Адам физиологиясы


 0 7 Жүрек қуыстарындагы қан қысымы



Pdf көрінісі
бет139/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   373
2 0 7


Жүрек қуыстарындагы қан қысымы
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни ссиып 
тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутына 65-80 рет согады.
Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен 
диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы (циклы) деп аталады. 
Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты. Айналым кезінде 
жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (решен) жиырылады. Жүрск 
жиырылған сэтте ондағы канның кысымы когеріледі. Жүрек қуыстарындағы 
кан қысымының өзгеруі белгілі бір заңдылыкка багынады. Осыган сәйкес 
какпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бүл айтылгандар қанның 
бір багытта агуын қамтамасыз етеді.
Жүректің эрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан тамыры 
аркылы резеңке түтіктіц (катетердің) бір үшын жүрек қуысына енгізеді де, 
екінші үшын қысым өлшейтін аспаппен жалғасгырады. Осы әдіспен іуңгыш 
рет жылқының жүрек қуыстарындагы қан қысымын Шаво мен Марей 
тәжірибе түрінде өлшеді. Тэжірибе былай жасалады. Жүрек жанындагы ірі 
артерия арқылы бір ұшына жұқа баллон бекітілген рсзсңкс түтік жүрсктіц он 
жақ қуысына енгізіледі де, оның сырттагы үшы Марсй капсуласымен 
жалғастырылады, сөйтіп жабық түтіктср жүйесі ауага толтырылады. Жүрск 
жиырылып, оның қуысындағы кысым арта бастаса түтік жүйесіндсгі ауа 
баллоннан капсулаға қарай ыгысып, оныц қаламын көтереді. Жүрек еті 
босаңсыған кезде қысым азаяды,' сондықтан ауа керісіншс, капсуладан 
баллонга өтеді де калам томен карай ыгысады, қысым молшері каламньщ 
қағазға түсірген сызығы арқылы анықталады.
1950 жылы хирургтер адам жүрегі куысындағы кысымды артерия 
арқылы жүрекке катетер енгізу әдісімен өлшеуге болатынын көрсетті.
Жүректің жиырылу оралымы
Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы (оралымы) 0,8-0,9 
секуңдке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым 
уақыты не үзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың 
ұзактығына байланысты, яғни жүрек согуы жиілесе, оның дем алысы 
(диастоласы) 
кыскарады. 
Систолаға қажет уақыт мөлшері 
кобінесе 
өзгермейді.
Жүрек оратымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан 
басталады. Он жүректе жиырылуы 0,01 секунд ертерек басталады. Өйткені 
онда жүректі қоздыратын синоатриалдык, түйін орналасқан. Қозу осы түйінде 
туады да, оң карыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүректелерде 
кан қысымы сынап б. б. 5-8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар 
диастолада 
болады, 
ал 
атриовентрикулярлық 
қақпакшалар 
ашық 
болғандықтан кан жүрекшеден қарыншага кұйылып түрады. Жүректе 
жиырылган сәтте оған қан жеткізетін всналардың өзсгі қысылып жабылып
208


қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайтпайды, 
венатарда қысым төмен болганмен де қан отпейді. Систоладан кейін жүрекше 
диастоласы және карынша систоласы бір мезгілде басталады. Қарынша 
систоласы 0,33 секунд созылады, ол ширығу жэне қан айдау (шыгару) 
кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширыгу - 0,08, кан айдау - 0,05 секунд 
созылады. Ширығудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундке созылатын 
асинхрондық жиырылу мен 0,03 секунд созылатын изометрлік жиырылу. 
Асинхрондық кезеңде карынша еттерінің бэрі бірден жиырылмайды. 
Жиырылу қозуга сәйкес ет талшықтар тобын біртіндеп қамтиды. Қарынша 
қуысында 
кысым 
онша өзгермейді, 
сондыктан 
атриовентрикулярлық 
қақпашалар ашык қалпында қалады.
Изометрлік кезеңде карынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірак 
оның қуыстары канға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет 
талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондыктан да бұл кезең изометрлік 
кезең деп аталган (грек, isos - бірдей, метр - өлшем). Мүнда ет 
талшыктарының қатаюына байланысты карыншалардағы қан қысымы 
біртіндеп көтеріледі. Жүрек қакпақшалары жабық қалпында қалады. 
Сондықтан кан кысымы котеріледі, ол карыншалардан шыгатын қолқа мен 
окпс сабауындағы кысымнан асып түскен соң айшық какпақшалар ашылып, 
ширыгу кезеңі кан айдау кезеңіне үласады. Ширыгудың изометрлік кезеңінде, 
сол қарыншада қан қысымы с.б.б. 70-80 мм-ге, оң карыншада 15-20 мм-ге 
жетеді. Оң қарыншалағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен 
болатыны, оның кабыргасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.'
Қарыншалар систоласының қан айдау кезеңі айшык кақпакшалардың 
ашылу мезгілінен басталады. Бұл тез жэне баяу қан айдау кезеңдеріне 
бөлінеді. Тез кан айдау кезеңі - 0,12, ал баяу қан айдау кезеңі- 0,13 секунд 
созылады. Қан айдау кезеңінде айшык какпақшалар ашылғаннан кейін 
қанның қарыншалардан қантамырларына шығуына мүмкіншілік туып, ет 
талшыктары жиырыпып капы кыскарады, сондыктан карыншадагы кан 
қысымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала бастатанда миоципер капы
жиырылғандықтан қысым одан эрі көтеріледі. Сол қарыншадағы қысым с.б.б. 
120-130 мм-ге дейін артады, ал оң қарыншада 25-30 мм-ге жетеді. Қан 
айдаудың баяу кезеңінде канның қарыншадан қолка мен өкпе артериясына 
өтуін камтамасыз ету үшін кантамырлары кысымынан көтеріліп келе жатқан 
карыншадагы қан қысымы жогары болуға тиіс. Осыған орай жүректің 
жиырылуы да күшейе түседі.
Қан айдау кезеңі аяқталысымен карынша диастоласы басталады, ол 0,47 
секундке созылады. Бұл 4 кезеннен тұрады: протодиастола, изометрлік 
босау, қанга толу, пресистолалық.
1. 
Протодиастола кезеңі карынша диастоласының алташкы l -ші сатысы, 
оның үзақтығы 0,04 секунд. Жүрек еггерінің бэрі бірдей бір мезгілде босай 
алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды. Соңдықтан карыншаларда .кан 
қысымы элі де болса жотары болғандыктан, ол біртіндеп төмендейді, айшык 
кақпақшалар ашылған күйінде қалады.
209


2. Изомстрлік босау кезеңінде (ұзақтыгы 0,08 секунд) айшык кақпақшалар 
жабылады да, ал жақгаулы кақнақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет 
талшықтары тұтас жэне бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында 
қысым азая бастайды. Бұл қысымның деңгейі жүрекшедегі қысымнан 
төмендеген сәтгс кос жақтаулы жоне үш жақтаулы кақпакшалар ашылады да, 
кан қарыншага қүйыла бастайды. Одан эрі үшінші кезең басталады.
3. Жүректің қанға голу кезеці - ең ұзақ - 0,25 секунд созылады. Бүл екі 
кезеңнен түрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға тез 
толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған 
калпында (диастола) қалады да әбден канға толып керіледі, ондагы қан 
қысымы каннан босаган қарыншадагы қысымнан едәуір артык келеді. 
Сондыктан қан жүрекшелерден лақылдап қатты агады. Бірақ келесі кезеңде 
карынша қанға тола бастасымен жүрекшедегі қанның қарыншаға ағуы 
баяулай бастайды. Қарыншалардың систоласы жэне диастоласы кезінде 
жүрекшелер диастола қалпында болгандықтан да оган уысты веналардың 
екеуінен де қан құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші 
кезеңінде жүректе де, қарынша да қанға толады. Екеуінің аралыгындагы 
қосжақтаулы жоне үш жақтаулы қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта 
келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанга толады.
4. Пресистола кезеңінде (ұзактыгы 0,1 с) жүрек оралымының жаңа кезеңі 
басталады, яғни жүрскшелер жиырылады да қарыншаға қосымша қан 
қүйылады. Жүрек минутына 60-90 рет соғады. Жүрек согуы сиресе 
(минутына 40-50 рет) брадикардия деп, ал жиілесе (минутына 160 рет) 
тахикардия деп аталады. Сыркаттанган кезде жүрек шектен тыс жиі согуы 
мүмкін. Минутына 400 рет сокса, оны лүпілдеу (трепетание) деп, ал 600-re 
жиілесе, оны жыбырлау (мерцание) деп агайды.
Жүрек оралымы кезеңдерінің үлгісі:
Жүрек оралымы - 0,8 с. болганда
систола (жиырылу) 
диастола (босаңсу)
жүрекше систоласы 0,1 с . 
жүрекше диастоласы 0,7с.
қарынша систоласы 0,33с. 
карынша диастоласы 0,47с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет