Адам анатомиясы


Өкпенің макро-микроскопиялық



Pdf көрінісі
бет98/177
Дата06.10.2023
өлшемі11,6 Mb.
#113293
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   177
Өкпенің макро-микроскопиялық
кұрылысы.
Әр өкпенің сегменттері немесе бронхөк- 
пелік сегментінің терең қабаты өте ұсақ, 
қабырғалық бетінің көлемі 4 см-дей, өкпенің 
екінші реттегі бөлшектерінен, 
lobuli pulmonis
secundarii,
 
тұрады (№139 суретті караңыз).
Өкпенің бронхөкпелік сегментінің ұсақ 
бөлшектерінің сыртқы пішіні пирамидаға 
ұқсас, көлемі 4 см -дей өкпе паренхим а 
тінінен тұрады. Өкпе бөліктерінің ұшы өкпе 
қақпасына, негізі сыртқа қарап орналасқан. 
Өкпе бөлшектерінің сыртқы беті, тыныс алу 
кезінде қозғалысын жеңілдету үшін дәнекер 
тіндермен және қантамыр торларымен шек- 
телген.
Өкпе бөлш ектерінің , 
lob u li pu lm on es
secundarii,
 
меншікті бронхтарының диаметрі 
1-мм шамасындай. Өкпе бөлшектерінің 8- 
реггік бронхыларында шеміршек тіндері сақ- 
талған, саны 800-дей ұсақ бөлшектік бронх- 
тарға бөлінеді. Ұсак бөлшектік бронхтар, одан 
әрі өту жолы өте жіңішкелеу келген диаметрі 
0,3-0,5 мм, саны 16- 18-дей, терең қабатында 
бронх бездері мен шеміршектік тіндері жок 
соңғы бронхшаларға, 
bronchioli term inalis,
бөлінеді (№139, 140 суреттерді қараңыз).
Өкпенің басты бронхтарынан, 
bronchus
 /
principalis
 
бастап, соңғы бронхшаларға дейінгі 
бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ 
(ағаш), 
arbor bronchialis
 
деп аталынады. Қыз- 
меті: тыныс алу кезінде ауаны өткізу (№141 
суретті қараңыз). •
Өкпе бөлш ектерінің, 
lobulus pulm onis
secundarii,
 
терең қабатындағы соңғы бронх- 
шалар, 
brortchioli terminates,
 
одан әрі екі-екіге 
тармақталынып, өту жолы өте жіңішкелеу 
келген, қабырғалары тыныс алу көпіршіктері- 
нен тұратын бірнеше тыныс алу бронхшала- 
рына, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет