Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет210/373
Дата23.09.2022
өлшемі28,52 Mb.
#39991
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   373
Көмірсулардың сіңуі
Көмірсулар гидролизі нәтижесіңде пайда болтан моносахаридтердің 
(глюкоза, фруктоза, галактоза, пентоза) 90%-і канта сіңеді. Әсіресе глюкоза 
мен галактоза тез сіңеді. Олар эпителиоциттердің апикальдык жагынан 
(үстіңгі 
тебе 
жагынан) 
белсеңді 
түрде 
тасымалданатын 
иондардың 
катысымен сіңеді. Глюкозаның мембранадан өтуі көбіне натрий ионының
3 1 6


концентрациялык градиентіне байланысты. Бұл түрлі өткізгіштің глюкоза мен 
иоңдарға ортак екендігін дэлелдейді. Эпителиоциттің базалдық (астыңғы) 
бетінен және бүйірінен комірсулар диффуздық жолмен өтеді.
Көмірсулардың сіңуіне көптеген факторлар эсер етеді. Олардың сіңуі
айталык кейбір амин кышқылдарына, АҮФ-тың мөлшеріне, тотыгу үрдісінің 
әлсіз-күштілігіне, ішектегі моносахарид мөлшеріне, басқа да қоректік 
заттардың гидролиздік енімдсріне, тагам түріне тәуелді. Бүл - осы заттардың 
сіңуі жүйке, қан арқылы реттеледі деген сөз. Парасимпатикалық жүйке 
жүйесі бұл үрдісті тездетеді, ал симпатикалык жүйкелер, керісінше, 
баяулатады. Бүйрекусті бездері, гипофиз, қалқанша без бен ұйқы безі глюкоза 
сіңуін тездетеді. Гистамин бұл үрдісті баяулатады, ал соматостатин оны 
тоқтатып тастауы да мүмкін.
Қанға сіңген моносахаридтерден бауырда гликоген түзіледі, олардың 
қалғаны қайтадан қанга сіңеді де жасушаларга кажет энергия көзі регіңде 
пайдаланылады
Майдың сіңуі
Май ішекте өттін эсерімен ұсак тамшы бөлшектерге бөлінеді де 
(эмульсияга айналады), одан эрі липазаныц қатысуымен глицерин мен май 
қышқылдарына ыдырайды. Осы өнімдер түріқде майдың 40%-і, үшглицерид 
түрінде 10%-і денеге сіңеді. Май гидролизінен пайда болған өнімдер - май 
қышкылы мен моноглицеридтер және өт қышқылыныың тұздары бірігіп 
мицелла құрайды. Көлемі жагынан мицелла ең кіші эмульсия тамшысынан 
106 есе үсақ. Осыдан мицеллалар эпителиоциттің апикальды бетінен активті 
түрде 
тасымалданады. 
Эпителиоцитке 
өткен 
глицерин 
мен 
май 
қышқылдарынан адамға тэн май түзіледі. Жасуша митохондрийлерінде 
түзілген 
май 
молекуласы, 
холестерол, 
фосфолипид 
жэне 
глобулин 
молекулалары 
бірігіп 
хиломикрон 
құрады. 
Хиломикрон 
өте 
нэзік 
липопротеидтен гұратын арнайы мембранамен қоршалады. Осы күйіңде 
эпителиоциттің астыңғы (базалды) беті арқылы лимфаға, одан қанга өтіп 
денеге жайылады. Май гидролизі өнімдерінің біразы гана канга сіңеді. Май, 
ішек 
эпителийлерінде, 
бауырда, 
май 
тіндеріңде, 
емшек 
бездерінде 
синтезделеді. Түзілген майдың нобайы май деполарыңда жиналады.
Адам майлы тамак ішуге кұмар болса, ягни майды тым көп жесе, 
тагамдағы май өзгерместен сол күйінде деполарға барып токтауы мүмкін. Бүл 
- ішектің адамга тэн майды синтездеу мүмкіншілігінің аз екенін дэлелдейді. 
Майдың сіңуін кезеген жүйке тездетеді, ал симпатикалык жүйке баяулатады. 
Көптеген эңдокриндік бездердің гормондары, эсіресе бүйрекусті бездің 
қыртысы, калканша без бен гипофиз гормондары, сондай-ак он екі елі ішек 
гормондары - секретин, панкреозимин май сіңуін жеңілдегеді.


Түз бен суд ын сіңуі
Адам бір тэулік ішінде тамақпен бірге 2 литрдей су ішеді. Оның біразы 
тагам құрамындағы су. Ішек-карын куысына 6-7 литрдей су ас қорыту 
солдерімен бірге келіп қүйылады. Ал, нәжіспен бірге сыртқа небары 100-150 
мл су шығады. Ас қорыту түтігінің қабырғасы аркылы канға жэне лимфаға 
тэулігіне 8-9 литрдей су сіңеді. Оның 2-4 литрі тоқ ішекте сіңеді. 
Мембраналардан, гипертониялык жэне гипотониялық химустан судың канға 
сіңуі градиент теңелгенше кідіреді, Сондықтан су изотониялық химустан 
тезірек сіңеді. Судың сіңуі иондардың, оның ішінде Na+ мен C l- иондарының 
активті тасымалдануына байланысты. Егер Na+ ионының тасымалдануын 
убаин затымен, қанттың өтуін флорицинмен тоқтатса, судың сіңу дәрежесі 
едэуір 
гөмендейді. Сонымен, судың сіңуі басқа заттардың сіңуіне 
байланысты.
Судың сіңуіне өт, аш ішек кабыргасындағы тотығу үрдістері, ішек 
химусының реакциясы (pH - 6,8 үдетеді, pH - 3,0 тоқтатады) эсер етеді.
Судың сіңуі шартты рефлекс әсерінен өзгеруі мүмкін. Кезеген жүйке 
судың сіңуін үдетеді. Әрбір гормон белгілі бір заттың сіңуін өзгерту арқылы 
судың сіңуіне эсер етеді. Мәселен, АКТГ натрий хлоридтерінің сіңуін үдетеді 
де, судың сіңуін тездетеді, ал тироксин глюкоза мен липидтердің сіңуін 
тездетеді, мұнымен бірге суды да сіңіреді. Түздар сол қалпында сіңбейді, ион 
күйінде мембраналардан өтеді. Na+, К+ иондары эпителиоциттің ішіне 
электрохимиялык градиентке байланысты селқос түрде өтеді жэне аш ішектс 
натрийдің өтуі кант пен амин кышқылдарының өтуіне байланысты. Ал 
эпителиоциттен Na+ ионы шыққанда энергия жұмсалады. К+-дің шыгуы Na+ 
ионының сіңуіне байланысты. Жасушааралық саңылаулардан иондар селқос 
түрде тасымалданады.
С1- анионының сіңуі Na+ нонының тасымалдануына байланысты 
болады. Сонымен эпителиоциттің апикальдық бетінсн электрохимиялык 
градиентке байланысты өтсе, базальдық жағынан энергия жүмсалып белсеңді 
түрде өтеді. Екі валентгі иондар өте баяу сіңеді. Са2+ ионы натрийден 50 есе 
баяу өтеді. Аниондар белсеңді жэне дәрітсіз түрде сіңеді, бірақ бүлардың 
сіңуі катиондардың мембранадан өтуіне тәуелді.
Түздардың сіңуі олардың организмдегі мөлшеріне байланысты. Демек, 
түз бен судың сіңуін жүйке мен қандагы гормондар реттейді.
Судың ішекте сіңуін кезеген жүйке, гормондардан - АКТГ, тироксин 
күшейтеді, ал гастроинтестинальдық гормондардан гастрин, секретин, 
панкреозимин баяулатады. Кальцийдің сіңуін паратгормон, натрий, калий 
иондарынын қандагы деңгейін бүйрекүсті безінің альдостерон гормоны 
реттейді.


АДАМ ФИШОЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет