Ядро қабығы – ядроны цитоплазмадан бөліп , транскрипция және трансляцияның өтуіне жағдай жасайды. Қабық құрамында ішкі және сыртқы екі мембрана,олардың арасында перинуклералы кеңістік және саңылаулар бар.
Ядро қабығының сыртқы мембранасы цитоплазмамен байланысады,ал ішкі мембрана ядроның хромосомды материалымен байланысқан. Мембрана арқылы дөңгелек саңылаулар өтеді.Солар арқылы ядро шырыны және микромолекулалар цитоплазмамен қарым қатынаста болады.
Хроматин - дегеніміз интерфазалық хромосомалар жиынтығы. Ол ДНК мен ядролық нәруыздан тұрады. Хроматиннің сілті бояуларын жақсы қабылдауы, оның қышқылдық қасиетіне байланысты. Морфо-функционалды сипаттамасы бойынша хроматинің екі гетеро – және эухроматин түрін ажыратады.
Гетерохроматин/конденсиялық/-тығыздалған, транскрипциялық активтілігі аз, яғни ДНК - да транскрипция өтпейтін хроматин. Гетерохроматин ядрошық маңы мен ядроның шеткі бөлімінде орналасады. Сәулелі микроскопта базофильді үйінділер түрінде ал, электронды микроскопта тығыз түйіршіктер түрінде көрінеді.
Эухроматин /диффузды/- хромосоманың тығыздалмаған, болбыр формасы. Ол ақшыл түсті, шашыранды орналасқан. Транскрипциялық активтілігі күшті.
Жыныстық хроматин – интерфазадағы хроматиннің өте тығыздалған бөлігі. Ол әйелдердің клеткаларында кездеседі.Жыныс хроматины ұрықтың жынысын ерте ажыратуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол медицинада қолданылады.
Ядрошық – ядроның ең тығыз құрылымы, хромосома туындысы.Ол әртүрлі бояулармен жақсы боялады , әсіресе негіздермен,өйткені РНК-ға бай.
Ядрошық р – РНК мен рибосомның түзілетін орны. Мұнда РНК және белок синтезделеді. Ядрошықтың пайда болуы мен саны хромосомолардың белгілі участокының активтілігі мен санына байланысты. Белгіленген клеткаларды зерттеген кезде , ядрошықтың айналасында конденсиялық хромотинді байқауға болады. Бұл хроматин ядрошықтың күрделі құрылысының бір бөлігі болып табылады.
Ядрошықтың белок синтезіне қатысу схемасы : хромосоманың белгілі участокіндегі ДНК – да рРНК түзіледі, ядрошық нәруызға киініп, осы жерде рибосома жиналып, ол ядрошықтан ядроға немесе цитоплазмаға шыға бере белок синтезіне қатысады.
Рибосомалар – белокты, полипептидті молекулалар синтезінің элементарлы аппараты .Ол түгел тірі клеткаларда кездеседі. Рибосомалар – құрамында белок және РНК молекуласы бар күрделі рибонуклеопротеидтер.
Электронды микроскопта ядрошықтың екі негізгі компонентін айқындауға болады : түйіршікті және фибриллярлы.
Ядрошықтың ультроструктурасы РНК синтезінің белсенділігіне байланысты: рРНК синтезінің жоғарғы дәрежесінде ядрошықтағы гранула саны көп болады, ал синтез тоқтағанда гранула саны азаяды, ядрошық тығыз фибриллярлы денешікке айналады.
Көп клеткалы организмде клетка негізінен екі түрлі әдіспен бөлініп көбейеді.Оның біріншісі – күрделі бөліну – митоз, ал екіншісі анайы бөліну – амитоз.
Хромосоманың құрылысы.
Митоздағы хромосомалар метафаза сатысында сәулелі микроскопта анық байқалатын түзілістер. Әрбір хромосома таяқша тәрізді, бірақ иіліп екі білектен тұрады. Иілген жерін центромера деп атайды. Егер хромосоманың білектері тең болса, оны метоцентрлі, тең болмаса субметоцентрлі, ал егер біреуі қысқа болса акроцентрлі деп атайды.
Электронды микроскопта әрбір хромосоманың құрамы элементарлы фибрилладан – хромонемадан тұрады.Хромонеманың құрылысыда өте күрделі.ол жіпке тізілген моншақ тәрізді.Әрбір моншағын нуклеосома деп атайды.
Ген - дегеніміз әртүрлі қасиеті бар белгілерді анықтайтын хромосоманың бөліктері. Химиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ген деп ДНК – ның бір полипептид молекуласының құрылымы туралы хабары бар бөлігін атаймыз. Бір ген – бір полипептидтік тізбек деген негізгі генетикалық қағида.