Ұрық қаны.
Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден, тұңғыш рет сарғылт куықта, 5-6 апталық жүктілікте бауырда пайда болады. Жүктіліктің үш айының соңында сүйек миында, жүктіліктің 4 айында көк бауырда қан қорыту функциясы басталады. Ұрықтың өсіп-дамуымен бірге қанның гемоглобині, қызыл, ақ түйіршіктері жоғарылайды. Жүктіліктің II жартысынан бастап қанның ұю жүйесі қалыптаса бастайды. Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық жатыр қуысына еніп (имплантация), ананың тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі арқылы оттегімен тыныс алады. Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері:сарғаю,аллантоидты, плацентарлы кезеңдер. 1. Сарғаю өте қысқа кезең, ұрықтың екі жұмалығына дейін ғана созылады. 2. Аллантоидты қан айналым жүйесі ұрықтың екі айынан басталады, ұзақтығы сегіз апта. Осы кезеңде ұрықта оттегі, қоректену заттары ұлғаяды. 3.Плацентарлы қан айналым жүйесі ұрықтың үш-төрт айынан басталады, жүктіліктің соңыңда толық дамиды Нәресте құрсақ ішінде өсуінде суда болып, сырткы демалысы болмайды. О2 онын ұлпасы мен клеткаларына О2 көп ана қанымен келеді. Газ алмасу тек плацентарлық қанайналысымы арқылы болады. Плацента нәрестеге «өкпе» ретінде кызмет аткарады. Ана құрсақ ішіндегі балаға сыртқы орта болады физиологиялық ағыстағы жүктілікте дені сау әйелдің организмінде нәрестенің газ айналысына қолайлы жағдай жасалынады. Нәресте өскен сайын жалпы зат алмасу, оның ішінде плацента арқылы газ алмасу ана мен бала арасында өседі.
Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді. • Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып бөлінетін, Н.П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.Құрсақ ішінде (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады: • Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2-3 ай). • Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
Имплантация кезеңі. Ұзақтығы 40 сағат, демек 2 тәулікке созылады. Кейде бұл екі кезең қосылып кетеді, өйткені бұлардың медикобиологиялық маңызы өте зор. Бұл уақытта ұрықтанған клеткалардың 50-70 % дамымай қалады, ал тератогенді факторлар, әсіресе күштілер тобына жататындар, ұрықтың өміріне қатар туғызатын пaтологияға душар етеді (аплазия және гипплазия), немесе хромосомдық абберациясына, ия гендер мутациясына байланысты ауыр кемістіктер (ақаулар) пайда болуына әкеліп соқтырады. • Эмбрионалды (ұрықтық) кезең – ұзақтығы 5-6 аптаға созылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі болашақ баланың барлық ішкі мүшелерінің пайда болуы және олардың дамуы (органогенез) болып табылады. Сондықтан тератогендік факторлардың (ішкі және сыртқы) әсері ауыр және диспластикалық (кері даму) кемістіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Құрсақ ішінде дамудың 3-7 апта аралығындағы мерзім ең қауіпті кезең болып табылады. Баланың ерекшеліктерін зерттеу және оны қорғауға бағытталған жұмыстарды осы кезеңнен бастау керек.
Неофеталды немесе эмбриофеталды кезен. Ұзақтығы 2 аптаға созылады. Бұл кезеңде плацента (баланың жолдасы– баланың орны) құрылады да, көптеген мүшелердің(орталық жүйке жүйесінен басқасының) толық құралып болуымен сай келеді. Бұл кезең өте маңызды мезгіл болып келеді, өйткені плацентаның дұрыс құрылуы, демек плацентарлық қан айналымның дұрыс болуы, болашақ іштегі нәрестенің, сайып келгенде болашақ баланың, қарқынды өсуіне тікелей әсерін тигізеді. • Фетальді кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін есептелінеді. Бұл кезең 2 кезеңге бөлінеді: Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына дейін), Кеш неонатальды (нәрестелі) кезең - өмірінің 8-ші күнінен бастап 28 күнге (1айға) созылады.
Жаңа туған кезеңде балада өкпемен тыныс пайда болып, құрсақ іші гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің) және өкпе тамырларында қан айналымының артуына және энергия алмасуымен терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кішкентай қан айналу шеңбері жұмыс жасай бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе орталық жүйке жүйесінің, толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне, шекаралық жағдай деп аталатын, патологиямен шектесіп, көптеген әрекеттік өзгерістер жатады. Жаңа туған нәрестеде кейбір жүйелермен мүшелердің ақаулары, туылу құбылысының, құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға қан құйылу, сал (паралич) және салдану (парез), нәрестенің гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа, грипп; жас нәрестелер қарсы күресе алмайтын, кіндік қалдығының қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді.