Организмнің күрылымы мен қызметі.
Цитофизиология
Организм (ағзатүр) - қоршаған ортамен үнемі өзара эрекеттесіп, өз
тіршілігін қамтамасыз ететін және өздігінен реттелетін біртұтас жүйе.
Организмнің бірнеше ерекшеліктері бар.
1. Өздігінен ұйымдастыру аркылы жеке тіршілігін сақтау қабілеті
болады. Біріншіден, кайта жаңару касиетінің болуы. Оның бұл қасиеті
коршаған ортамен үздіксіз зат, қуат жэне ақпарат алмасуы арқылы
атқарылады. Екіншіден, тіршіліктік жүйенің өзін реттеу қабілетінің болуы.
Бұл организмнің күрделі құрылымдарыныц арасында ақпараттың өзара
байланысына негізделген. Олар тұрактаушы, тежеуші, демеуші түрінде
болады. Үшіншіден биологиялық жүйенің өздігінен қайта қалыптасуы
қабілеттің болуы. Ол қайға жаңгыру (регенерация), өтеміс (компенсация),
бейімделіс (адаптация) қасиеттері түрінде атқарылады.
2. Өздігінен даму қабілеті. Мұны жас кезендерінде, өсу мен дамудың
тектік (генетикалык) багдарламага сәйкестігінен байкауға болады.
3. Өздігінен өрбу қабілеті. Биологиялық жүйенің бүл қасиегін түрді
сактау үшін тектік ақпаратты үрпаққа мүра ретінде жалгастыруы көрсетеді.
Организм молекулалық, жасушаға дейінгі (органоидтық), жасушалық,
ағзалық, олардың жүйелері,организмдік, қауымдастық деңгейлерде тіршілік
жасайды . Организмнің ең қарапайым негізгі кұрылымдық және тірліктік
бірлігі - жасуша. Ересек адамның денесінде жасушаның 200-ден астам түрі
кездеседі. Олардың пішіні, қүрылысы, химиялық қүрамы жэне зат алмасу
сипатына байланысты айырмашылықтары болады. Мұны цитология ғылымы
зерттейді.
Оның
цитормофология,
цитохимия,
цитогенетика
жэне
цитофизиология салалары болады. Цитофизиология жасушалардың тірлігін,
олардың физиологиялық заңдылықтарын (гетіктерін) жэне биофизикалық
негіздерін зерттейді. Жасуша деңгейіндегі өтетін химиялық құбылыстарды
биохимия ғылымы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |