмыс 
аяғында  айналасындағы  жастарға  өзінің  өнегелі  әңгімелерін,  әзіл-калжындарын  айтып 
отыратын. 2012 жылы каңтар айының бірінде ол 60 жасқа толды. Бұл туралы ағамызға Алла 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
194  
    
 
жазса  жер  аяғы  кеңігесін  Майтүбектің  топырағына  бір  аунатып,  халыкпен  қауышсак  деген 
ойымды  білдіргенмін.  Ол  ұзақ  ойланып  оны  уақытында  көрерміз  деген.  Әттең,  уақыт  оған 
жеткізбеді. Сәуле жеңгеміз өмірден озғаннан кейін де біраз қалың ойдың ортасында жүргені 
анық. Бірде Ойыл ауданында ұзақ жыл еңбек еткен үстаз Шәрбану Бекмұханбетованың есте 
қалдыруға  қатысты  шараға  университет  атынан  катысып  қайтқан  еді.  Іссапардан 
оралысымен менің кабинетіме келіп, «Мұхтар Ойыл өзенінің бойында тұрып, аспанда ұшқан 
біраз  кұстардың  әуенін  естідім.  Ести  сала  мына  бір  әуен  келді  құлағыма»  -  деді. 
Шындығында ол әуен Сәуле жеңгеме деген сағыныш сазы болатын. Ол жеңгемізді өмірінің 
соңғы  күніне  дейін  қадірлеп  өткенін  білеміз.  Ол  туралы  шығарған  кітаптар,  жасалған  игі 
шаралар бұған дәлел. 
Кейінгі жылдары Беркін аға біраз кітаптар жазып, бірінен соң бірінің түсаукесеріне куә 
болдық.  Ол  еңбектерді  ғалымдар  кауымы,  калың  оқырман  ыстық  ықыласпен  кабылдады. 
Түсіне білгенге Беркін Жолмырзаұлының қаламынан туған зерттеу еңбектері біздерді кісілік 
пен  адамгершілікке  тәрбиелейтін,  кейінгі  ұрпақтың  бойына  намысшыл  тарихи  сана 
дарытатын асыл қазына. Шағын ғана Майтүбек деп аталатын туған топырақтың төл перзенті 
Беркін  Жолмырзаұлының  өнегелі  өмір  жолы  ұрпақ  есінде  мәңгілік  мақтаныш  сезімін 
ұялатары сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
195  
    
 
АБЗАЛ АЗАМАТ. ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҒАЛЫМ 
 
Ниязмағамбетов Қожабек 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  
мемлекеттік университетінің  
бас ғылыми хатшысы, доцент       
 
Жаны  жаннатта,  топырағы  торқа  болсын,  марқұм,  арамызда  күні  кеше  ғана  жайнап 
жүрген абзал азамат, Ұлағатты ұстаз, туған өңіріміздің тарихы мен тұрмыс-тіршілігін, белгілі 
тұлғаларын  зерттеумен  айналысқан  ғалым  ініміз  Беркін  Жолмырзаұлы  Құрманбековпен 
өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарының  басында,  дәлірек  айтсақ  1992  жылы  таныстым. 
Ол  кезде  партия тарап,  Бекең  Қобда  аудандық  оқу  бөлімінде  жетекші  маман  болып  істейді 
екен.  Аудандық  оқу  бөлімін  белгілі  ұстаздар  әулетінің  өкілі  марқұм  Қазихан  Жүсібалиев 
басқарады екен. 
Қобда,  Ойыл  аудандарынан  студенттер  қабылдауға  келген  Ақтөбе  педагогика 
институтының  көшпелі  комиссия  жұмысына  жергілікті  әкімшілік  тарапынан  қолдау, 
жәрдемдесу мәселелерімен Беркін Жолмырзаұлы айналысатын болып белгіленді. Қабылдау 
емтихандарына институт оқытушыларымен қатар жоғарыда аталған  аудандардың жергілікті 
пән мұғалімдері де қатысуы тиіс. Емтихан өтетін мектептің оқу кластарын емтихан өткізуге 
әзірлеу, күнара  келіп қайтатын оқытушылар мен мұғалімдердің, талапкерлердің  орналасуы, 
қауіпсіздігі тағы басқа көптеген мәселелер Бекеңнің жәрдемімен оңтайлы шешіліп, қабылдау 
науқаны ойдағыдай өтті. Емтиханды Ақтөбеде – институтта да қабылдауға болады. Көшпелі 
комиссияның  ұйымдастырылуы  жергілікті  білім  беру  саласымен,  ата-аналармен  мейілінше 
жақын, шынайы қатынас орнату болатын. 
Мұның бәріне тоқталып отырғанымыз - Беркін Жолмырзаұлының ауданда біраз мерзім 
партия-  кеңес  жұмысында  абыройлы  қызмет  істеп,  ысылғандығына,  жергілікті  халық 
алдында  өзінің  кішіпейілділігі  мен  іскерлігінің  арқасында  үлкен  бедел  мен  абыройға  ие 
болғандығына көзіміз жеткенін айрықша атап өту. 
Орайы келген әңгімелесуде өңір тарихынан мол мағлұматы бар екендігіне көзім жетті. 
Аудан  территориясындағы  белгілі    Абат  -  Байтақ  ескерткіші,  Қобыланды  мен  Исатай, 
сұрапыл  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Қобда  өңірінен  шыққан  Совет  Одағының  батырлары 
туралы  және  т.б.  мол,  терең  мағлұматтарды  өз  басым  алғаш  рет  Бекеңнің  аузынан  есіттім. 
Сол  уақытта өзінің мүмкіндік болып, сәтін салса ғылыммен айналысуда ойында бар екенін 
айтқан  болатын.    Кейін  ол  ойы  жүзеге  асып,  тарих  ғылымдарының  кандидаттығы  атағына 
диссертация қорғап, ғылым саласында біраз еңбектеніп, өзіне ғана тән із қалдырды. 
Беркін Жолмырзаұлының ғылыми қызметі, еңбегі туралы басқа азаматтар жазар деген 
оймен оған тоқталмай-ақ қояйын деп ойладым. 
Өмірінің  соңына  дейін  Бекең  университеттің  саяси-әлеуметтік  пәндер  кафедрасын 
басқарды.  Кафедра  университетте  даярланатын  40-қа  жуық  мамандықтардың  студенттеріне 
саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану  сияқты пәндер бойынша дәрістер оқып, 
семинар сабақтарын жүргізеді.   
Аталған пәндердің болашақ мамандардың ой-өрісі, рухани, адами, ұлттық зердесі мен 
танымын  қалыптастырудағы  ролі  ерекше.  Университет  Ғылыми  Кеңесінің  мүшесі  ретінде 
Беркін  Жолмырзаұлы  оның  мәжілістерінде  өзінің  салиқалы  ой-ұсыныстарымен  үнемі 
бөлісетін және оларды жүзеге асыруға бар күшін салып атсалысатын. 
Ғылыми  Кеңесте  талқыланатын  мәселелерді  тыңғылықты  әзірлеу  мақсатында 
құрылатын  жұмыс  комиссияларын  бірнеше  рет  жемісті  басқарды.  Талай  жыл  «Қазақстан 
тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды. 
Заман,  уақыт  талабына  орай  ЖОО-да  кредиттік  оқыту  жүйесіне  көшуде  аталған 
кафедраның  жетістіктерінде  Беркін  Жолмырзаұлының  ерекше  еңбегі  бар  екендігіне  ешкім 
таласа қоймас.  Ол құрастырған пәндердің оқу-әдістемелік  кешендері,  дәріс конспектілері, 
глоссарийлер кафедра қорында әлі күнге қолданылуда. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
196  
    
 
Сонау  20  жыл  бұрын  басталған  таныстық,  сыйластығымыз  өмірінің  соңына  дейін 
жалғасты. Атамыз қазақта «Сәлеміміз түзу, ища деспей өттік» деген сөз тіркестерінің Бекеңе 
тікелей қатысы бар. Сол уақытта марқұм анасымен, жары Сәулемен де ең алғаш таныстым.  
Бірде  әкесінің  қызмет  бабындағы  «Победа»  машинасының  жүргізішісі  болған 
азаматтың өзін әдейі іздеп келіп, әңгімелескендерінде ерекше толқып айтқан болатын. 
Беркін  анасын  да,  жары  Сәулені  де  ерекше  балалық,  жұбайлық  сезіммен  сыйлап, 
қадірлеп, сүйіп өткен жан. Анасының қаралы садақасында: «Мен қазір 55 жастамын. Соның 
50  жылында,  университетте  оқыған  5  жылын  алып  тастағанда,  үнемі  анамның  бауырында, 
қасында  болдым»,  -  деп  көзіне  жас  алғаны  есімде.  Сондай  көз  жасы  сүйген  жары  Сәуле 
туралы  естелік  кітабын  тапсырып    тұрып  та  алғаны  есімде.  «Сабыр  ет,  қайырын  сұра, 
балаларың мен немерелеріңе енді өзің Сәуле үшін де қамқор болуың керек қой»,  - деп басу 
айтқанбыз.  
Сабырлы,  маңғаз  сөзі  мен  жүрісі,  сәл  көзін  сығырайта  ойлы  кескінімен:  «Ол  былай 
ғой», - деп бастайтын әңгімесі үнемі көз алдымда.  
Жаның  жаннатта  болсын,  нұрың  пейіште  шалқысын  қимас  інім  Беркін!  Балаларың, 
немерелерің, бауырларың, жолдас-жораларың аман болғай дейміз.Олар барда есімің, бейнең, 
ісің ұзақ уақыт сақталмақшы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет