Адам эмбриологиясы. Дамуының қауіпті кезеңдері



бет2/4
Дата19.02.2023
өлшемі1,22 Mb.
#69197
1   2   3   4
Байланысты:
гисто (2)

Эмбриогенез 

Ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі. Эмбриогенез — жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі. Эмбриогенезде ұрық: ұрықтану, бөлшектену, гаструлану, нейрулану, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Ұрықтану — аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан бірклеткалы организмнің (зиготаның) түзілу процесі. Біржасушалы ұрықтың бөліну арқылы көпжасушалы ұрыққа (бластулаға) айналу кезеңін бөлшектену деп атайды.


Эмбриональдық даму кезеңдері
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының
қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Гаструляция —ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.
Эмбриогенездің гаструляция кезеңінің алғашқы кездерінде бластуланың бірқабат жасушаларынан тұратын бластодермадан екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық — гаструла дамиды. Оның сыртқы ұрық жапырақшасы — эктодерма ,ішкі ұрық жапырақшасы - энтодерма. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма дамып жетіледі. • Гаструланың дамып жетілуі бластуланың құрылысына байланысты. Сондықтан, гаструляция процесі түрліше жүреді. Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады:
  • инвагинация —қынаптану,
  • эпиболия — қаптап өсу,
  • иммиграция — ішке көшу,
  • деламинация — жасушалар қабаттарына жарылып ажырау

Адамның жатырішілік дамуы екі кезеңнең тұрады: эмбрионалды және феталды. 1. Эмбрионалды кезең. Ұрықтанудан бастап 2-айдың соңына дейін созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, асқорыту, бөліп шығару, эндокрин жүйелері және денесі, бас, бет бейнелері, аяқтары пайда болады. Ұрық осы кезеңде зиянды факторлардың әсеріне сезімтал ұрықтың тұңғыш "қауіпті" кезеңі имплантациямен сәйкес келеді, 2-3-7 апталық және 9-12 апталық жүктілікте. 2. Феталды кезең. 3-айдың басынан босанғанға дейін созылады. Бұл кезеңде ұрық тез өсіп, жүйелері мен мүшелері дамып жетіледі. Ұрықтың дамуы ана органнзмімен тығыз байланысты.Жүйке жүйесі өте ерте жетіледі, жатырішілік кезеңнің 1-аптасында:эндокриндік жүйе,гипофиз жетіледі.Аналық без, бүйрек үсті безі, қалқанша безі,ұйқыбез жатырішілік кезеңнің I-II-ші айларында пайда болады. Жүктіліктің I жартысында (АКТГ) түзіледі. Жүктіліктің 4-айында иодтың көптігі байқалады,ұрықтың өсіп дамуына маңызы зор. Сонымен қатар,жүктіліктің I жартысында жыныс бездері дамып жетіледі. Олардың дамып, өсуіне эстроген гормондарының әсері көп, ол ана организмінен ұрық қанына өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет