Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Г.Кунц пен С.О.Доннелдің басқаруға берген тұжырымдамасын сипаттап беріңіз



бет11/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Баскару шпор (2)

Г.Кунц пен С.О.Доннелдің басқаруға берген тұжырымдамасын сипаттап беріңіз.Г.Кунц, С.О’Доннел сияқты ірі ғалымдар басқарудың ең бірінші кезекте өнер екенін дәлелдеді. Олар: Басқару кезі мен ғылымды әр түрлі жағдайдың ақиқатында пайдаланудан құралған өнер болып табылады, деп болжаған. Ал Басқарудағы іс-әрекет ол өнер болса да, онымен жұмыс жасайтын адамдар сол өнердің негізіндегі ғылымды ұғынып, қолдана алса, едәуір жоғары жетістіктерге жетер еді. Топтық ынтымақтастықтың жетістігімен тиімділігінің маңыздылығы әр түрлі қоғамда мойындалады, басқару барлық өнердің ең маңыздысы екенін сенімді айтуға болады. Адам іс-әрекетінің барлық түрінде өнер мен ғылым қолдап, өзара толықтырып,жетілдіріп тұрады. Топтық іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болған кез келген шешім жеке адамдар ұсынған нұсқаулардан ерекшелінетін басқаруда ең кем шығынмен дұрыс шешімге келу іскерлігі басшы өнерінің айқын көрінісі болып табылады. Басқарушы адам қарым-қатынас өнерін өте жақсы үйренген, адамдарды өзіне сендіре алатын, жүйрік ақылға ие, білімнің көптеген салаларына қаныққан қайталанбас тұлға болуы керек. Алайда ол ең бірінші орында адамдармен жұмыс жасайтын болғандықтан адам инженериясының барлық қырларын білуге әрі оны жетілдіруші және психологиялық білімдерді үйренуге міндетті. Негізінде өнер сөзі әр түрлі жұмыс технологиялық және эстетикалық мағынада іскерлікпен, шебер жаслағанда адам іс-әрекетінің кез келген жағында қолданылады. Өнер шығармашылық қабілеттің, білім және ішкі сезімнің, жеке түрлерін жаңа өзгеше комбинацияларға қосудың жоғары іскерлігі ретінде анықталады. Сонымен қатар ол шығармашылық ойды жетілдіреді, тұлғаның өз-өзін адами анықтауы мен сана сезіміне әсер етеді, эстетикалық танымдар мен мінсіз тұстарын жетілдіреді.
Демократиялық және авторитарлық басқару ерекшеліктері Стиль дегеніміз әлеуметтгк құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады. Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру oңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер 6ip басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді кағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды eсiнeн «аулақ ұстайды» да, ұсак-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бiр басшылардың eciгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бip директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екіншісі біpeyi мұны қажет санамайды. Авторитарлық стиль – басшы барлық мәселелерді өздері шешеді, қызметкерлермен талқыламай немесе олардың пікірін аз мөлшерде басқарады. Демократиялық стиль – басшы қызметкерлермен мәселелерді талқылайды және өз пікірлерін ескереді. Шындығында, шешім бірлесіп әзірленеді, көшбасшы бірлескен талқылау барысын басқарады. Ел басқаруда болсын, отбасы деген шағын мемлекетті басқаруда болсын, үлкен компанияны басқаруда болсын, кез келген бастық басқарудың үш стилінің бірін таңдайды. Біз атаған үш түрінен басқа түрлері болуы да мүмкін, ол туралы кейінірек айтамыз. Демократия немесе алқалы басқару стилі ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатумен байланысты. "Демос" деген сөздің мәні халық билігі екенін мектеп кезінен білеміз. Демократия режимінде әлеуметтік топтағы әр адам өз ісіне жауапты және маңызды шешімдерге тең дәрежеде үн қоса алады. Бастықтың орынбасары мен жоғары лауазымды қызметкерлер ғана емес, бір ортада қызмет ететін тұлғаның барлығы бірдей басқару үдерісіне қатысуға құқылы. Барлығының пікірі маңызды. Компания үшін маңызды шешім қабылдау керек болса, алдын ала барлығын құлағдар қылып, ақылдасып отырып, бірлесе үкім шығарады. Бұл қатардағы қызметкерлерді де жігерлендіре түседі. Ұжымда жағымды атмосфера орнайды. Әр қызметкер өзін үлкен механизмнің маңызды бөлшегі санайды, яғни әрқайсысының өзіндік орны бар, бірі болмаса, басқа жұмыс тоқтап қалады. Демократия ұйымның қиын жағдайдан да оңай шығып, тез алға басуына мүмкіндік туғызады. Бұл стильдің бір ғана кемшілігі – бастық әр қызметкерінің тілін табуы үшін, оларды зерттеуге ұзақ уақытын жұмсайды. Тоталитар, өктем не бағдарлы стиль. Аты айтып тұрғандай бар билік тұтастай тек бастықтың қолында болады. Басқару ісіне қызметкерлер еш араласа алмайды. Бұл стиль арқылы қатаң тәртіп орнатуға болады. Еңбек шартын бұзған қызметкерді қатаң жаза күтеді. Қателігі үшін бастық оған сөгіс жариялайды не айыптайды. Бұл жерде ешқандай қызметкердің пікірі маңызды емес. Барлық жұмыс процесі нұсқаулықтармен бекітіледі. Қызметкерлер басшылықты әр басқан қадамынан хабардар етіп отыруы тиіс. Бұл стильдің кемшіл тұсы – егер бастықтың қабылдаған шешімі қызметкерлеріне ұнамай қалса, бірнеше жақсы маманынан айырылып қалу қаупі туады, яғни бір мезгілде бірнеше адам өз еркімен жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Сол себептен қатып қалған нұсқаулықпен ғана жүрмей, қабылданған шешім қандай нәтиже берерін зерттеп алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет