1.2Адам ағзасынан бөлініл шығатьш энергияның мөлшері үш шамадан тұрады: 1) негізгі зат алмасуынан;
2) тамақтану кезіңдегі энергия;
3)физикалық және ой еңбектерінің әсерінен энергия түзіледі.
Негізгі зат алмасудан пайда болған энергия, адамның тіршілігін қамтамасыз етуге, тыныс алуға, жүрск қызметіне, бүйректің жұмыс жасауына жұмсалынады.
Ересек адамның әрбір кг массасында 24 ккал энергия болады. Терморегуляция үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Тамақтанған кезде терморегуляция жоғарылап, тамақ ішпеген кезде терморе-гуляция төмендейді. Жылу үнемі алмасып отырады. Жылу адамның терісі арқылы айналаны қоршаған ортаға тарап отырады.
Терморегуляция екі жолмен өзгереді.1) Нервті терморегуляция; 2) гуморалды терморегуляуция. Терморсгуляцияның барлық көрінісі 3-таблицада (5-суретте) көрсетілген. Терморегуляция жоғары нерв жүйесі арқылы реттелініп отырады. Адам денесінің терморегуляциясы шексіз. Адам күйзелген кезде немесе қорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтсді. Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен-тегін емес екендігі байқалады. Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді.
Сау адамның қалыпты жағдайда дене қызуы тәулік бойы 37˚С-тан аспайды. Бұл жылу өндіру және жылу беру сияқты күрделі жылу реттеу жолымен қамтамасыз етіледі. Жылу өндіру бұлшық ет және ішкі мүшелердегі тотығу процестері арқасында жүзеге асырылады. Алмасу процестерінің өнімділігі неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым жылу жасау көбейе түседі. Жылу беру - терідегі бай тамырлар торына байланысты болады. Олар өз сағасын бірден тез өзгерте алады. Жылу беру - жылу тарату, жылу сәулелену және булану жолдарымен жүзеге асырылады.
Ағзаның жылу өндіруі жеткіліксіз болса немесе ағза салқындағанда тері тамырлары рефлексті түрде тарылады да, жылу беруі төмендейді. Тері құрғақ, суық болады, кейде қалтырау пайда болады. Ол қаңқа бұлшық еттерінің жылу жасауының жоғарылауына әкеліп соғады. Керісінше, жылу көп болған жағдайда (ағза қызғанда) тері тамырларының рефлекстік түрде кеңеюі байқалады. Терінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды, сондықтан жылу беру, оны өткізу және сәулелендіру жоғарылайды. Егер бұл механизмдер жеткіліксіз болса, тер бөлу кенеттен күшейеді. Тер дене бетінен булана отырып, ағзадағы жылудың өте күшті бөлінуін іске асырады.
Сонымен, терморегуляцияның күрделі механизмі ағзаның ішкі ортасындағы температуралық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ол алмасу процестерінің қалыпты жүруі үшін қажетті болып келеді.