Адам физиологиясы


Үйкы безінен (гіанкреастан) сөл алу



Pdf көрінісі
бет207/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Үйкы безінен (гіанкреастан) сөл алу. 
Үйқы безінің сөл шыгару 
қызметін, оның кұрамын білу үшін иттің панкреас түтігіне фистула 
койылады. Он екі елі ішек қабырғасын үйқы безінің түтігі ашылған жерінен 
ромба тәрізді стіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімен бірге 
сыртка шыгарылады (И.П. Павлов, 1879). Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі
303


түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас қорыту үрдісі 
бұзылмайды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, ас қорыту 
кезінде үйқы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің құрамына, сөл 
шығару тэртібіне тигізетін әсерін зерттеуге болады. Адамның ұйқы безінен 
таза сөл алу өте қиын. Сондыктан адамға жіңішке зонд (резеңке түтік) 
жүтқызып, оны қарыннан он екі елі ішекке өткізіп одан сөл (газа болмаса да) 
жинауға болады. Әлбетте сөлдің қүрамында ас калдығы, от болады. Сөл 
шығаруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормондар қолданылады.
Үйкы безі сөлінін күрамы мен қызметі
Үйкы безінің сөлі түссіз, сілтілі (pH 7,8-8,4). Оның кұрамында 1%тей 
қүрғак зат болады. Ол негізінен белоктан түрады (0,5-1,0%). Реакциясы 
құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Етті тагаммен 
коректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмкін. Тэулігіне үйкы 
безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шыгады, ондай сөлден 10 грамдай белок 
жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады. Мүнда 
ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, 
химотрипсин, 
карбоксипептидазалар, 
эластаза 
(панкреас 
пептидаза), 
рибонуклеаза.
Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлініп шыққан 
трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі 
қүрамындағы әлгі ферменттер ішектің шырышты кабығында түзілетін 
энтерокиназа ферментімен эрекеттесуі шарт. 1893 ж. осы ферментті И.П. 
Павлов ішек сөлінен тауып, оны ферменттердің ферменті деп атады. 
Эитерокиназа трипсиноген 
ферментін 
трипсипге, 
ал 
трипсин 
басқа 
ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсингс айналдырады.
Трипсиноген мен химотрипсипогенді трипсин, химотрипсинге ай- 
налдыру үрдісін, ішск сөліне Са2+ ионын косу арқылы шапшандатуға 
болады. Трипсин мен химотрипсин белок атаулыны амин қышқылдары 
сатысына дейін ыдыратады. Бүл екі ферменгтің әсері жағынан бір-бірінен 
айырмашылығы - олар белок түзетін амин кышқылдарымен пептидтердің 
арасындағы эртүрлі байланыс тізбектерін бүзады жэне олардың ыдырату 
шапшандыгы біркелкі емес.
Ұйқы безі сөліпің құрамында күрделі пептидтерді ыдырататып 
карбоксипептидаза (А, 
В) 
жәнс эластаза ферменттері рибонуклеин қышқылын 
нуклеидтер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар. 
Бұлармен катар без сөлінде фосфолипидтерді, майларды, поли жэне 
дисахаридтерді ыдырататын ферменттер де аз смес. Майлы липаза май 
кышкылы мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Бірақ ол үшін алдымен 
майга от эсер етіп, оны эмульсияға айналдыруы шарт. Майдың эмульсияга 
айналуы дегеніміз - өттің әсерінен майдың диаметрі 2-3 мкм-дей май 
тамшыларына бөлінуі. Осы тамшыларга липаза ферменті өтпен бірге, Са2+ 
иондарының қатысуымен эсер етеді де, оларды май қышқылдары мен
304


глицерин сатысына дейін ыдыратады. Көмірсуларға эсер ететіп а-аминаза 
ферменгі полисахаридтерді (гликоген мен крахмалды) дисахаридтерге дейін, 
мальтаза мен лактаза ферменгтері аттас дисахаридтерді моносахаридтерге 
дейін ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет