Ішкі және сыртқы мотивацияның айырмашылығына мысал келтіріңіз Біздің барлық әрекеттерімізді мотивация басқарады. Мотивация сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы мотивация адамды сыртқы ынталандыру арқылы бір нәрсе жасауға итермелейді. Мысалы, егер адамның жұмысында негізгі ақша болса, онда жалақының өсуі немесе сыйлықақының төленуі оны көбірек жұмыс істеуге итермелейді. Сыртқы мотивациядан айырмашылығы, ішкі мотивация материалдық пайдаға байланысты емес. Шын мәнінде, жұмыс өзі үшін, өзін-өзі тану және өз жұмысынан қанағаттану үшін жасалады. Мысалы, адам не себепті жұмысқа барамын деп өз-өзіне сұрақ қоятын болса, сыртқы мотивациясы басым адам бұл сұраққа қалай жауап береді: Жұмыста айлық деңгейі жоғары, ал ақша әр кез керек. Ал дәл осы сұраққа ішкі мотивациясы басым адам: Маған өзімнің мамандығым мен жұмысым өте қатты ұнайды, мен бұл жұмыста мансабымның гүлденуін қалаймын, биіктерді бағындырғым келеді» деп жауап береді
Экстремалды жағдайдағы еңбектің ерекшеліктеріне баға беріңіз. Еңбектің экстремалды жағдайларына монотондылық, ұйқы және сергектік ырғағының келіспеушілігі, кеңістік құрылымын қабылдаудағы өзгерістер, ақпараттың шектелуі, жалғыздық, топтық оқшаулау, өмірге қатер төну. В. И. Лебедев экстремалды жағдайдағы адам әрекеттеріне толық сипаттама берді. Монотондылық. И. М. Сеченов идеяларын дамыта отырып И. П. Павлов мидың жарты шар бөлігіне тітіркендірудің аз суммасы қажет деп пайымдаған. ... Психикалық төселу оның патологиялық күйіне ұқсамайды ол жеке ерекшеліктер мен жұмыс істеу диапазонының кең ауқымымен сипатталады. Адамның қайта төселуіне қабілетсіздігі оның психикалық – жүйкелік өзгеруіне әсер етеді.
Еңбектің экстремалды жағдайларына монотондылық, ұйқы және сергектік ырғағының келіспеушілігі, кеңістік құрылымын қабылдаудағы өзгерістер, ақпараттың шектелуі, жалғыздық, топтық оқшаулау, өмірге қатер төну. В. И. Лебедев экстремалды жағдайдағы адам әрекеттеріне толық сипаттама берді. Монотондылық. И. М. Сеченов идеяларын дамыта отырып И. П. Павлов мидың жарты шар бөлігіне тітіркендірудің аз суммасы қажет деп пайымдаған. Афферентацияның өзгеруіне әсер етуші ішкі тітіркендіргіш ағымдары адамдарға ұшудың биіктігі мен ұшақ басқару кезінде әсер етеді. Бомбалаушы ұшақтар мүшелері олардың ортақ ынтасызыдғы, көз көруінің төмендеуі, немқұрайдылық, ашуланғыштық және ұйқышылық күйі болатынын айтқан
. Ұйқы мен сергегтік ырғағының келіспеушілігі. Адамның даму үрдісі Жердің өз осімен күн жүйесін айналу үрдісіне жазылумен анықталған. Сансыз биологиялық тәжірибелердің нәтижесі барлық тірі ағзалардың клеткаларды бөлу ырғағы, белсенділік пен тыныштық күйі, зат алмасу үрдісі, тұрақты жағдайдағы жұмысқа қабілеттілігі күн бойына 24 сағаттық қайталанумен сипатталады. Қазіргі таңда адам бойындағы 300 үрдіс күнделікті қайталануға ұшырайды.