Адам физиологиясы


Жыныс гормондарының эсері. 1



Pdf көрінісі
бет111/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   373
Жыныс гормондарының эсері. 1. Денеде зат алмасуды, анаболизмдік 
(ассимиляция) 
үрдістерін 
күшейтеді, 
ягни 
курделі 
органикалык 
қосылыстардың түзілуін күшейтеді, бепок, соның ішінде ферменттердің де
157


жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі 
біркатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшыкеттері, бауыр, бүйрек салмағы 
артады.
Л - В
в-с
27-сурет .
М е н ст р у а ц и я л ы к ор ал ы м ( A -В ) ж э н е ж ү к т іл ік (В -С ) к е з е ң ін д е г і 
ан ал ы қ б е з ж э н е ж а ты р ды н ө зг е р іс т е р і.

э с т р о г е н д е р д ің кан дагы д е ң г е й і; 2 - п р о г е с т е р о н н ы ң қандағы д с ң г е й і;

3 - A -В о р а л ы м ы н д а і ы ф о л л и к у л а м ен сары д е н е ; 
*
4 - В -С ор ал ы м ы н д а гы ф о л л и к у л а м ен сары д е н е ;
5 - ж а т ы р ды ң ш ы ры ш ты қ абы ғы н дагы ө з г е р іс т е р .
Оң азот балансы пайда болады. Жас организмдердің бойының өсуін 
тезлетеді. Кальций мен фосфордың сүйекте жиналуына байланысты сүйек 
тінінің минералдануы күшейеді. Ферменттер саны мсн белсенділігінің артуы 
тотыгу-тотықсыздануды, негізгі алмасуды күшейтіп, осыдан бөлініп шыкқан 
энергия түрлі жасалу үрдістерге жүмсалады.
2. Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар 
тиісті жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май 
қабаттарының пайда болуы, қаңка дамуы т.б. үрдістерді қамтамасыз етеді.
3. Жүйке жүйесі мен жогары жүйке қызметіне эсер етеді, үрпақ 
жаңгырту жүйесініц барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамамасыз 
етеді. Сексуальдык (sexus-жыныс), ягни жыныстык көңіл-күйдің дамуы 
негізінен жыныс гормондарының қандагы деңгейімен анықталады. Бойдын 
өсуі, дененің қалыптасуы, тәртіппен өзін-өзі ұстауы, екінші жыныс 
белгілерінің пайда болып дамуы жыныс бездеріне байланысты екені ескі 
заманнан белгілі. Әртүрлі максаттармен жыныс бездерін сылып алып 
тастаганда (кастрация) пайда болатын өзгерістер жан-жақты зерттелінген. 
Ауыл шаруашылыгында майлы семіз ет, жүмысшы мал алу ушін кастрация 
жүргізілсді.


Орта гасырда кейде адамдарды да кастрациялаған. Мысалы, Шыгыс 
елдерінде гаремді күзететін ер адамдар мен жасоспірім еркек балалардьщ 
жыныс бездерін алып тастаган. Өткен гасырдың ортасына дейін Ватиканда 
жэне бірқатар Батые Европа елдерінде шіркеудің эн айтатын хорларына 
жіңішке биік дауысты өлең айтатын 5 тобы жыныс бездерін алып тастаган 
еркек балалардан тұрган. Өйткені оларда жінішке биік дауыс жыныс безін 
алып тастағаннан кейін ұзақ уақыт сақталады. Организмді "жасарту" 
мақсатымен жэне кәрілік ауруларын емдеу үийн, кейде гері астына жыныс 
бездерін тіккен немесе жыныс бездерінің сықпасын енгізген. Жыныс 
бездерінің кызметін зерттегенде көптеген багалы, қүнды мэлімегтер, эртүрлі 
тэжірибслср әдісі аркылы алынды. Мысалы, М.М. Завадовский жыныс безін 
алып тастаган тауыққа этештің ұрық жыныс бездерін тіккен. Бұдан соң 
тауықта әтештің екінші белгілері дами бастады. Атап айтқанда, оның айдары, 
құйрык қауырсындары өсіп, этештей шакыра бастады, сэйкес жыныс 
инстинкті пайда болды. Сөйтіи тауык этешке өге үксас болып өзгерді.
Жалпы физиологиялық эсерінен баска жыныс гормондарының арнайы 
эсері де бар. Ең алдымен бұл әйелдердің жыныс бездері гормондарымен 
тікелей байланысты, себебі олар эртүрлі жыныс кезеңдері уакытында да, 
жүктілік ксзеңінде де кең түрде эсер етеді, жүктілікте жыныс бездері 
гормондары "ана-плацснта-ұрық" компонснттер жүйесінің өзара күрделі 
қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Үрықтың іштегі даму кезеңінде оньң 
жыныстық ажыратылуына, жүктіліқтің қалыпты өтуіне эсер етеді. Содан 
кейін жыныс гормондары плаценталық Гормондармен бірлесе отырып, 
баланың тууына, сүттің пайда болып шыгуына, үрпақты сактаумен 
байланысты басқа да үрдістерге көмектеседі. Әстрогенді гормондар 
жүмыртка жолының, жатырдың, олардың шырышты қабатының өсуін жэне 
қанмен жақсы қамтамасыз етеді, эрі оларды ұрықтанган жұмыртқа 
жасушасын қабылдауға дайындайды. Сонымен катар, бүл гормондар сүт 
бездерінің дамып, өсуіне эсерін тигізеді. Сары дене гормоны - прогестерон 
жатырдың шырыщты қабатыныд одан эрі борпылдак күйге келуіне эсер стіп, 
оньң барлық құрылымдарын өсіреді, жатырдың түрлі тітіркендіргіштерге 
(әсіресе 
окситоцинге) 
қозуын 
төмендетеді. 
Прогестерон 
гипофиздің 
фоллитропин мен окситоцин бөлуін төмендетіп, лютропин жасалуын 
күшсйтеді. Ол жүмыртқа жынысында овуляцияны тежеп, сут безінің көлемін 
үлкейтеді. Пролактиннің түзілуін тежейді. Жануарларда жүктіліктің алғашқы 
кезеңінде сары денені алып тастаса, жүктілік үзіледі. Ал жүктіліктің екінші 
жартысында алып тастаса анык айта қаларлықтай эсері болмайды, жүктілік 
бір қалыпты өте береді. Бүл шаранада (плацента) бөлінетін, жыныс бездерінің 
негізгі гормондарына үқсас, гормондардың эсеріне байланысты.
Жыныс жұмыртқасының лютеин жасушаларында жүктілік кезеңінде 
релаксин деген гормон түзіледі, ол жатырдың туар алдында жамбас 
сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон эйел организмін бала тууға 
дайындайды.


Эпифиз (домалақ без)
Эпифиз жеткіліксіз эерттелген безге жатады. Төменгі сатыдағы 
жануарларда (кесіртке, сүйекті амфибия, қосмекенділер) эпифиз бастың тебе 
аймагында орналасқан. Оның үстінде тек жүқа дәнекер тінмен жабылган тесік 
болады. Қабылдагыштық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзі деп 
атайды.
Сүтқоректілердің эпифизі орта мидың жоталас (дорсалды) бөлімінде 
торт төмпешіктің жоғарғы аралыгындағы тереңдікте орналасқан, кейбіреулер 
оны мидың 3-ші карыншасының кабырта өсіндісі деп те атады. Бездің 
салмағы 100-180 мг. Бұл бездің барын ертеден білгенімен оның қызметі осы 
кезге дейін белгісіз болып отыр. Коне жэне орта гасырларда эпифизді "сана 
тізбегін" 
акыл-ойды 
бакылайтын 
қақпақ, 
интеллектініц тепе-теңдігін 
қамтамасыз етуші, адамның «жаны» орналасқан сауыт деп есегітеген.
Тәжірибе аркылы эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне катысы бар 
екені гана дәлелденіп отыр. Айталық, бала эпифизінің ісігінде уақытынан 
бұрын жыныстық жетілу (мысалы, 15 айлық кызда эпифиздің ісігіне 
байланысты 
етеккір 
келген) 
байқалады. 
Эпифизэктомиядан 
кейін 
жануарлардың аденогипофизі өсіп ерте жыныстык жетілу басталады. 
Эпифиздің жыныс бездсрінің қызметіне эсері, оның гормон бөлуімен 
байланысты.
Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді затгар - мелатонин, серотонин, 
адреналин, гистамин т.б. бөлетін анықталды. Олардың ішінде эсіресе 
мелатонин күшті эсер етеді (бұл зат коздің торлы кабатында да түзіледі).
Мелатониннің физиологиялык, әсері.
1. Меланоцит жасушаларының кызметін тежеп, бақаның терісін 
туссіздендіреді.
2. Гипофиз арқылы эсер етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді, яғни 
бүл гормон сүтқоректілер организмінің репродукция қызметіне эсер етеді. 
Жас жануарлардың жыныстык жетілуін, ал ересек ұргашы жануарлардың 
экстральдық күйлеу оралымын тежейді жэне жыныс безінің мөлшерін 
кішірейтеді. Энифиздегі мелантонин мен серотониннің мөлшері жарыкка 
байланысты. Күшті жарық сәулелері бұл гормондар мен гипофиздіц жыныс 
гормонының мөлшерін көбейтеді. Осыган байланысты жануарлар мен 
қүстардың жыныстық белсенділігі маусым бойынша озгереді, жазда және 
көктемде жедел күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет