Қозғыштық кезеңдері
Тіннің козкыштағы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Алдымен
қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп әдеттегі қалпына келеді де,
жоғарылап барып, қайта төмендеп. қозу үрдісі аяқталарда бұрыңғы
тыныштық кезіндегі қалпына келеді.
Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдыраи төмендеп,
қанщама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап
бермей қояды. Бүл мезгіл обсолюттік рефрактерлік кезең (нагыз қасарысу)
деп аталады.
Абсолюттік рефрактерлік кезеғінің ұзақтыгы жүйке талшығында-1-2 мс
болса, ет талшыктарында 4-5 мм, ал ет-жүйке байланысында (түйіспеде) 8-10
мс. Қозғыш кұрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады. Бүл
кезең аяқтылысымен қозғыштық қасиет қайта пайда біртіндеп эдетті қалпына
келеді. Былайша айтқанда тін козғыштыгы біраз уақыт әдеттігі (қозбой
тұрғандығы) қалпынан төмен болады. Осы коғыштың төмен уақыты
салыстырмалы рефрактерлік (иіаманы қасарысу) кезең деп аталады. Бұл
кезеңце тітіркендірудің ең аз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере
алмайды. Жауап эсерленісі туу үшін тітіркендіргіштің ең аз мөлшері қозу
табалдарығына жауап бере алмайды. Жауап әсерленісі туу кезең аяқталарда
қозғыштык қасиет жоғарылан, біраз уақыт эдеттегіден басымырак болады.
Қозу қасиетінің осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді. Мүнда
тітіркнедіру қозу табалдырығынан төмен болса да тін оған жауап бере алады.
Бұл кезең өткен соң қозгыштык қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі
тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштың осылайша қалыптан
төмендейтін кезі субнормалды кезең деп аталады. Сонымен эрбір қозу үрдісі
мезгілінде қозгыштық қасиеті бұлшықеттің аталған кезеңдері бірінен соң бірі
қайталанып отырады. Қозғыштыц аталған кезеңдерін қисык сызықпен
көрсетуге болады (5-сурет). Қозғыштық кезеңдерінің ұзақтығы әр тінде
эртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |