АДА М ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Айырша безден басқа лимфоидтык ағзаларда "пісіп" жетілетін В-
лимфоциттердің көптеген антитэндер түзетін плазмалық жасушаларға ауысуы
да осы Т - лимфоциттердің қагысуымен өтеді.
Сонымен қорғаныс, бейімделу сияқты иммундық қасиеттер қалып-
тастыруда гипофиз, бүйрекүсті без жүйесімен катар, айырша без де үлкен
орын алады.
Француз химиктері айырша безден бөліп алынған гормон (1 0 амин
қышқылынан тұратын пептид) туралы накты деректер жариялады. Бүл
гормон денеге енгізілісімен адамға (жануарға) белгілі бір багы па
биологиялық эсер етеді екен. Клиницист ғалымдар мынаны байқады. Тіндері
шектен тыс ұлгайып, айырша без тым үлкейіп кетсс, адам кейде ерекше дерт -
миастенияга (бұлшыкеттін әлсіздігінің үдеуіне байланысты адамның жүре
алмай калуы) душар болады. Бұл патология холинэстсразаның шектен тыс
көп шыгып, козуды жүйке жүйесінен ет тінінс өткізетін ацетипхопиннің
жедел ыдырауынан туатын қасірет. Осыган орай ет-жүйке түйіснелерінде
деполяризация әдеттегіден едэуір ауытқиды. Status thymicolymphaticus
кезінде болмашы сыркаттанған адамға наркоз беруге тура келсе, ол кабылдай
сала кенетген өліп кетуі мүмкін. Көбінесе бұл холинэстераза белсенділігінің
төмендеуіне байланысты ацетилхолиндік шок тууыпап болады.
Сонымен айырша без өсу үрдісіне қатысады, лимфоцит (Т-лимфоцит)
түзілуін үдетіп, антитән қалыптасуын жеделдетеді. Демек, ол денеде
иммундык биологиялык корганыс эсерленістерін тудыруда үлкен роль
аткарады. Мұнымен катар жыныс бездері қызметін тежейді, яғни адамның*
жынысын жетілдіру үрдісіне ықпал етеді. Айырша без сыгындысы - тимозин:
а) лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады;
э) горман бөлініп шығуы үдетеді;
б) иммундык кабілеті бар лимфоциттер (Т-лимфоциттср) түзілуіне
септігің тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |