м.ғ.к., доцент Р. Изимова Ақтөбе, 2022 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ 9.2.1 Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі мүшелері. Сүйек құрылысы, түрлері. Қаңқа бөліктері. Сүйектер байланысы. Түрлері. Сағат саны: 4 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Адам қаңқасы. Қаңқа бөліктері.
2. Сүйек құрылысы, түрлері.
3.Сүйектер байланысы. Түрлері.
Әдістемелік нұсқау:Студенттерді ортақ қабылданған анатомиялық терминдермен,адам денесінің жазықтықтары және бөлімдерімен таныстыру. Тақырып бойынша анатомиялық модельдер, суретті плакаттар, әдебиеттер, атлас, үлестірмелі материалдармен жұмыс. Сүйектің негізгі элементтерін атап, көрсетеді. Тұлға және қол-аяқтың сүйектерінің ерекше өзгешеліктерін атайды. Сүйек байланыстарын атап, жіктейді , буынның биомеханикасына талдау жасайды. Сабақ online режимінде сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі
Тапсырма №1 : Адам қанқасының сүйектері атауларын кестеге 3 тілде толтырыңыздар.