Май алмасу
Көптеген ауру-сыркаулар, патологиялык үрдістер май алмасуының
бұзылуынан болады. Май жэне май тәрізді қосындылар
липидтер деп
аталады. Адам (жануар) денесі үшін май - негізгі энергия көзі. Ересек адамда
тэулігіне 70-100 г мал майы (тон май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1г
май готыкса, 9,3 кка.л (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондыктан да май көбінесе
энергия ретінде жүмсалады. Май жасуша протоплазмасыньщ ядросы мен
мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір
жерлеріне жиналған май біркатар ағзаларды (бүйрек, өкпе т.б.) ұрылу-
соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу өткізбейді) корғайды. Шелінде
майы қор болып жиналатын жануарлар (тюлень, кит т.т.) суықка шыдамды
келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, Ғ), түздар майға ілесіп денеге
тез сіңеді. Май - су қоры. Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланады.
Май денеге негізінен тагаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда
комірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте оттің қатысуымен
эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май
кышқылы мен глицсринге айналады. Май жэне баска липидтердін ыдырау
өнімдсрі негізінен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналган май тамшыларының
(диамезрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ак ішек кабырғасынан өте береді.
Моноглицерид май қышкылдары, өттің қатысуымен ішск эпителиіне өтеді.
Өт кұрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтер май қышқылдары
мен моноглицеридтерді қоршап, гидрофилдік кабық күрады, өте ұсақ
мицеллага айналады. Жеке мицелла ең ұсак эмульсия тамшысынан 106 есе
кіші. Мицеллалар судағы ерітінді күйінде жай, диффузия жолымен энергия
жұмсамай-ак, не пиноцитоз аркылы ішек эпителиіне өтеді. Мүнда мицелла
ыдырап, одан босап өт қышкылдары қанға сіңеді, оның 2,8-3,5 г бауыр
арқылы ішекке қайта оралып бір тэулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70-
100 г) майдыц сіңуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер
мен май кышқылдары, ондағы ретикулумдар (горлы кұрылымдар) аз уақыт
кідіреді де олардан адамга тэн майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок
молекулалары хиломикрон кұрып, эпителий түбіндегі мебранадан өтеді де
лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болган суда еритін
глицерин мен қүрамына
өзара қыска байланыскан көміртегі бар май
кышқылдары канға сіңеді де қакпа венасымен бірге бауырға өтеді.
Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тініндегі шелде қор болып
жиналады. Адам ұзак уакыт майдың бір түрімен коректенсе, осыдан
кордаланған майдың күрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге кокос
майын көбірек жесе, оның шелінде жиналған май, қүрамы мен қасиеті
жағынан кокос жаңғағы майына үқсайды.
Май энергия қоры ретінде жасушада да сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: