Адам баласында екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан деген ұғымдар жүрегіне жақын



Дата26.10.2022
өлшемі14,27 Kb.
#45487
Байланысты:
Диктант Атамекен 282 сөз


Атамекен
Адам баласында екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан деген ұғымдар жүрегіне жақын. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау – өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту – қанға сінген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. «Атамекен – алтын бесік» деп, ата-бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Құшағында тербетіп, аялап өсіреді. Туған жерге қызмет ету - әрбір адамның игі арманы, мақсат – мүддесі.
Туған жер, атамекен ұрпағының тағдырын құрайды. Отан ана табиғаты ерекше ыстық. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады. Осындай ғажайып кең байтақ дала табиғатын таза ұстап, қадір-қасиетін жете түсініп, шексіз сүйе алу керек. Ең алдымен, өз елінің перзенті, өзінің туған жеріне жан-жүрегімен берілген азамат болуы керек. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің барлық мүддесін, игілігіне жұмсайды. Елінің өркендеуіне атсалысады.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.130-дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан - қазақ халқының атамекені. Қазақстан даласы дарқан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазақ даласы кең байтақ! Қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулы - анасындай көреді. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен терең де ыстық сезімім тамаша!
(282 сөз)
Сілтеме көзі: https://adyrna.kz/post/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет