Рецепторлынерв ұштары Рецепторлы нерв ұштары сыртқы орта мен iшкi мүшелерден әртүрлi тiтiркенудi қабылдайды. Осыған байланысты рецепторлардың екi тобын ажыратады: экстерорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторларға есту, көру, иiс, дәм сезу рецепторлары жатады.
Интерорецепторларға висцеро – рецепторлар мен проприорецепторлар жатады.
Барлық сезімтал ұштар құрылыс ерекшелiктерiне байланысты бос нерв ұштарына және бос емес нерв ұштарына бөлiнедi. Бос нерв ұштары бiлiктi цилиндрдiң тек соңғы тарамдарынан, ал бос емес рецептор нерв талшығының түгел компонентiнен тұрады. Бос емес нерв ұштары дәнекер тiндi қабықпен қапталуы мүмкiн – бұл инкапсулденген нерв ұштары. Дәнекер тiндi қабығы жоқ нерв ұштары капсулденбегенге жатады.
Бос емес нерв ұштары негiзi суықты, жылуды қабылдайды. Мұндай ұштар эпителиге тән. Дәнекер тiндерiнде рецепторлар әртүрлi. Оларға бос емес инкапсулденген рецепторлар – Фатер – Пачиннiң пластинкалы денешiгi жатады. Ол қысым мен вибрацияны қабылдайды және терiнiң төменгi қабатында, iшкi мүшелерде болады.
Инкапсулденген нерв ұштарына сондаяқ бұлшық ет және сiңiр рецепторлары жатады.
Нейрон аралық синапстар Синапстар – нейрондар арасындағы арнайы байланыс, бұл жерде импульс бiр нейроннан екiншi нейронға немесе етті және безді құрылымдарға өтедi. Синапстар импульсті өткізу бағытын анықтайды. Егер аксонды электр тоғымен тітіркендірсе, онда импульс екі бағытта жүреді, бірақ нейрон денесі мен оның өсінділеріне қарсы жүретін импульс басқа нейронға берілмейді. Тек аксонның терминалына жеткен импульс синапстың көмегімен басқа нейронға, етті және безді жасушаларға қозуды жеткізеді. Импульсті өткiзу тәсiлiне байланысты синапстар химиялық және электрлi болып бөлiнедi.
Аксон тарамдарының орналасуына байланысты синапстарды ажыратады:
1. Аксодендриттi (бiр нейрон аксонының терминалды тармағы басқа нейронның дендритiмен синапстық байланысқа түседi)
2. Аксосоматикалық (нейронның терминалды тармағы басқа нейронның денесiнде аяқталады)
3. Аксоаксональді (бiр нейронның терминалды тармағы екiншi нейронның аксонында аяқталады).
Химиялық синапстар импульстарды басқа жасушаларға арнайы биологиялық заттар – нейромедиатрлардың көмегiмен өткiзедi.
Химиялық синапстар қоздырушы немес тежеушi болуы мүмкiн. Онда пресинапстық мембрананы, постсинапстық мембрананы және синапстық саңылауларды ажыратуға болады.
Пресинапстық мембрана – бұл импульсті жіберуші жасушаның мембранасы. Бұл жерде синапстық көпіршіктердің қосылуына және медиатордың синапстық саңылауға бөлінуіне ықпал ететін кальцилік өзекшелер орналасқан.
Синапстық саңылау пресинапстық және постсинапстық мембраналар арасында орналасады. Оның ені 20 – 30 нм.
Постсинапстық мембрана – бұл жасуша плазмолеммасының медиаторды қабылдаушы және импульсті генерациялаушы жері.
Электрлi синапстар сүтқоректiлердiң нерв жүйесiнде салыстырмалы түрде аз кездеседi. Құрылысы бойынша саңылаулы байланыстарға келедi. Бұл саңылаулар бір жасушадан екінші жасушаға иондардың өтуін қамтамасыз етеді
41.Жүйке тінінің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы.,даму көздері. Гистогенезі. Нейроциттер (нейрондар). Нейроциттердің жіктелуі: морфологиялық және функциональдық. Перикарионның /денесі/, аксон мен дендриттердің құрылысы. Жалпы және маманданған органеллалары, олардың маңызы. Нейросекреторлық жасушалар.Шығу тегі. Гистогенез. Организмдегі нерв тiнiнiң маңыздылығы нерв жасушаларының (нейрондар) тiтiркендiргiштi қабылдау, қозу, импульсті түзу және оны өткiзу сияқты негiзгi қасиеттерiмен көрінеді. Ол нерв жүйесi мүшелерiнің құрылысының негiзi болып табылады.
Нерв тiнi арнайы қызметтер атқаратын нейрондар мен нейроглиядан тұрады. Нейроглия нейрондардың қызметiн қамтамасыз етедi және тiректiк, трофикалық, шектеушi, секреторлық, қорғаныштық қызметтерiн атқарады.