Адам ағзасының терморегуляциясы



бет2/7
Дата26.04.2023
өлшемі50,72 Kb.
#86952
1   2   3   4   5   6   7
ІІ Негізгі бөлім


1.Адам ағзасының терморегуляциясы
Адам денесінде әртүрлі органдарында температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді. Ал жабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша көп өзгеріске ұшырамай, тұрақты түрде болады.
Дененің температурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады. Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады. Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасы үнемі өзгеріп тұрады. Спортшылардың дене температурасы әрқилы болып ауытқиды. Температураның өзгеруіне ағзаның физиологиялық жағдай, әйел адамдардың жүкті болуына байланысты. Дененің температурасы тәулік бойына 0,5-0,7 С ғана өзгереді. Дененің температурасы кешке қарай сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі. (37,0-37,1) Түнде сағат 3-4-те температура өте төмен болады (36,2-36,0) Қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды (35-36 С).
1.1 Терморегуляция екі жолмен өзгереді.
1) Нервті терморегуляция;
2) Гуморалды терморегуляция.
Терморегуляция жоғарғы нерв жүйесі арқылы реттеліп отырады. Адам денесінің терморегуляциясы шексіз. Адам күйзелген кезде немесе қорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтеді. Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен-тегін емес екендігі байқалады. Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді.
ХХ ғасырды артқа тастап, ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттадық. Жай аттағанымыз жоқ, тәуелді егеменді ел болып аттадық. Бұл – Кеңес үкіметі қирамағанда өңің түгіл түсіне де кірмейтін оқиға. Сөздің шыны керек. Ол кезде Кеңес үкіметінің Одақтас республикасының бірі болып, компартия басшылығымен коммунизмге қарай қарыштап алға баса береміз дегеннен басқа ой болған жоқ. Сол коммунизмге апарады деген үкіметіміздің шаңырағы, ортасына түсіп, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заман болды. Көптеген Одақтас республикалар не істерін білмей есеңгіреп қалды. Солардың ішінде ертерек есін жиып, буынын бекітіп, қабырғасын қатайтып, аяғынан тік тұрып, шет елдерге таныс болған республикалардың бірі –біздің Қазақстан.
Адамдардың өмір салты қоғамның даму процессінде маңызды роль атқарады. Олай болса, өзіміздің табиғи-тарихи ерекшелігімізді ескеріп, ұлттық менталитетімізге сай салауатты өмір салтының тұжырымдамасын жасап,соны іске асыруымыз керек. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік туын тіккен кезде жоғарыда айтылған қызыл империяның шовинистік саясаты үстемдігін жойып, жаңадан салауатты өмір салтын құру үшін жұмыс істеуіміз керек .Ол үшін ең алдымен адамдардың санасын өзгертуіміз керек. Сананың өзгеруі алдымен тұрмысқа байланысты. Тұрмыс жағдайымызды жақсарту арқылы парасатымызды жетілдіріп, қоғамда адам деген атқа лайық өмір сүруге тиіспіз. Біз салауатты өмір салтын Президентіміздің белгілеп көрсеткендей әр пунктіне сай істеп, жүзеге асыруға көшсек, республикамыздың іргесі бекіп, нығайып қуаты арта беретіні айдан анық. Соның басты пункттердің бірі –“Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру”. Бұл бөлімінде Елбасы барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын ,денсаулығын білімі мен хал-жағдайын ұдайы жақсартып, экологияға үнемі көңіл көңіл бөліп отыруға айрықша назар аударып, талдау жасайды.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет мәртебесінде 2050 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиялық бағдарлама белгілеуі үлкен тарихи қадам. Ондағы басты-басты жеті басым бағыттардың бірі - Қазақстан азаматтарының денсаулығы білімі мен әл-ауқаты жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру. Бұл бағыт үлкен үш әлеуметтік саланы қамтиды Шынында да бүл үш сала бір-бірі мен тығыз байланысты ,бірінсіз екіншісін іске асыру мүмкіндігі жоқ десе де боладай. ”Ораза-намаз – тоқтықта” дегендей мектеп жасындағы ішер асы, киер киімі, әсіресе аяғына қыста киер киімі болмаса оқуға бара алмайды. Оқу былай тұрсын, отбасының әл-ауқатының нашарлығы ауру сырқатқа шалдықтырады. Бұл сияқты әлеуметтік ахуал елдегі обьективтік жағдайларға байланысты бола бермейді. Ол кей жағдайларда ата-ананың еңбек етпей, маскүнемдікке салынуына да байланысты. Сондықтан стратегиялық бағдарлама “азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден” бастауды көздейді. Салауатты өмір сүру салтының басты шарты – маскүнемдіктен арылу. Маскүнемдік пен нашақорлық ұлтымыздың болашағына да қауіп төндіріп отыр. Ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиялық бағдарлама қойылып отырған ең бірінші мақсат.
Салауатты өмір сүрудің екінші бір сипатты белгісі темекі шегуден, насыбай атудан бой тарту. Шылым шегу қазақ арасында көп тарамай тұрған кездегі.
Орыс халқында “жаман әдет –жұқпалы келеді“ - деген нақыл бар. Шынында да шылым шегу ауыр індеттей тарады. Ересек адамдарды былай қойғанда темекі шегу жастар арасында жұқпалы аурудай індетке айналды.
Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасының жолдауы. Осы жолдаудың “Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары” деген тарауында ұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру деп аталады. Соның бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы “білімі мен әл-ауқаты. Яғни жеті міндеттің бірі - қоғамымызда салауатты өмір салтын орнықтыру мақсаты. Ал енді өмір салты дегенге келетін болсақ, оның мағынасы жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап, бүкіл қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым. Өмір салты адамдардың қалай және не үшін өмір сүру, қандай іс-әрекетпен айналысатынын көрсетеді. Қоғамда өмір сүруші адам өзінің ақыл ойына, сана-сезіміне, дүниеге деген көзқарасына сүйенеді.
Данышпан Абай өзінің 28-қара сөзінде: ”Ауруды жаратқан –құдай, ауыртқан құдай емес” деген. Яғни, құдай саған темекі тарт, арақ іш, нашақор бол, денсаулығыңызды бұз деген жоқ. Әйел мен баланың денсаулығы туралы айтар болсақ, денсаулығы күшті, салауатты өмір салтын ұстаған аналар ғана өмірге дені таза, қол-аяғы балғадай, тепсе темір үзетін перзент әкеле алады. Өйткені сау бала – біздің келешегіміз, қоғамымыздың тірегі. Әрине өмірге дені сау перзент әкелу бір жұмыс. Ал оны қоғамға жат мінездерден аулақ етіп тәрбиелеу екінші әрі өте жауапты жұмыс.
Өте жақсы дене шынықтыруды өткізу үшін ең алдымен терморегуляцияның механизмін білу керек.
Жер бетіндегі барлық, ағзалар айналаны қоршаған орта факторларының өсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататын ағзалар — суық қандылар. (пойкилогермдер), өздеріне кджетгі температураны сыртқы ортадан алып отырады.
Екінші топтағы жануарлар — жылы қандылар — гомаиотермділер. Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты. Ағзаларындағы температура тұрғылықты.
Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күр-делі биологиялық және физикалық-химиялық үрдістердің термо-регуляциясы механизмдері мен байланысты. И.П.Павловтың айтуы-на қарағанда термореуляцияның механизмін жетілдендірусіз адам ағзасында тұрақты температураны сақтауға болмайды.
Осыған орай біриеше сауал туындайды. Адам денесінде әр түрлі органдарында температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді Ал жабық денедегі тсмпература онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша кеп өзгеріске ұшырамай, тұрақы түрде болады.
Дененің темпсратурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады. Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады. Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасы үнемі өзгеріп тұрады. Спортшылардың дене температурасы әр қилы болып ауытқиды. Температураның өзгеруіне ағзаның физиологиялық жағдай, әйел адамдардың жүкті болуына байланысты. Дененің температурасы тәулік бойына 0,5-0,7°С ғана өзгереді. Дененің температурасы кешке қарай, сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі(37,0-37,1°). Түнде сағат 3-4-те температура өте темен деңгейде болады (36,2-36,0) қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды (35-36°С).
Ішкі органның температурасы әр түрлі. Ең ыстық орган бауыр Оның температурасы 38-40°С жетеді. Қолтықтағы температура 36,5-36,9°С әдетте қолтыққа градусник қойып температураны анықтайды. Тік ішек температурасы 37,2-37,5°С. Қанның темпера-турасы дене температурасына сәйкестенеді. Адам ағзасы темпера-тураға байланысты жылу бөліп отырады. Жылудың көлеміне сәйкес температура өзгереді. Жылу зат алмасу үрдісіне байланысты. Ішкен тағамдарға да байланысты болады. Энергияның өлшемі үлкен калория (ккал) немесе килоджоулмен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет